Құдайлардың ақыры: ақырзаман қалай орнайды?

Бұған жанартаулардың қандай қатысы бар?

Фенрир мен Один. Суретші: Ким Диаз Хольм/Wikimedia commons

Ақырзаман таяп қалғанда, Фенрир қасқыр шынжырдан босап шығып, аспан түнереді, ал сол кезде теңіз астынан өлгендер мінген кеме көтеріледі... Ежелгі заманда өмір сүрген скандинав халқының ақыр заман туралы түсінігіне не әсер еткен және олар сипаттаған күн бұрын орнап қоюы мүмкін бе?

Мазмұны

Дүниежүзі тарихындағы климат

Заманауи әлемде өмір сүретін бізді, Византия императоры Юстинианмен, орта ғасырлық герман халқы және ежелгі гректермен не байланыстырады? Бәріміз де климатқа байланғанбыз.

2024 жылы орнаған аптап ыстық пен аяқ-асты күннің суып кетуіне байланысты дүниенің төрт бұрышында егістік бітік шықпай, мол өнім түспегендіктен, дүкен сөрелеріндегі азық-түліктің бағасы шарықтап кетті. Егер технология озық деген 21 ғасырда осылай болып жатса, онда климаттық өзгерістер ілкідегі жер өңдеумен күн баққан дәстүрлі қоғамдарға қаншалық әсер еткенін ойлаудың өзі қиын.

Адамзат тарихындағы түрлі кезеңдерде күн бірде суытып, бірде шамадан тыс ысып, ауа райы үздіксіз құбылып отырған. Бірақ күн райы циклды болды деуге де келмейді: ғалымдар суықтың артынан міндетті түрде аптақ ыстық орнайтынын дәлелдейтін ілік таппаған. Айталық, біз қазір ауа райы қолайлы, жайдарлы кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Ал осыдан 150 жыл бұрын Жер бетінде кіші мұз дәуірі орнаған.

Хендрик Аверкам. Конькишілер және қысқы пейзаж. 1608/Wikimedia commons

Хендрик Аверкам. Конькишілер және қысқы пейзаж. 1608/Wikimedia commons

Ғалымдар алғаш рет ежелгі дәуір мен қазіргі климаттың айырмашылығын салыстырып көруді ойға алғанда, олар Жер орта теңізі аймағында өсетін өсімдіктердің бүр жарғаны жөніндегі ескі деректерді қазіргі күнгі өсімдіктердің бүр жаруымен салыстырып көрген. Ақырында ежелгі дәуір мен қазіргі кезеңдегі өсімдіктің бүр жаруы бірдей уақытқа тап келетінін аңғарып, климат содан бері еш өзгермеген деген байлам жасаған.

Айталық, аталған тәжірибені ғалымдар 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында жасаған болатын. Ол шақта кіші мұз дәуірі аяқталып жатқандықтан, күн қазірге қарағанда суықтау болған. Осы бір ақпарға сүйене отырып, 21 ғасырдың ғалымдары ежелгі дәуірде Жер Орта теңізі аймағы қазірге қарағанда суық болған деген қорытынды шығарып отыр. Ежелгі дәуірде Афинада қыс мезгілінде арты қарға ұласып кетіп отырған жауын-шашын көп түскен. Қазірде тек италиялықтардың төл ісі секілді көрінетін шарап өндірісі, ұзақ уақыт Неаполдан әріге, солтүстік аймаққа қарай тарамаған. Тита Ливияның жазбаларында, ол шақта Тибр өзенінің беті мұз болып қататыны жөнінде дерек бар. Қазірге уақытты мұны көз алдыңа елестетудің өзі қиын.

Виллем Схеллинкс. Тибр өзені мен Мульвиев көпірі. Қысқы пейзаж. 1660/Wikimedia commons

Виллем Схеллинкс. Тибр өзені мен Мульвиев көпірі. Қысқы пейзаж. 1660/Wikimedia commons

Ал б.д.д 200 жылы римдік жайлы климат орнаған: Жер орта теңізі аймағында қыста қалың қар түспей, өзен беті мұз болып қатпай, егін бітік шығып, аштық сап тиылған. Тіптен Альпі тауларына қалың қар түспей, Рим әскері тауды оңай асып өтетін болған. Дәл осы шақта римдіктер жылы аймақта ғана өсетін жүзімді Британия мен Герман жеріне әкеле бастаған. Айталық, ол шақтағы орнаған қалыпты температура, қазіргі күнгі температурамен шамалас. Жайлы ауа райы Рим империясы үшін ғана емес, сондай-ақ варварларға да қол болған: үлкен аштық болмағандықтан варварлардың саны айтарлықтай ұлғайған.

1 / 2

Жазсыз өткен жылдар

Римдік шырайлы климаттың орнын Орта ғасырлық суық климат басты. Б.д. 4 ғасырда күтпеген жерден күн суып кеткен. Қыс мезгілі ол шақта қазірге қарағанда, шамамен 1-2 С° суық болғанға ұқсайды. Бір қарағанда, бұл болмашы ғана айырмашылық секілді көрінгенімен, бірақ планеталық ауқымда қарастырар болсақ, осының өзі үлкен өзгерістерді тудыруға жеткілікті болған.

Ақпан айы. «Жыл мезгілдері» сериясы мен иллюстрацияларды қамтитын Берри герцогы (15 ғасыр) кітабынан миниатюра/Wikimedia commons

Ақпан айы. «Жыл мезгілдері» сериясы мен иллюстрацияларды қамтитын Берри герцогы (15 ғасыр) кітабынан миниатюра/Wikimedia commons

Қалай болмасын, бұл табиғи процесс. Ал 535–536 жылдары нағыз климаттық катасрофаға айналған табиғи катаклизм орнаған: Еуропа құрлығындағы температура күрт төмендеп кеткен. Соңғы 2000 жылда кәрі құрлықта мұндай сұмдық болмаған.

Ғалымдардың басым бөлігі бұл жағдайға Кракатау, Илапанго, Раубаул мен Эль-Чичон сынды бірнеше жанартаудың қатар атқылауы себепші деп санайды. Алайда аталған жанартаулардың нақты қайсысына байланысты күннің суытып кеткені белгісіз. Өйткені олардың бәрі де бір мезгілде белсенді бола түскен. Сондықтан ғалымдар жанартаулардың бәрі шамамен бірдей уақытта атқылаған деген ойға табан тіреді.

Кракатау жанартауының атқылауы.. Литография. 1888 жыл/Wikimedia Commons

Кракатау жанартауының атқылауы.. Литография. 1888 жыл/Wikimedia Commons

Жанартау атқылаған соң стратосфераға күл шашырап, онда құрғақ тұман пайда болған: күкірт газынан түзілген аэрозоль. Аталған газ күн сәулесін тұтып қалған. Сондай-ақ ол атмосферада ұзақ уақыт бойына ыдырамай тұрып алған.

Жерар Одран. Эгиндегі оба. 17 ғасырдағы гравюра/Wikimedia Commons

Жерар Одран. Эгиндегі оба. 17 ғасырдағы гравюра/Wikimedia Commons

Кең тараған гипотеза бойынша дәл осы газдар жанартау қысын тудырған көрінеді. Кемінде он жыл күн сәулесі солғын тартып, Жер шарын жылыта алмаған. Нәтижесінде орта температура айтарлықтай төмендеп, тек Жер орта теңізі аймағы ғана емес, сондай-ақ әлемнің төрт бұрышында да үлкен өзгерістер орнаған. «Жазсыз өткен жылдар» жөнінде ақпарды сол заманда өмір сүрген авторлардың еңбектерінен кезіктіруге болады.

Айталық, «Вандалдарға қарсы соғыс» деп аталатын еңбегінде Прокопий Кесарийский: «Осы жылы да нағыз ғажайып орнады: жыл бойына күн сәулесі солғын тартып, айдың жарығы секілді әлсіз болды. Құдды бір, күн жарығынан айырылып қалғандай» деп жазған.

Ал Иоанн Эфесский өз еңбегінде: «Күн бетін қара бұлт торлап, Жер бетінде 18 айға созылған қараңғылық орнады. Күн сайын күн көзі бар жоғы 4 сағатқа жуық қана шығып, сәулесі әлсін әлсін ғана көрінді. Жұрттың бәрі Күн жарғынан айырылды, ендігі ол жарқырап көрінбейді деп жамырай шулап жатты» деп жазған.

Йос Лиферинкс. Әулие Себастьян (суреттің үстінде) обаға шалдыққандардың өмірі үшін дұға жасауда. 1497/Wikimedia commons

Йос Лиферинкс. Әулие Себастьян (суреттің үстінде) обаға шалдыққандардың өмірі үшін дұға жасауда. 1497/Wikimedia commons

Күн көзі көрінбегендіктен егін бітік шықпай, аштық пен суықтан жапа шеккен жұрттың тұрмысы жұтаңдаған. Егер бұған 544 жылы орнаған Юстиниан обасын және Ирландия мен Қытай дереккөздеріне айтылған індетті қосар болсаңыз, онда сол замандағы авторлардың ақырзаман келгені жөнінде неліктен дабыра салғанын түсінуге болады.

Скандинавияда не болды?

Еуропаның солтүстік аймақтарындағы қыс Жер орта теңізі аймағына қарағанда ұзаққа созылып, қатты болған. Бұрын-соңды құнарлығымен айрықшаланбаған Скандинав жері, ұзаққа созылған қыстан қатты жапа шеккен. Онда мал тегіс ашығып, адамдар да жейтін тамақ таппаған. Аталған аймаққа табиғи апаттың алдында басталған Халықтардың ұлы көші де әсерін тигізген. Б.д. 5 ғасырында англдар, юттар мен сакстердің жауынгер тайпалары Британ аралдарына, ал фриз халқы заманауи Нидерланды жеріне қарай бағыт алғандықтан, көп жері иен қалған: елде қалған жұрт отауларын бір-бірінен алысқа тігіп, әр үй өзінің шаруашылығына маңыз берді. Сондықтан әскери-саяси салада бос ниша пайда болған. Көп өтпей англ, сакс, ют және фриздардың орнына герула деп аталатын герман тайпалары келіп қоныс тепкен.

 Үлкен Эддеге арналған иллюстрация. «Сосын ұлы шайқас басталды». Суретші: Джордж Райт. 1908 жыл/Wikimedia commons

Үлкен Эддеге арналған иллюстрация. «Сосын ұлы шайқас басталды». Суретші: Джордж Райт. 1908 жыл/Wikimedia commons

Аталған халық көбіне-көп тонау, қарақшылық пен жалдамалы әскер болумен күн баққан. Өз мемлекетін құрмаған күйі олар кері солтүстікке қарай жылжып, бос жатқан жерге келіп орныққан. Олардың мәдениеті жергілікті халықтың мәдениетінен айтарлықтай айрықшаланған. Мәселен, герулдар өзімен бірге сарматтардың биік қорғандарды салатын салты мен кемеде жерлеу рәсімін алып келген.

 Саттон Худан табылған олжалар негізінде жерлеу рәсімінің қалпына келтірілген көрінісі/Британ музейі

Саттон Худан табылған олжалар негізінде жерлеу рәсімінің қалпына келтірілген көрінісі/Британ музейі

Ақырында жерлеу рәсімдерімен қатар, ел ішінде діни сенімде өзгере бастаған. Айталық, герулдар келмей тұрып, Скандинав халқы абыз орындайтын түрлі жоралғыларды жасаған. Герулдар келген соң абыздардың солтүстіктегі халық өміріндегі рөлі төмендей берген.

Сондай-ақ мазарларға құнды заттарды салып көму дәл осы кезеңде өріс жайған. Мазарға қайтыс болған адамның жеке заттарымен қатар, брактеаттар (бір бетіне ғана жазу басылған жалпақ теңгелер) салынатын болған. Ол шақта брактеаттарды жұрт ақша ретінде емес, жамандықтан қорғайтын тұмар әрі heirloom (киелі мұра) ретінде қолданған. Аталған теңгелер мойнына таққан адамды бәле-жаладан қорғаумен қатар, алдыңғы буынмен байланысын көрсететін символға айналған.

Фюн аралындағы Брактеат DR BR42. Руникалық таңбаның бірі Одиннің бір есімін білдіреді. б.з. 5 ғасыры/Wikimedia commons

Фюн аралындағы Брактеат DR BR42. Руникалық таңбаның бірі Одиннің бір есімін білдіреді. б.з. 5 ғасыры/Wikimedia commons

Сол шақтарға тиесілі мазарлардан брактеаттардан бөлек, көптеген алтын қынаптар, білезіктер, тұтқалар мен рәсімдер мен құрбандық шалу кезінде қолданылатын өзге де заттар табылып отыр. Мұндағы мазарларда құнды заттардың мол болғаны сонша, біреуінің өзінен табылған алтын 12 келіге дейін жеткен. Айталық Турехольмдағы мазар соның дәлелі.

 Британ аралдарынан табылған викиңдердің үлкен қазынасы (80 кг). 905 жыл/ British Museum/JMiall/Wikimedia Commons

Британ аралдарынан табылған викиңдердің үлкен қазынасы (80 кг). 905 жыл/ British Museum/JMiall/Wikimedia Commons

Осы әрекеттері арқылы заманауи скандинавтықтардың бабалары, рәсімдік заттарды Құдайға арнап қойып, аштықтан сақтап, жәрдем бере гөр деген оймен мазарға қойған деген бір гипотеза айтылады. Алайда қатты қыстың ұзаққа созылғанын естен шығармаған жөн. Дәл осы жағдай, сондай-ақ қоғамдық құрылым мен діни түсініктердің өзгеруі скандинав халқын «бәлкім, құдайлар өліп қалған шығар» деген оғаш бір ойға жетелеген болуы да бек-мүмкін.

Құдайлардың ақыры

«Құдайлардың ақыры» деп аударылып жүрген Рагнарёк жөніндегі миф, тіршілік атаулының жойылуын сөз етеді. Әрі ақыр заман келгенде «Фимбульветрдің» (Қатты қыс) рөлі айрықша болмақ. Аталған миф алғаш 13 ғасырдағы атақты жырлардың басым бөлігін жазған Снорри Стурлусонның «Гюльвидің болжамдары» деген еңбегінде баяндалған. Ұзақ қыстан кейінгі дәуірде өмір сүрген автор, атақты туындыларын ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған аңыздарға негіздеп жазған. Сөз етіп отырған кітаптың сюжеті бойынша, сиқыршы Гюльвиге астар11АстарОдин, Тор, Бальдр мен өзге де скандинав мифологиясындағы құдайлар тобы. Аталған әлемде олардан өзге мұз алыптар, гномдар, сондай-ақ құнарлылық құдайлары ваналар өмір сүреді. Скандинавтардың барлық аңыздары бір ғана астардың тарихы ретінде баяндалған аян берген. Гюльвил скандинав құдайларының құдіреті қайдан туатыны жөнінде білгісі келгендіктен, аталған шығарма толықтай «сұрақ-жауапқа» құрылған. Әңгіме барысында ол астар әлемінің құрылымын ғана біліп қоймай, сондай-ақ оның ақыры қалай орнайтынан да хабардар болады.

Исландиялық манускрипттен миниатюра. Гюльви және асы. 18 ғасыр/Wikimedia commons

Исландиялық манускрипттен миниатюра. Гюльви және асы. 18 ғасыр/Wikimedia commons

«Ең алдымен Фимбульветр деп аталатын ұзаққа созылған қыс келеді. Қар борап, жел тұрып, үскіріп аяз орнайды. Күн көзі көрінбей кетеді. Қатарынан үш мәрте осындай қатал қыс болып, жаз мүлдем келмей қояды».

Рагнарёктің соңғы кезеңі. Сурт Асгардты отқа орады. Суретші: Эмиль Дёплер, 1905 жыл/Wikimedia commons

Рагнарёктің соңғы кезеңі. Сурт Асгардты отқа орады. Суретші: Эмиль Дёплер, 1905 жыл/Wikimedia commons

Ұзақ қыс өздіген келе қоймайды. Скандинав мифтері бойынша көктем құдайы Бальдрдің өлімінен кейін қатаң қыс орнайды. Осыдан кейін сұмдық оқиғалар бірінің артынан бірі болады: алдымен ұзаққа созылған қыс келеді, сосын Фернир қасқыры шынжырын үзіп шығады, ақырында құбыжықтардың бірі күнді ұрлап кетеді. Бұл жағдай шын мәнінде күн көзі тұтылып қалған климаттық катастрофаға қатты ұқсайды! Оның үстіне аталған аңыз климаттың ғана емес, сондай-ақ ел ішіндегі жосықтардың өзгергенін баян етеді. Қатты қыс пен аштық кезінде рулық нормалар бұзылып, әулет арасында кикілжіңдер туады, ал дәстүрлі жосықтарға келер болсақ, олар маңызын жоғалтады. Соған қарағанда, 6 ғасырда Скандинавияда осыған ұқсас жағдай орын алған тәрізді. Бір жағынан, климаттық өзгерістер сезілсе, екінші жағынан — аймаққа қоныс тепкен герулдар скандинав халқының қалыпты өмір салтын түрлендірген тәрізді.

Рагнарёк (Йоханнес Гертстің суреті) (У.Ж.Коллинуд, 1908)/Wikimedia Commons

Рагнарёк (Йоханнес Гертстің суреті) (У.Ж.Коллинуд, 1908)/Wikimedia Commons

Дегенмен пұтқа табынушылардың дүниетанымы циклдік болып келеді: өлімнің артынан міндетті түрде өмір келеді. Аңыз бойынша, Рагнарёктан кейін құдайлардың басым бөлігі өлім құшып, тек Тордың екі баласы мен Одиннің екі баласы тірі қалуға тиіс. Сондай-ақ олардың жанында бір әйел мен бір еркек аман қалады (жаңа Адам мен Хауа). Ендігі жерде аман қалған құдайлар жаңа әлемді тұрғызуға міндетті.

1 / 2

Осы іспеттес жағдай шын өмірде болған тәрізді: 10 ғасырдан бастап орта ғасырлық шырайлы климат орнаған. Осыдан кейін қалада қоныстанған халықтың саны өсе бастаған. Ал Викингтер болса шалғай аймақтарға кемемен жол салған: дәл осы шақта олардың Гренландиядағы тұрағы пайда болған.

Скандинавтық Гренландия тарихындағы соңғы тіркелген оқиға: 1408 жылы Хвалсидегі шіркеуде өткен үйлену тойы (бірақ бұл жазба кейінірек Исландияда жасалған), ол қазір скандинавтық ғимараттардың ең жақсы сақталған қирандыларын білдіреді/Wikimedia commons

Скандинавтық Гренландия тарихындағы соңғы тіркелген оқиға: 1408 жылы Хвалсидегі шіркеуде өткен үйлену тойы (бірақ бұл жазба кейінірек Исландияда жасалған), ол қазір скандинавтық ғимараттардың ең жақсы сақталған қирандыларын білдіреді/Wikimedia commons

Сондай-ақ Еуропаның оңтүстігінде ғана емес, солтүстігінде де жүзім бақтары пайда болғаны жөнінде дереккөздер айтыла бастаған. Түнек ғасыр қайта орнап қала ма деп үрейленген 13 ғасырда өмір сүрген Снорри Стурлусонның замандастары, ұзақ қыс жөніндегі аңызды ұрпақтарына жеткізген. Ол үрейдің барын Рагнарёк жөніндегі мифтен байқауға болады.

Один, Фенрир, Фрейр және Сурт. Суретші: Эмиль Дёплер/Alamy

Один, Фенрир, Фрейр және Сурт. Суретші: Эмиль Дёплер/Alamy

Ұзақ қыс, аяз бен аштық жөніндегі миф адамзатқа қызықты болғаны сонша, заманауи поп-мәдениеттің көптеген сюжеттерінде көрініс тапқан. Айталық аталған мифті Джон Р.Р. Толкин де айналып өтпеген. Фродо дүниеге келмей тұрып, 200 жыл бұрын Ортадүниеде Ұзақ Қыс орнайды: жер бетін қалың қар мен мұз басып, саяхат жолдарының бәрі жабылады. Дәл осы жағдайды сәтті пайдалана білген Саурон, Гондорға шабуылға шығады. Осыған ұқсас сюджетті Толкиннің досы Клайв Лтюистің «Нарния шежіресінен» де кезіктіруге болады: сиқыршы әйел Нарния әлемін мұзға орап, артынша құбыжықты шығарып бағындыруды көздейді. Ал 20 ғасырдың соңы мен 21 ғасырдың басында «Қыс келіп қалды!» деп ұдайы ескертіп отыратын кітаптар сериясы пайда болды. Иә, иә Джордж Мартин де өзінің «Мұз бен алау жыры» деп аталатын туындысына дәл осы Ұзақ қысты арқау еткен. Мартин әлеміндегі үлкен әулеттер билік үшін бір-бірімен қырқысып жатқанда, солтүстік өлкеден зұлымдарды да, қаһармандарды да аямайтын Түнек королі ұзақ қысын сүйретіп келеді.

«Нарния шежіресі: арыстан, мыстан және сиқырлы шкаф» филмінен кадр. Сюзан, Питер, Лүси және Эдмунд Пәвенси Нарния сиқырлы орманында/Alamy

«Нарния шежіресі: арыстан, мыстан және сиқырлы шкаф» филмінен кадр. Сюзан, Питер, Лүси және Эдмунд Пәвенси Нарния сиқырлы орманында/Alamy

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы