Флоренция тираны
1911 жылы Алматыда қандай кино көрген?
Qalam 20 ғасырда шыққан газет беттерінде басылған материалдарды зерттеуін жалғастырып, бір ғасыр бұрынғы Қазақстанның тұрмыс тіршілігінің көрінісі қандай болғанын көрсетеді. Бүгін сіздерді Верный тұрғындары қала тарихындағы ең алғашқы кинотеатрда не көргенімен таныстырамыз.
1911 жылдың басында Верныйда (Алматы) күшті жер сілкініп, қала қалпына келіп, халық ес жия бастағанда А.Р.Сейфуллин деген кәсіпкер кісі «20 ғасыр» деген алғашқы жекеменшік кинотеатрын ашқан. Электртеатр қазіргі Пушкин мен Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан. Алайда ғұмыры қысқа болып, 1918 жылы өртеніп кеткен.
Сеанс кестесі «Семиреченские Областные Ведомости» газетінің арнайы бөлімінде жарияланды. Газеттің 1911 жылғы 49-санында жарияланған плакат:
«20 ҒАСЫР» ЭЛЕКТРО-ТЕАТРЫ
А. Р. Сейфуллин. Театр үшін арнайы салынған өз ғимаратында. Үлкен зал! Жап-жарық, кең бөлме!
Халыққа ыңғайлы болу үшін сәнді фойе бар, үзіліс кезінде және шоу басталғанға дейін әдемі арияларды, опералардан, оперетталардан мотивтерді және т.б. орындайтын музыкалық автомат («симофониум») ойнайды.
1911 жылы 2, 3 және 4-наурызы.
Жаңа, ауқымды бағдарлама болады.
3 үлкен бөлімнен тұрады.
I бөлім. Образцовое молочное хозяйство в Швеции. Пороги реки Адды. (Өмірден алынған керемет картина), Белый Негр (Веселый фарс).
II бөлім. Фридолин (Шиллердің балладасы бойынша), Страдающий Бессонницей (Комедия).
III бөлім. Лимфиорд в Дании. Тиран Флоренции (Қызық мелодрама) Робин на городской службе (Комедия).
Сеанстар күн сайын сағат 5 жарымда, ал жексенбі және мереке күндері 2-де басталады.
Бағдарламалар туралы толығырақ.
Қайырымдылық жарнасын қосқанда, орындардың бағасы: ложа мен персонаға 3 сом 50 тиын; 1-қатар – 50 тиын; 2-қатар – 40 тиын; 3-қатар – 30 тиын; 4-қатар – 20 тиын.
Белгіленген нысандағы балалар мен оқушылар барлық орындар үшін [бағаның] жартысын төлейді. Төменгі дәрежелер тек орындықтардың бірінші қатарында –15 тиын. Ложаға кіру-есіктері бөлек».
Дирекция».
Фильм, әрине, дыбыссыз болды. Саундтректі сахнаның артында орналасқан рояльмен сүйемелдеген, ал үзіліс кезінде көрермендердің көңілін «Симфониум»i
1870 жылдан бастап Верныйда аптасына бір рет, 1884–1918 жылдары аптасына екі рет шығатын «Семиреченские Областные Ведомости» газеті өлкенің негізгі басылымы болды. Газетте елдегі және әлемдегі жаңалықтарды, жергілікті оқиғаларды, қылмыс хроникаларын, хабарландырулар мен жарнамалар жарияланған қос тілді басылым болды. Газеттің қазақша нұсқасы мазмұны жағынан өзгеше «Туған бөлім» деп аталды. 20 ғасырдың басында газеттің бас редакторы чех Франц Крачмер болды. 1918 жылы наурызда оның орнына бұл қызметке Рудольф Маречек келді. Крачмер 1924 жылы 24 қазанда тұтқындалды, бірақ сол жылы 4 желтоқсанда қылмыстың дәлелі болмағандықтан ақталып шыққан.