Уақыт
Оның қолындағы соңғы шырпының жалыны

Акжан Аманжол/ Qalam редакциясы
Оның қолындағы соңғы шырпының жалыны
бүкіл әлемді жылыта алар еді.
Бірақ
оның ескі суреттерді өртеп жібергісі келді.
Оның қолындағы соңғы шырпының жалыны
бүкіл әлемді жылыта алар еді.
Бірақ
ол шылым тұтатты.
Ол қолындағы соңғы шырпыны
Күнге ұқсатқысы келді.
Бірақ
шырпы сөніп қалды.
Ақжан Аманжол — 2001 жылы 31 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Ақын. Псевдонимі — Aiqyzy. «Qoltañba» поэтикалық бірлестігінің жетекшісі.