Кодзин Каратани

Саяхаттың пайдасыздығы туралы

Кодзин Каратани 2022 жылғы философия және мәдениет саласындағы Берггрюн сыйлығымен марапатталды /Кодзин Каратани рұқсатымен

Мен отыз жасқа дейін Жапония шегарасынан аттап басқан емеспін. Саяхат пен транслокацияның іс жүзінде жүзеге асумен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Мен әлемнің түкпір-түкпірін кезіп, саяхаттан бір қол үзбейтін адамдарды білемін, алайда бұл тәжірибе оларға ашылуға еш көмектеспейді. Олар бәріне өздерінде бар дағдылы қағидаларына сүйеніп қана баға беруге әзір. Леви-Стросс «Мен зерттеушілерді жек көремін» деп жазған еді. Зерттеушілерге қозғалыс ұнайды, бірақ бұл оларға саналы түсінік әкелмейді. Асылында мен саяхаттағанды жек көремін. Мені көрнекі ғимараттар еш қызықтырмайды. Қайда ат басын бұрсам да, менің сүйікті ісім — дәмханада отыру, оқу және жазу.

Кодзин Каратани (1941 жылы туған) — жапондық марксист-философ және әдебиет сыншысы, Жапониядағы жетекші заманауи ойшылдардың бірі.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы