Революцияға дейінгі алматыдағы сәуегейлер тартысы
Графолог Одемарды әшкерелеу
Qalam 19–20 ғасырда газет беттерінде басылған материалдарды зерттеуін жалғастырып, бір ғасыр бұрынғы Қазақстанның тұрмыс тіршілігінің көрінісі қандай болғанын көрсетеді. Бүгін Алматы қаласында «жалған сәуегейлік» тамыр жайып, қалай дамығаны туралы айтамыз.
Қай заманда болмасын көріпкелдер мен сәуегейлер танымал әрі сұранысқа ие болған кейіпкерлер еді. Бірақ ғылым мен техника дамыған заманда олардың көпшілігі сиқырлы қасиетіне ғылымды араластыра бастады. Мысалы, 19 ғасырдың екінші жартысында графологтар клиенттерге олардың жазуына қарап ерекшеліктерін анықтап қана қоймай, болашағын болжауды ұсынып, біраз атақ жинады. Сонымен 1911 жылы осындай бір «маман» Алматыға жетіп, уақытты босқа өткізбей жергілікті «Семиреченские областные ведомости» газетіне мынадай хабарлама береді:
«Үндістанға жол-жөнекей. Әйгілі графолог В.И.Одемар. Ғылыми тұрғыда адамның жазуы мен қолына қарап, оның мінезін, өткен өмірі мен болашағын анықтайды. Күн сайын, күндіз: таңғы 9-дан түскі 2-ге дейін, кешке: 4-тен 7-ге дейін қабылдайды. Мекенжайы: Алматы қ., Грязновтың үйі, №2 пәтер, бөлек кіреберіс есік».
Графоман Одемардың қызметі жергілікті халыққа жат болды ма, әлде оның өсіп келе жатқан танымалдылығы жергілікті нарықтағы әріптестерін үрейлендірді ме, әйтеуір газеттің келесі санында «ХИРОМАНТ ЕМЕС» деген лақап атпен хат жазған жанашыр оқырманның хатын жариялады:
«Ауа-райына немесе ас қорытуына байланысты көңіл-күйі жиі өзгеретін Одемар мырза тіпті бір адам үшін әртүрлі болжам айтады (әрине, әртүрлі күндерде). Одемар тіпті бір адамға бірнеше өлетін уақытты болжайды, қалтасына түскен күміс теңгеге байланысты, бүгін өмірге біраз жыл қосып берсе, кейде ажалыңды жақындатып қояды.»
Одемардың өзіне бұл хат қатты әсер еткен сияқты, газеттің №57 санында ол өзінің қаскүнеміне жеке хатпен жауап беріп, белгілі бір ұлы «ғалым-графолог» Паппюсты11Жерар Анаклет Венсан Анкосс француз оккультисті, сиқыр, каббала және Таро картасы жүйесі туралы кітаптардың авторы, Папюс лақап атымен танымал мысалға келтіріп, «Хиромант емес» деген адамның айтуынша жергілікті мистицизмды жақсы көретіндерге өзінің қойылымдарында екі апта бойы «бөтелкеде» отыру қабілетімен көрермендерді қуантқан адам ретінде бұрыннан таныс еді.
Одан кейін Одемарды Алматыда ешкім көрмеді.
Алматыда 1870 жылдан бастап аптасына бір рет, 1884–1918 жылдары аптасына екі рет шығатын «Семиреченские Областные Ведомости» газеті өлкенің негізгі басылымы болды. Газетте елдегі және әлемдегі жаңалықтарды, жергілікті оқиғаларды, қылмыс хроникаларын, хабарландырулар мен жарнамалар жарияланған қос тілді басылым болды. Газеттің қазақша нұсқасы мазмұны жағынан өзгеше «Туған бөлім» деп аталды.