Сент-Люсияның бас ақыны

Махаббаттан кейінгі махаббат туралы жырлайды

Дерек Уолкотт/Qalam редакциясы

Бұл сәттің келетіні сөзсіз,

Сен өзіңді табалдырықта,

Айнадан көргендей болып,

Қуанышың қойныңа сыймай таңырқайсың,

Екеуің де жылы жымиып:

«Отыр, дәм ауыз ти» дейсіңдер.

 

Сол бейтанысқа қайта боласың ғашық,

Шарап пен нанды бөлісіп жеп,

Өз жүрегіңді, өзіңе қайтарып бересің,

Қайтарып бересің,

Сені мәңгі сүйетін бейтанысқа,

 

Өзгеге жүрегің байланып,

Өзің елемеген жанға қайтарып бересің.

Кітап сөресінен ғашықтық хаттарыңды,

Фотографиялар мен жаныңды езетін

Жазбаларды да таста,

Айнаданы бейнені өшір,

Отыр да өміріңе шаттан, тойла!

Дерек Уолкотт (1930–2017) — әлемдегі ең танымал тринидад ақыны, кейіннен АҚШ-қа көшіп барған, 1992 жылы берілген Нобель сыйлығының лауреаты.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы