Саяхаттың шегіне жеткен түрі қандай болады?
Калабриялық философ былай дейді...
«Келген жеріңе орналасу — саяхат заңына кереғар… Бірақ осы орналасу кезіндегі шытырман жағдай саяхаттың шытырман оқиғасынан маңызы кем емес. Ал тұрақтап қалу — саяхаттың шегіне жеткен түрі».
Вито Тети — ностальгия мен өз жерін сезіну туралы жазатын заманауи италиялық философ және антрополог.