Шаршаңқылық
Жорж Вигареллоның «Орта ғасырлардан бүгінгі күнімізге дейінгі шаршаңқылық тарихы» атты жаңа кітабы жайында
Қазіргі заманғы тілдік құбылыстардың өзгерісін түйсіне алуымен танымал, жазушы, публицист Юрий Сапыркин әлемге таралған кейбір маңызды сөздерді саралап, түпкі мағынасына үңіліп, сол сөз жайында екі аптада бір мәрте мақала жариялап отырады.
Қандай да бір түсініксіз тақырыптың тарихын баяндау — кейінгі кездері кең таралған әдебиеттің бір түрі. Менің кітап сөремде нәлім (треска) жайлы, тұз туралы, тіпті, (кешіріңіз, әрине) бөкселер тарихы туралы да кітаптар бар. Жанрдың заңдары мәлім. Мысалы, адамзат ежелгі заманнан бері треска жеп келеді; Дидро тұз туралы не жазды; бөксе түсінігі әлеуметтік желілер пайда болғаннан кейін өзгере бастады дегендей мәтіндер төңірегінде жазылады. ] менің тақырыбыма ұқсас тартымдылық тарихы туралы кітабы бар, бірақ шаршау дегеніміз — әмбебап тақырып екені анық. Тартымдылықтан айырмашылығы — күллі жұрт тартымды бола алмайды да, ал барлық адам шаршау күйін кешеді.
Неғұрлым ортақ және өзекті сюжетті ойлап табу қиын. Әлеуметтік желілерде дос-таныстар «әбден шаршап біттік» (Выгорание) деп толассыз шағым айтып жатады, (мақала авторы бұл тұста «выгорание» деген сөз бен кітап авторының Вигарелло деген тегінің ұқсастығын айтып әзілдейді — ескерту. Ауд.). «Саббатикал» (демалыс) алуды аңсайды, анда-санда «djital detox» ұйымдастырады және бұл «ресурста болмаудың» бірінші жылы емес екені анық. Әлеуметтік желілерде шағым айтпайтын адамдардың жайы тіпті де ауыр болуы мүмкін. Оны түсіну үшін таңертеңгілік қоғамдық көліктегі адамдардың жүзіне қарасаңыз жеткілікті болар. Психологтар «жексенбілік кеш синдромы» туралы жазады. Бұл — демалыс күні кешкілік ертең қайтадан жұмысқа барамын деген ойға батып, мүлде тынықпағандай күй кешу. Шамадан тыс жұмыс (немесе ресми түрде «эмоционалды шаршау синдромы») аурулардың халықаралық классификациясының соңғы нұсқасына енгізілген. Коронавирустық пандемия ерекше зардап шекті. Шаршау мен әлсіздіктің кез келген белгілерін енді постковидке жатқызуға болады және шынында да, барлық оң сынақтардан кейін бұл жағдайлар шиеленісе түскендей. Ал енді жетісіп жүрген кім бар дейсің? Ешкім жоқ!
Мен бейне бір осы шаршау дегенің мені айналып өтетін нәрседей жазып отырмын ғой. Шынтуайтын да, біз бұл мәселеде дәрігер емес, дерттің өзіміз. Мен мансаптық өмір жолымда шамадан тыс көп жұмыстың кесірінен мойын омыртқамды зақымданып, екі рет ауруханаға түскенім бар. Әлі көз алдымда, әлі есімде... жұмыс аптасы кезінде Подмосковьеге қашып кетіп, шалқамнан түсіп бірнеше күн ұйқысыз жатып, жұмыстың тапсырмалары да ойдан кетпей, уайым болып... жарайды, оның бәрін айтып қайтем, әркімнің басында болған жайттар ғой... Бір жағынан бұған қуанам, себебі әлемдік шаршау трендтен қалмай келе жатырмын, бір жағынан ата-әжелерімізді есіме аламын, нақтырақ айтсақ, сол заманғы ұрпақты ойлаймын. Олар заманның тар шағында өмір сүрді, біз үшін ертегіге айналған жағдайда тірлік кешті, кір жуу, жан бағу, тамақ сатып алу сияқты бітпейтін тірліктерге уақыты мен қуатын сарп етті. Ала таңнан қара кешке дейін жұмыс істеді, қазіргідей фрилансерлік я онлайн қызметтер атымен жоқ еді. Сөйтіп жүріп-ақ олар балаға көңіл бөлуге, кітап оқуға, дос-жарандар болып кездесіп тұруға уақыт таба білді. Ең бастысы, олар өмірге өкпе артпады. Бірақ олар осы тағдырдан бақытты боп құтыла алды ма? Вигареллоның кітабы — осылардың бәріне қатысты еңбек.
Егер біз Вигареллоның айтқандарын қорытындылар болсақ, шаршау әлеуметтік және тарихи тұрғыдан өзгермелі құбылыс. Адамдар ежелгі заманнан бері шаршау күйін кешіп келеді, бірақ бұл шаршаудың көріну формалары мен оның түсінігі әртүрлі болды және шаршаған адамның қай әлеуметтік тапқа жататындығына байланысты еді. Жаумен айқасқан ортағасырлық рыцарь үшін жауынгерлік істерден қажу оның ерлік қуатының аздығынан деп саналды. Ораза тұту мен дұға тілеуден шаршаған ортағасырлық қажы немесе монах үшін шаршау дегенің Құдайға бір қадам жақындау болды. Осы уақыттағы қарапайым адамда шаршау өмірдің табиғи бөлігі саналды және оны сөз қылудың қажеті жоқ еді. Жаңа заманғы Бюрократия қағазбастылықтан шаршау дегенді ашты. Шенеунік үнемі қағазға көміліп, үнемі қапылып, қашан көрсең де, жалғыз өзі жұмыс істеп жүргендей шарап жүреді. (Бұл байырғы мінез қанша уақыт өтсе де жақсы сақталған). Дюманың романынан біз білетін француз Корольдік Соты бітпейтін бір рәсімдерден, сапарлардан және салтанатты кештерден шаршайды. Кардинал Ришелье шиеленісті жеңілдету үшін жасырынып барып, Пале-Рояльдің үлкен галереясының қабырғасынан секіріп, айналасындағылардан қашып кетеді. Адамға не істесең де, ол бәрібір күйреген, қажыған күйінде диванға құлай кеткісі кеп тұрады.
Шаршаудың себептері әр кезеңде әртүрлі тәни бейнелерінде көрінді. Орта ғасырларда бұл терлеген адам, қатып қалған дене түрінде көрініс тапты. Одан сәл кейінірек жүйке жүйесінің шиелінісі, денені кернеуде ұстап тұратын импульстар болса, 20 ғасырға жақын олар энергия алмасудан шаршайды деп есептелді. Бұл дегенініміз — артық жұмсалған калория. Содан кейін олар себептерді физикалық емес, психикалық жағынан іздей бастайды. Шаршауды басуға арналған тониктердің тарихына жеке сюжет бар. Бұлар: дәмдеуіштер, парфюмерия, қант, таза ішкиім, ет сығындысы қосылған шарап және бұқаның қанынан алынған ұнтақ. Темекіге Еуропаға енген кезде, ол ең алдымен күштің төмендеуімен күресуге және ақыл-ойды нығайтуға көмектесетін құрал ретінде қарастырылады. Ақын Бойло туралы мынадай сөз бар: «Ол күндіз-түні темекіні мыжғылап, сорғылап, артық сұйықтықтарды құрғату арқылы, сергек жүрді, мұндай күйді оның жасындағы адамдардың бойынан сирек кездестіреміз». 17 ғасырдағы ұзаққа созылған соғыстар кезінде француз дворяндары арақ ішу арқылы шамадан тыс шаршаудан айықты және бұл дәстүрді бейбіт күн туғанда да сақтап қалды. Қазіргі есірткілер мен денсаулыққа зиянды өнімдердің барлығы дерлік бір кездері шаршауды емдейтін құрал болған. Сіз қазір дәрігерлер шаршау кезінде ішуге кеңес беретін D12 витаминінің тағдыры қалай болатынын ойлайсыз.
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы демекші, сарай ханымдары шампан шараптарымен шаршау шабуылынан емделіп жатқанда, жұмысшы адам белін жазбай еңбек етеді және бұл жағдай ғасырлар бойы өзгермейді. Бұл шаршау еңбек қарқындылығына кедергі келтірген кезде ғана жұмысшылардың шаршауы туралы айта бастайды. Бір ғажабы, физикалық жұмысты неғұрлым ұйымдасқан әдіспен тындыруға болады. Вигарелло бұл туралы ғылыми ұйымдастыру бойынша таңғаларлық зерттеулерге әкелді. Өйткені қара жұмыс істеген адам балғамен ұрып-соғудан шаршайды. Бұл еңбек түрі физикалық тұрғыдан аздап ауыр болғанымен, реттеуге келеді, монотонды әрі тұлғалық емес іс. Бұл тенденцияның шегі Форд зауыттарындағы конвейерлер еді. Олар да жұмысшыны қажетсіз ауыртпалықтардан босатуға арналған: нәтижесінде жұмысшы өзін механизмнің бір бөлігі ретінде сезінеді. Тарихтағы физикалық шаршау психологиялық шаршауға айналды. Вигареллоның тағы бір әмбебап Заңы: тіпті ең автоматтандырылған өндірісте де жүздеген түрлі процестерді бақылауда ұстау қажеттілігі өте ауыр және сіздің әрекеттеріңіз де үздіксіз бақылауда болады. Алайда парадигма бұлшықеттердің шамадан тыс ауыртпалығынан санасының зорығуына дейін өзгерді және бұл жұмыс уақытының мөлшеріне ғана қатысты мәселе емес.
Бақылауда ұстауға тырысу — шаршаудың заманауи түрі үшін негізгі сөз. Вигареллоның пікірінше, зорығу деген қазіргі заманғы қала тұрғыны үшін бақылау циклінде тым көп «маңызды нысандарды» назарда ұстауға мәжбүр болуынан болады. Бұл нәрсе бағзы заманғы қала тұрғындарының түсіне де кірмеген. Кеңсе мен шығармашылық сыныптың талабы — микроменеджмент пен көп тапсырма, яғни барлығын бірден орындау және үнемі байланыста болуың керек. Назар аудару локаторы қазіргі уақытта «жасалуға тиіс істер тізіміндегі» заттардың қайсысы орындалып, қайсысы кейінге қалып жатқанын үнемі бақылауы керек.
Бұған психологиялық бақылауды және қосыңыз. Терапевтік мәдениет ішкі жай-күйін, қоршаған ортаның уыттылық деңгейін, басқалармен қарым-қатынастың тепе-теңдігін мұқият бақылауға үйретеді. Бұл тақталардағы қызыл шамдар да анда-санда жанып, сыр беріп тұратыны бар. Осы параметрлерді негізгі мәндерге жеткізіңіз. Ақпарат ағынын алайық. Мысалы, мессенджердегі ондаған корреспонденциямен қатар жұмыс істеуге тырысу және жаңалықтар лентасы дегендей мәнсіз істерге көміліп қаламыз. Жоғарыда сыртқы бақылау локусын бекітелік. Бастықтарда жұмыс немесе тіпті бос уақыт кезінде не істейтініңізді бақылауға бұрынғыдан да көп мүмкіндіктер бар: тапсырмалар менеджерлері, сапаны бағалауды басқару жүйелері, қауіпсіздік камералары, жұмыс экраныңыздағы скриншоттарға дейін; Біз өзіміз туралы кез келген ақпаратты бақылаушы органдарға беретін әлеуметтік желілер де табылады.
Жариялылық та бақылаудың әртүрлі деңгейлеріне қосылуы керек тағы бір параметр. Әлеуметтік желілердің арқасында біз үнемі көпшілік назарында боламыз: сыртқы келбетімізді сақтауымыз керек, қуаныш не қайғымызды дұрыс көрсетуіміз керек, «сатуымыз» керекті жобаларымыз дегендей. Тапқырлық танытыңыз және интернетте өзгелер жіберген қателікке бармаудың жолын іздеңіз, яғни жасандылықпен күрескеніңіз жөн. Жалпы алғанда, біздің қоғамда қабылданған эмоционалдық мектепке сәйкес өзімізді дайындауым керек. Бірде әлеуметтанушы Арли Хокшильд америкалық стюардессаларды мысалға ала отырып, «эмоционалды еңбек» туралы кітап жазған. Ол еңбегінде стюардессарлардың үнемі күлімсіреп, оптимистік көңіл күйде жүруі керектігін, өзгелерді шабыттандырып, қорыққанын я қайғырғанын жұрттан жасыруға тиіс екенін және басқа да миллиондаған жасанды қасиеттерді игеру керектігін айтқан. Ал бүгінде бәріміздің де сол америкалық стюардессадан айырмамыз жоқ. Біз көптеген нәрселерді көз алдымызда ұстаймыз. Сондықтан да құрылғылар бұған төтеп бере алмайды. Біз өзіміз Мишель Фуконың кітабындағы тамаша түрме паноптикон сияқты толық көрінетін кеңістікте тұрғандаймыз.
Неліктен ата-аналарымыздың заманында бұлай болмады? Вигарелло бұған жауап бермейді. Жалпы, кітаптағы шаршау мәселесі тек француз материалынан қарастырылады (аз-кем британдық және герман тіліндегілері де бар), кеңестік тәжірибелерден тек Стаханов қозғалысы мен лагерьлердегі ауыр еңбек туралы айтылады. Мүмкін, Батыс Еуропа әлеміне жатпайтын кез келген елде Вигарелло оқиғасына жергілікті сюжеттер, жергілікті шаршау туралы әңгімелер жатқызылуы мүмкін. Бірақ ата-аналар туралы жазғанда жергілікті ерекшеліктерді алға тартудың қажеті жоқ сияқты. Шамасы, соғыстан кейінгі кезеңде темір перденің екі жағында (барлық жерде болмаса да) бәрі бірдей болмағанымен, адамдар 12 сағат бойы қара жұмыс мехатынан құтылған баянсыз жылымық уақыт болды, бірақ экранға үздіксіз қарауды немесе ішкі ыңғайсыздықтың ең кішкентай реңктерін басқаруды әлі үйренбеген. Айналасындағы әлемге назар аудару үшін олардың бос уақыты болды және оларды бұл дүниеден алшақ ататын ерекше ештеңе болмады. Шамасы, мұндай немқұрайлы бақылау — шамадан тыс шаршаудан сақтайтын ең жақсы құрал. Әйтпесе, олардың шаршағанын тек әлеуметтік желілерде ғана емес, тіпті жақындарының арасында да жария ету әдеті болған жоқ, егер солай болса, оларға рақмет айталық.