Мишель Уэльбек

«Бақыт жолында»-дан

Мишель Уэльбек / Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Көзі көк немістер, туристік кейіптер.

Қоғамды талқылау, тойып ап сыраға,

Үстелдер жамырап, сол бетте бұл сөздер  

Ach so деп ағылды, жылымық ауаға.

Сол жақта химиктер ас ішіп сайрайды:

«Синтезді бастырар алдыға —

Технологиялар су жаңа!».

Химия қуантты, өлең сөз мұңайтты.

Жұмылсақ — игілік, бір жалғыз ғылымға.

Молекулалар тізбегі, философия —  «Мен»

Танымал сәулетші, кенелген абсурдқа...

Қоғамның шірігі, секталар —  егемен.

Салмайық па, одан да, патшаны мадаққа?

Мишель Уэльбек (1956 туғ.) — бәлкім, романдарындағыдай, өлеңдерінде де сол баяғы цисгендерлі ақ нәсілді адамның ауыртпалығын бейнелеген, қазір өмір сүріп жатқан француз прозаиктардың ішіндегі ең танымалдысы.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді