Мені күйге түсіретін дәрменсіз
Юрий Домбровскийдің өлеңі
Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.
Мені күйге түсіретін дәрменсіз
Кім әлде, не? Сырқатым да белгісіз.
Іште біреу жүретіндей, кеудем сыз.
Ары… Бері… Адам айтса сенгісіз.
Бір сағыныш меңдеп алған кеудемді.
Құдды біреу жүрген сынды ішімде.
Бірақ ол не? Құдай ма әлде, пендең… Кім?
Ібіліс пе? Ие қандай пішінге?
Бәлкім, бұл — «мен»… Өзгешелеу жаратқан…
Мен шығармын, басқа бәлкім түсімде,
Сандырақтап, сәл есінен адасқан…
Тамырдағы лейкоциттер ішінде.
Шіркеулердің күмбезінде ілініп,
Мүсін Құдай салбырап тұр… Тұр үнсіз...
Ал ішімде әлдебіреу жүгіріп,
Аралап жүр шартарапты тынымсыз.
Юрий Домбровский (1909-1978) – совет жазушысы, ақын, археолог. Ұзақ жыл Алматыда айдауда болған. Осы қала жөнінде керемет ода жазған.