Сен тым асығасың…
Француз сюрреалисінің ақылы
Сен жазуға тым асығасың
Өмірден құр қалатындай құдды
Солай болса, онда тамырыңа орал
Тездет
Тездет және мынаны айт
Өзіңе тиесілі
Ғажайып
Сендегі ізгілік пен қарсылық
Сен шын мәнінде өмірге ілесе алмауың мүмкін
Айтсаң сөзің жетпейтін өмірге
Оған сен сөзсіз кірігіп кетуге келісесің
Онда күнделікті
Жаратылыс пен заттар бетіңді қайтарады
Ондағы қиян-кескі күресте сен анда-санда
Өзіңе тиесіліні жұлып алып жатасың
Ал оның сыртында тек сөгілген дүние ғана бар
Егер сен еңбек үстінде өлімге тап болсаң
Онда сен де
Терлеп тұрған желке
Салқын орамалды қалай қабылдаса
Солай қабылда
Рене Шар (1907–1988) — шығармашылығын сюрриеализмнен бастаған, Қарсыластықтың қатысушысы, Мартин Хайдеггердің досы және Құрмет легионының орденін алған француз ақыны.