Құрманғазы

Қадыр Мырза Әлидің өлеңі

Қадыр Мырза Әли/Qalam редакциясы

Болғаннан соң, Құреке, өзің кекті,

Боран толы домбыраң безілдепті.

Жағадан ап сілкетін күйлеріңді

Тартсаң болды, ұйқылы ел көз ілмепті.

 

Атылғандай алқызыл ыршып қаның

Адуын күй күйінген, қырсыққаның

Аузын ашып тұрған құл босағада

Аңғармапты төрден кеп бір шыққанын.

 

Күйлеріңдей күйлердің барма асқағы?

Ұмытады ел көңілді зар басқанын.

Сені тыңдап отырған жасық жігіт

Аңғармапты найзаға жармасқанын.

 

Көңілденіп үстінде құрақ шыттың,

Күй сапырып, осылай жыр ашыттың.

Көбік шашқан сезімге қойып кетіп,

Келешектен бардың да бір-ақ шықтың.

 

Қайда жүрсе тілеген ел саулығын

Қайран ерге салушы ед тұсауды кім?!

Заманыңа жалыңнан сипатпаған –

Ұлылығың — осынау асаулығың!

Қадыр Мырза Әли — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР алғашқы Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы