Шер көңіл шведтердің өмірге көзқарасы…
Жадау наразылық, сөзсіз бойсұну
Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.
Мені зәкірдей сүйрейді ғалам түбімен.
Қажетсіз заттың бәрі тұрып қалуда.
Жадау наразылық, алаулаған бойсұнушылық.
Даршылар тас жинауда. Құдай құмға жазуда.
Тым-тырыс бөлмелер,
Ай сәулесіндегі жиһаздар әзір ұшуға.
Мен жайлап өз-өзіме келе жатам
Бос сауыт-сайман орман арасымен.iPostludum-дан
Томас Транстремер (1931–2015) — көрнекті швед ақыны, Нобель сыйлығын «қысқа күңгірт бейнелер» үшін иеленген.