Қазақстанның қай өңірінен жылқы алған дұрыс?

1895 жылғы маркетиңдік анализ

Қазақтар. 19 ғасыр/Alamy

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін үзінділерді ұсынады.

Алдымен Мәскеу Русі, содан кейін Ресей империясы қазақтың жылқы тұқымын көптеп сатып алды. Бұл жеке және мемлекеттік деңгейде де болды. Осылайша 1895 жылы Вятка губерниясының орыс шаруаларының қажеттіліктері үшін қазақ жылқыларын сатып алуы туралы толық есеп пайда болды. Бұл туралы «Дала уәлаяты газетінде» мынадай мақала жарық көрді:

Вятка губерниясындағы қазақ жылқысы

Былтыр Вятка земствосының өкілдері Ақмола облысынан 529 жылқы сатып алды, оның 220-сы Атбасар уезінде, ал 309-ы Ақмола уезінен алынды. Бұл жылқылар Вятка губерниясындағы шаруаларға сату үшін сатып алынған болатын. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша есеп қолымызға түсті.

Ауыл шаруашылық жұмыстарына қолайлы, бірақ арзан жылқыларды сатып алу мақсатында земство өкілдері ұзақ ойланғаннан кейін, Ақмола облысын таңдады. Атбасар жылқысы орта есеппен 27 рубль 85 тиынға, ал Ақмола жылқысы 25 рубль 83 тиынға сатып алынды. Әр жылқының орташа бағасы 26 рубль 67 тиынды құрады. Жылқы басына кететін қосымша шығындар 7 рубль 89 тиын болды. Осылайша, Вятка земствосына әр жылқы жеткізілгенде 34 рубль 66 тиынға түсті. Жиналған табын алдымен Троицк арқылы Елабугаға жеткізіліп, содан кейін жылқылар уездер бойынша таратылды.

Қысқа уақыт ішінде барлық жылқы шаруаларға қолма-қол төлем немесе бөліп төлеу арқылы сатылып кетті. Мәліметтерге сәйкес, әр жылқы орташа есеппен 36 рубль 94 тиыннан сатылып, земство 1777 рубль 57 тиын пайда тапты. Сатып алушылардың басым көпшілігі жылқылар туралы жақсы пікір айтты, ал кейбір земство басқармалары жылқының тез арада арбаға жегіліп, жұмысқа, сондай-ақ шөп пен сабан сияқты жемге үйренетінін, бірақ сұлы мен арпаға бейімделуі қиындау екенін айтқан.

Осы алғашқы сәтті тәжірибеге сүйене отырып, Вятка губерниялық земство басқармасы биыл Ақмола облысынан 1500 жылқы сатып алуды жоспарлап отыр, былтырғы тәжірибені пайдаланып, қосымша шығындардың орнын толтыруға үміттенеді. Бұл фактілер біздің бірнеше рет айтқан болжамдарымызды растайды: қазақ жылқысы ауыл шаруашылығы мен басқа да ауыр жұмыстарға өте қолайлы бола отырып, тек жақын маңдағы емес, сонымен қатар Ресейдің алыс губернияларында да сұранысқа ие болды.

«Дала уәлаятының газеті»/ашық дереккөзден

«Дала уәлаятының газеті»/ашық дереккөзден

Сіз қалай ойлайсыз, бұл қымбат па, әлде арзан ба? Сол кездегі бағаны қазіргі заманмен есептеп көрейік: бұны білу үшін сол уақытта 1 рубльге қанша күміс сатып алуға болатынын анықтасақ жеткіліктіi1895 жылдың көктеміне дейін Ресей империясында рубль күмістен құйылған, ал алтын стандартқа Ресей тек 1897 жылы көшеді. 1 рубль шамамен 18 грамм таза күміске тең болған. Осылайша қазақ жылқысының орташа бағасы 612 грамм күміс болған. Бүгінде Қазақстандағы биржада күмістің бір граммы 505 теңге тұрады. Демек 1895 жылы көтерме бағамен бір жылқыны алу үшін шамамен 309, 060 теңге төлеген.

«Дала уәлаятының газеті»/ашық дереккөзден

«Дала уәлаятының газеті»/ашық дереккөзден

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы