Бұл қай жыртқыштың ізі?

Арқарлы тауын барыстар мекендегені рас па?

Алматы облысы/Ольга Гумирова

2019 жылы «Охотники за петроглифами» командасының еріктілері тау жоталарының оңтүстік бөлігінде тасқа қашалған петроглифтердің арасынан айрықша суреті тапты (жотаның бұл бөлігінде үстем болған шоқылардың біріне мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аңның ізі қашалыпты).

Аталған петроглифте барыстың ізі қашалғанын, өз кезегінде, зоология институтының маманы Алексей Грачев растаған болатын. Дегенмен Қазақстан аумағында осыған ұқсас іздің бары жөнінде еш мағлұмат жоқ. Әрі барыстың тасқа қашалып салынған сұлбасы сирек кездеседі. Арқарлы тауларында бар-жоғы үш суреті табылған.

Петроглиф салынған жартас. Арқарлы жотасы/Ольга Гумирова

Петроглиф салынған жартас. Арқарлы жотасы/Ольга Гумирова

Тұран даласында барыс пен ілбіс жыртқыштарының қола дәуірінен бері қасиетті жануарлардың қатарына енгеніне еш күмән жоқ. Аталған жыртқыштардың келісті бейнесімен жоралғыларда қолданатын аса құнды заттар мен қару-жарақтарды әрлейтін болған. Ұлы далада өмір сүрген барлық халық (сақтар, сарматтар және басқа түркі жұрты) осылай жасаған. Алайда барыстың бейнесін өзге жануарларға қарағанда тым сирек қолданылған. Бәлкім, бұл әсіреcе сақ әрі тасада жүріп жемтігін аулайтын жыртқыштың жұрт көзіне көп түспегеніне байланысты болар. Әрі фольклор мен мифологияда да барыс жөнінде көп айтыла бермейді.

1 / 2

Ежелде өмір сүрген бақсы-суреткердің, біздің көзқарасымыз бойынша, қисынға келмейтін мекенде барыстың табанын қашап салғаны оғаш көрінгені де сондықтан. Өйткені барыстың бейнесі көбіне-көп қарлы шыңдармен астастырылады. Ал Арқарлы жоталары — Жоңғар Алатауының батысындағы ең пәс нүктесі саналады.iАлматы облысы, Кербұлақ ауданы Арқарлыда құздар мен басын қар басқан шыңдар жоқтың қасы. Аталған тау сілемдерінің ең биік нүктесі бар-жоғы 1126 метр. Бұл сортаң топырақты әрі шөлейтті аймақ. Мұнда көктем мезгілінде көкнәр мен қызғалдақ шықса, жазда далаға жусан қаптайды. Жартасты шатқалдардың арасында жасырын жатқан бұлақтардың саны тым аз. Сондықтан мұнда барыстар жемтік етер тау ешкілері мен арқарлар жүрмейді (бұрын болған деседі). Бірақ палеоботаниктердің айтуынша, ертеде бұл аймақтың климаты өзгеше болған, тіптен тораңғы11Тораңғытерек тұқымдасына жататын ағаш орманы да өскен. Бұл жерді ілкі кезеңде тұяқты жануарлар мекендеген деген сөз. Демек барыстың жемтік қылған асы болғандықтан, Арқарлы олар үшін жайлы аймақ болғаны анық. Айталық, табиғи-климаттық жағдайы Арқарлыға ұқсас Алтынемел Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тауларында барыстардың жүргені байқалған. Аталған қорық аймағы мемлекеттік қорғауға алынғандықтан, мұнда жыртқыштарға азық етер жемтік жетерлік. Мәселен, Алтынемел қорығында кеміргіштер мен тұяқты жануарлардың санында есеп жоқ.

Осыған қарап, Арқарлыда кезінде барыстар болған деп ұйғарым жасауға болады әрі табылып отырған петроглиф соны айғақтайды.

1 / 2

Тасқа қашалған іздің көлемі барыстың табан ізімен бірдей. Осы тұста «ізді қашау арқылы туындыгер нені мақсұт етті?» деген сауал туындайды. Біз тек бұған қатысты жорамалдар ғана жасай аламыз. Бәлкім, бірде ежелгі бақсы-суреткер қар үстінен я балшыққа түскен тау иесі барыстың ізін көріп, қатты шабыттанып, осы бір естелігін тасқа қашап салғысы келген болар.

Алматы облысы/Ольга Гумирова

Алматы облысы/Ольга Гумирова

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы