Тарих дәмі

Шыңғыс ханның кешкі асы қандай болған? Әмір Темір сарайындағы дастарқанға қандай тағамдар қойылған? Құнанбай қонағына не ұсынған? «Ұлылар ұнатқан дәм» айдарында біз өткен дәуірлердегі ас-суға қатысты әдет-дағдыларды талдаймыз, бұрынғының рецептілерін жаңғыртамыз және түрлі заманда түрлі тағамды қалай әзірлегенін әңгімелеп береміз. Бір сөзбен айтқанда, сізге ғасырлар қойнауынан жеткен дәмді ұсынамыз.