Құнанбайдың жаубүйрегі

Абайдың әкесі қандай тағамды ұнатқан?

~ 1 мин оқу
Құнанбайдың жаубүйрегі

Жаубүйрек/Поваренек

Бұл бағзыдан келе жатқан ұлттық тағамның бір түрі. Өте қарапайым әзірленеді. Бұрын оны малшылар мен жолаушылар жиі пайдаланған екен. Біз бұдан қазақтардың ет пен ет өнімдерін ысырап етпей қолданатынын көреміз.

Жаубүйректі мал сойған кезде үйде де әзірлейді. Құйрық май ешқашан жүрекке тимейді. Жаубүйрек қазақ әдебиетінде жиі кездеседі. Мәселен, Мұхтар Әуезов оны Абайдың әкесі Құнанбайдың сүйікті тағамы болған деп суреттейді.

«Бетінде азғантай ғана құрым белгісі бар сап-сары қымыз, арқар мүйізінен істелген үйрек ожаумен Майбасар сапырғанда, көпіршімей, шып-шып етіп шымырлап қана толқиды.

Дастарқан үстіне үш табаққа сап ашыған бауырсақ қойысты… Жаңағы Алшынбай сөзі аяқтала берген кезде Қарабас ауыз үйден үлкен табақ ыстық ас әкелді. Бұл дағдылы ет, қуырдақ емес, Құнанбайдың қымызға қосып жейтін жаубүйрек деген тамағы еді».

Құрамы:

  • Қойдың құйрық майы – 400 г

  • Бауыр – 600 г

  • Тұз

  • Пияз – 200 г

  • Дәмдеуіштер (қара бұрыш, қызыл бұрыш) – қалауыңызға орай

Әзірлеу тәсілі:

  1. Құйрық май мен бауырды жұқалап, жапырақтап турап аласыз.

  2. Істікке бір май, бір бауыр етіп шаншисыз.

  3. Үстіне татымына қарай тұз, бұрыш себесіз.

  4. Бәрі дайын болғанда отқа қақтайсыз.

  5. Жаубүйректі пеште де пісіруге болады: Істікке шаншылған бауыр мен құйрық майды тордың бетіне салып, май тамбас үшін астына жайпақ қаңылтыр табақ қойыңыз немесе істікті пеш ішінде қалауыңызға қарай қойсаңыз болады.

  6. Жиі асты-үстіне аударып, 200°C температурада 20–25 минут пісіріңіз.

Жаубүйрек әзір болғанда пияз қосып жесеңіз де болады.

Бұл тағамды әзірлеуге керек азық-түлікті Arbuz онлайн-дүкенінде QALAM промокоды арқылы жеңілдікпен сатып алуға болады.