Зая болған өмірдің мәні

Бұл сұраққа моңғол философының иті жауап береді

Моңғолиядағы будда ғибадатханасының ішкі безендірілуі/Getty Images

Бірде Цэрэнпил деген орыстұқымды иттің күшігі көшеде қаңғырып жүріп-жүріп, үйге қарай шаба жөнелді. Мен оны тоқтатып алып: «Әй, сен өзің үй-жайға, дүние-мүлікке бір қарайын демейсің, әр жерде бір сүмеңдеп, қаңғыру екен баққаның!», – деп айғайға бастым.

Сонда ол ақылды кейіп танытып, қарлыққан ызалы үнмен былай деді: «Һа! Қызық іздеп көше кезген күшіктің пайда көздеген монахтан қай жері кем?».

Мен болсам оған: «Астам сөйлеме! – дедім. – Қабаған үлкен иттер талап кетсе қайтесің?».

Күшік: «Таласа, талай берсін! Мен итпін ғой. Ит денесі табылмайтын зат емес. Сен болсаң адамсың, сөйте тұра өзіңнің баға жетпес құнды тәніңді түкке тұрғысыз істерге салып тоздырасың. Мұның қасында мен денемді ойынға ғана пайдаланам ғой. Бұл қалай сонда?».

Агван Хайдав (1779–1838) 19 ғасырда өмір сүрген моңғолдың дін қайраткері, философ әрі жазушы, 20 ғасырдың басында жүзеге асқан моңғол буддизміндегі жаңару қозғалысының жетекшісі.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы