ҚЫТЫРЛАҚ НАН, ТРАВЕСТИ ЖӘНЕ АЖЫРАСУ ІСІ

1963 жылдың шілдесінде кеңес баспасөзі не жайлы жазып еді?

~ 3 мин оқу

Коллаж / Qalam

Кеңес газеттерінің АҚШ-тағы ұшақ апаты туралы жан-жақты ақпарат таратып, Қазақстандағы қайғы әкелген сел жайлы жазуға құлықсыз болуының себебі неде? Халық қалай өмір сүрді? Қандай кино көрді? Пальтоның бағасы қандай еді? Неге ажырасу жария түрде жүретін? Біз өткен ғасырдың ортасындағы басылымдарды парақтап шығып, сол замандағы адамдардың өмірі жайлы оқулық айтып жеткізе алмаған таңғаларлық қызық деректер таптық.

Мазмұны

Халықаралық оқиғаларға баса мән берілген

1963 жылдың шілде айының басында қазақ және орыс тілінде ақпарат тарататын қазақстандық бірнеше газет бірдей Пенсильвания штатындағы жазғы балалар лагеріне құлаған реактив ұшақ туралы жаңалық жариялады. Алайда дәл осы күні, яғни 7 шілдеде Алматы маңындағы Есік көлінде сел жүріп өткен болатын. Бірақ бұл жайт баспасөз бетінде мүлдем көтерілмеді деуге келеді. Сел туралы алғашқы мәлімет тек екі апта өткенде ғана жарық көрді және оның өзі репортаж емес, түсіндіру сипатында жазылған еді. Жергілікті оқиғаларға деген мұндай көзқарас сол дәуірдің бет-бейнесін айқындап тұратын: баспасөз беттерінде шетелде, әсіресе Кеңес Одағы идеологиялық текетіреске түскен мемлекеттерде болған жайттарға басымдық берілетін.

1 / 2

Бұл — КСРО мен АҚШ арасындағы «қырғи-қабақ соғыстың»iКСРО мен АҚШ арасындағы 1946 жылы басталып, 1989 жылға дейін созылған текетірес нағыз ушыққан кезі. Екі елдің талауына түскен нүктелердің бірі — 1959 жылы революция жүріп өткен Куба еді. «Бостандық аралынан» жеткен жаңалықтарды бүкіл кеңес газеттері жарыса жариялайтын.

1 / 2

Тек жаңалықпен шектелмей, талдап-таразылауға газеттің бүтіндей бір беттері арналған тағы бір дау — КСРО мен Қытайдың 1950 жылдардың аяғында басталған бір-бірінен ажырауы. Мұның соңы бүкіл әлем бойынша коммунистік қозғалыстың екіге жарылуына әкеп соқты.

АҚШ, Куба мен Қытайдағы жайттардан бөлек, газеттер сол кезеңде КСРО-ның белсенді қолдауын иеленген Африка мемлекеттеріне де түрлі мақала арнап отырды.

Кредитке берілетін тауар және кеңес жарнамасы

Кеңестік кезеңді сипаттайтын басты дүниенің бірі — «дефицит». Дүкенге немесе базарға барып, қажетіңді қалағаныңша алу мүмкін емес-ті. Жақсы тауар түссе, оны іздеп тауып, сағаттап кезекте тұру керек. Кейде мұндай тауарды кредитке рәсімдеу жағы да қарастырылған екен. 1960 жылдардағы орташа айлық шамамен 80 рубльге жететін. Ал пальтоның орта бағасы — 100 шақты рубль, радиоқабылдағыш — 50–150 рубль, велосипед — 70 рубль шамасында болды. Салыстыру үшін айта кетейік: бір келі сиыр етінің бағасы 2 рубль, нан — 16 тиын, киноға билет — 25 тиын болатынi1 рубль – 100 тиын.

1 / 3

Ажырасу туралы хабарландыру

1930 жылдардан 1960 жылдардың ортасына дейін Кеңес Одағындағы ажырасу процесі жария және қиын жүретін. Бұл жайлы хабарландыру міндетті түрде жергілікті газетте берілетін, ал айырылысуға бастамашы болған адам сот алдында бұл қадамының себебін түсіндіруге міндеттелетін. Кеңес билігі мұндай қиындық пен ыңғайсыз жағдай елді ажырасудан айнытуға көмектеседі деп ұйғаратын.

«Огни Алатау» газетінің соңғы бетіндегі ажырасу туралы хабарландырулар / ҚР Ұлттық Кітапханасы

«Огни Алатау» газетінің соңғы бетіндегі ажырасу туралы хабарландырулар / ҚР Ұлттық Кітапханасы

Екі жыл өткен соң, атап айтқанда, 1965 жылдың 10 желтоқсанында КСРО ЖК Президиумының N 4238-VI «Соттарда ажырасу туралы істерді қарастыру тәртібіндегі кейбір өзгеріс туралы» атты жарлығы қабылданған соң ажырасу процедурасы жеңілдетілді.

Афиша және жұмыс туралы хабарландыру

1960 жылдардың басында теледидар аса сирек кездесетін техниканың бірі еді. Оның бағасы шамамен 250–400 рубль тұратын. Негізінен, теледидарды партия қызметкерлері алатын немесе оны мәдениет үйлерінен ғана табатынсың. Газеттердің телевизия бағдарламаларын айтарлықтай шектеп беруінің себебі — осы.

Театр және кино афишасы, сондай-ақ телебағдарлама көбінесе бір бетте жарияланған / ҚР Ұлттық кітапханасы

Театр және кино афишасы, сондай-ақ телебағдарлама көбінесе бір бетте жарияланған / ҚР Ұлттық кітапханасы

Сол жылдардағы көңіл көтеретін ең танымал дүниенің бірі — киноға бару еді. Мұнда жаңа фильмдермен қоса өткен жылдары шыққан кинокартиналарды көрсетіп жататын. Газеттер жазған 1963 жылғы хит — неміс кинематографтары түсірген екі бөлімді «Русское чудо» фильмі дей аламыз. Бұл — социализмге бетбұрыс туралы әңгімелейтін, Ресей империясынан басталып, Юрий Гагариннің 1961 жылғы ғарышқа ұшуымен аяқталатын деректі-тарихи туынды. Сондай-ақ афишадан 1961 жылғы франция-италиялық «Три мушкетер» және сол жылы жарық көрген кеңестік «Полосатый рейс» фильмін көруге болады.

1 / 2

1963 жылы газеттерде жарияланған хабарландырулар арасында инженер, құрылысшы, дәнекерлеуші және қазіргі заманда сирек кездесетін мамандықтың бірі — нормалаушыныңiөндірістегі еңбек нормасын анықтаумен, белгілеумен және бақылаумен айналысатын маман бос жұмыс орындары туралы ақпарат жиі жарияланып тұрды.

1 / 2

Бұдан бөлек шығармашылыққа қатысы бар ерекше жұмыс орындары да тыс қалмайтын. Мысалы, Қазақстанның Балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік театры «Екі жас жігіт кейіпкердің және екі жас әйел кейіпкердің, травестидіңiәйел актриса ойнайтын ер адамның немесе ұл баланың театрлық рөлі (екеу) бос жұмыс орны…» туралы хабарландыру жариялапты.

Мақалада «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Огни Алатау» және «Ленинская смена» газеттерінің 1963 жылдың шілде айында жарық көрген материалдарынан үзінділер пайдаланылды.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы