Қорыққан нимфаның саны
Сuisse de nymphe effrayée
Сәнді түстердің көптеген атаулары батыл және өрескелдеу болды, бірақ дәл осы «өте солғын қызғылт-қоңырқай» түстің еншісіне ең атақты атаулардың біреуі тиді, тіпті Лев Толстой сияқты, сән мен киім-кешек әлемінен өте алыс айбарлы жауынгер де князь Ипполит киген шалбардың түсінің дәл осындай болғанын айтудан бас тарта алмады, сол арқылы осы кейіпкердің тәлімсуі мен күлкілілігін атап көрсетті. Әйтсе де, дәл осындай матаның Ресейде император Павел тұсында әскери киімнің кейбір түрлерінің астарына пайдаланылғанын ұмытпау керек, сондықтан қорыққан нимфа өзінің сандарымен Толстойға дейін-ақ әскери фольклорға мықтап енген болатын. Айтпақшы, әйелдердің тәуір деген журналдарында бұл түс әйгілі маркизаның құрметіне «помпадур» деп аталатын.
Бүгінде дизайнерлер қабылдаған он алтылық код бойынша бұл реңк faf0e6 деп аталады.