Пьеғ де Ғонсағ

Білсең, басқаменен…

Пьер де Ронсар/Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Білсең, басқаменен сүйіктіңнің болғанын,

Ызаңды бас, ашуыңды доғар ақылменен.

Жан досыңды ылғи кешіресің сабырменен,

Тіл тигізіп, аңдаусыздан долданғанын.

Ажыра біл үлкені мен кішісін күнәнің,

Таңғалдырмас ешкім бірлі-жарым айыбымен,

Әсіресе ашынаңа берілсе сұлулық артығымен  

Опық жесе — тіпті айтарлығы жоқ кінәнің!

Арлы, абыройлы санадым оны десең,

Цинтияның мысалы үлгі болар білсең.

Қалмады аман Проперций де алданбаудан,

Тапса да одан абыройдың, адалдықтың белгілерін.

Сол үшін ашуды тый. Олардан артық қай жерлерің — 

— Проперцийден, Катулл менен Тибулдардан.

Пьер Ронсар (1524–1585) — ақын және француз өлең шығарудың ірі реформаторы, «Плеяда» (Саңлақтар тобы) мектебінің басшысы, патша I Францисктің пажы болып қызмет етті.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы