Ғайыптан туған арыстан

Қола дәуіріндегі тырнақ пен жал суреттері

Габаевкадағы арыстан петроглифі, сурет/Ольга Гумирова

Қазақстаннан табылған петроглифтердің арасында арыстанның суреттері қайдан жүр? Сонда олар ежелгі заманда шынымен де осы жерді мекен етті ме? 

Ертеде арыстандар Африкада ғана емес, Еуразияда да, дәлірек айтсақ, оңтүстік-шығыс Еуропадан солтүстік Үндістанға дейінгі жерлерде өмір сүргені белгілі. Қазір тұқымы жойылуы жақын еуразиялық арыстан Солтүстік Үндістанның Гуджарат штатындағы Гир орманы ұлттық саябағында ғана аман сақталған.

Салыстырмалы кесте. Оңнан солға  Арыстан. 1. Габаевка Арыстан. 2. Жыңғылшық  Арыста, 3. Пазырықтан шыққан кілем /Ольга Гумировa

Салыстырмалы кесте. Оңнан солға Арыстан. 1. Габаевка Арыстан. 2. Жыңғылшық Арыста, 3. Пазырықтан шыққан кілем /Ольга Гумировa

Бірақ қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде арыстандардың ежелгі адамдарға жақын өмір сүргені туралы туралы жазба деректерде де, археологиятар олжасында да нақты деректер жоқ. Бірақ ғалымдар арыстандарға ұқсайтын жыртқыштар бейнеленген екі петроглиф бар.

Габаевка. Бұл жерде Жібек жолы өткен еді/Ольга Гумирова

Габаевка. Бұл жерде Жібек жолы өткен еді/Ольга Гумирова

Оның бірі Жамбыл облысы Теріс өзені бойындағы Ақтөбе ауылы маңындағы Габаевка кластерінен, екіншісі Қаратау мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Қаратау тауындағы Жыңғылшық шоғырынан табылды деп тіркелген. Габаевкалық арыстанның анық салынған бейнесі бөлек жазықтықта орналасқан. Ал Жыңғылшық арыстанының суреті осы шоғырда орталық бөлігіндегі көп фигуралы композицияға енген және бұл екі бейне де негізінен Ресейдің Алтай республикасынан табылған Пазырық мәдени қорғанындағы түкті кілемде бейнеленген арыстанның бейнесімен бірдей. Кілем б.з.д 5 ғасырға жатады, ал қазақ петроглифтері кейінгі қола дәуірінің еншісінде (б.з.б. 9–8 ғасырлар).

Арыстан. Жыңғылшық /Ольга Гумирова

Арыстан. Жыңғылшық /Ольга Гумирова

Сақтар, кейіннен сарматтар арасында патша билігі мен дәулетінің символы болған арыстан бейнелерімен көбінесе ат әбзелдерін, қару-жарақтарын, тұрмыста қолданған заттарды сәндеген, бірақ бұл осы жыртқыш аңның Қазақстан мен Алтай даласында мекендеді деген сөз емес. Сонда бұл бейне көшпелілер мәдениетінен қалай орын алды?

СюннуiiҚытайдың солтүстік-шығыс шегарасында өмір сүрген халық мұрасын зерттеп жүрген Қытай ғалымдарының пікірінше, бұл тайпалар арасында арыстан бейнесі дала халқы өте тығыз сауда-саттық байланысында болған Соғдылық көпестер арқасында танымал болған. Бұл — ақылға қонымды әрі сенімді болжам.

«Габаевка мен Жыңғылшықтан табылған арыстан бейнелері қоршаған ортадан көріп, соны жартасқа қашап түсірген суреттер емес, Қазақстан жерінде осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген тайпалардың философиялық және діни танымдарын жеткізетін образ» деген пікірді археологтар алға тартып отыр.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы