Чеслав Милош
Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.
Құр дайындық деп ойладым, бұның бәрі,
Жан тапсыруды үйрену үшін-ақ ақыры.
Таңдар, ымырттар, шөпті төсеп, үйеңкінің саясында
Жалаңбұт Лаура, қалды ұйықтап таңқурайдың аясында,
Бақытты Филон, шомылып жүргенде, бұлақта.
Таңсәрілер мен жылдар. Шарап ұрттанған бокалдар,
Лаура, теңіз, жер мен топарал
Бізді жетелейді, деп сендім мен, бір мақсатқа.
Қызмет ету керек екен-ау сол мақсатқа.
Алайда, көшемдегі сал адам,
Креслосымен бірге жылжытылған
Көлеңкеден күнге, күннен көлеңкеге.
Мысыққа, жапыраққа, жылтырақ автоларға көз тігеді,
«Beau temps, beau temps» деп қайталай сөз төгеді.
Иә, күмәнсіз, дәуреніміз тамаша, ғажайып
«Дәурен» сөзі мұнда қаншалықты ылайық.
Чеслав Милош (1911–2004 ж.) — поляк ақыны, Нобель сыйлығының иегері.