Ізгілік қағидаттары қалай жұмыс істейді?
Атағы жер жарған феминист әйелдің нұсқасы
Қара нәсілділер мен қараторы қоғам мүшелеріне, әскерилердің мигранттарға және мемлекеттің диссиденттерге жасаған зорлығын жиі ақтап алатын фантасмагориялық күйретуші жүйеге қарсы түру үшін бәріміздің тағдырымыз бір-бірімізге байланған деген соны бір қиялдан туған түсінік қажет. Осы бір қиялдан туған түсініктің күші — оның «шынайы емес» бейнесінен туындайды. Бәрі кесіліп-пішілген ынтымақтастық аясында тоқайласу үшін бір-бірімізді жақсы көрудің қажеті жоқ. Біз кез келген уақытта алшақтап кете аламыз, сондықтан қолдан келгенше бірге болуға күш салуымыз керек. Тек сол жағдайда ғана өзгенің өмір сүруін қалау ізгілікке айналып: «Сен кеткен соң, артыңнан жоқтап жылауға лайықтысың, сенің орынсыз өлімің маған азап шектіреді және өмір сүргеніңді, өмірге деген ынтаңның артқанын қалаймын, сондықтан менің қалауымды, өз қалауыңдай көр, өйткені сенің арманың — менің арманыма айналып кеткені қашан» деп айту арқылы ғана сынып-мінеуші қоғамда келбетімізді сақтап қала аламыз.
Джудит Батлер (1956 жылы дүниеге келген) — америкалық феминист-постструктуралист, философ, гендерлік теорияның көрнекті өкілдерінің бірі.