Рабиндранат Тагор

Рабиндранат Тагор/Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Жалғыздық? Мәні оның неде? Жылдар өтуде,
Елсіз жерге беттедің, өзің білмей қайда, неге?
Бұлтты қуып срабон айы орман үстімен,
Түн жүрегі кесілді найзағайдың сермеуімен,
Естимін: Варунидың толқуын, ағысы түнде зымырайды.
Жаным айтады маған: мүмкін емес нәрсе іске аспайды.

Ойға шомып мен бір жаққа кезіп барам.
Жолымда бір үй бар. Терезелері нұр шашқан.
Естимін ситар үнін, қара әуенменен егілген
Бұл менің әнім, ыстық жасым төгілген,
Бұл менің даңқым, мұңым, сыртқа шығып тарайды.
Бірақ айтады жаным: мүмкін емес нәрсе іске аспайды.

Рабиндранат Тагор (1861–1941) — үнді жазушысы, ақын, сазгер, Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы еуропалық емес тұңғыш иегері.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы