QALAM жобасы туралы
БАХЫТ БАПИШЕВ Дух Горы
Еліміз бен Орталық Азия негізінен әралуан идеология мен діннің, мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысқан орны болды. Мұның бәрі ғасырлар бойы осы өлкенің топырағына, тағдыр талайына өшпес із қалдырды. Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасында дәнекер болған, түрлі ұлт, идея және тауар мидай араласқан Орталық Азия Үндістан, Иран және Қытайдан бастап ислам халифаттары, Осман империясы, Ресейге дейін көрші жатқан аймақтар мен мәдениеттерге айтарлықтай ықпал етті.
Тарихнама бір мезгілде әлемнің түрлі аймағында пайда болғанымен, тарих ғылымында ең алдымен Батыс Еуропаның деректеріне негізделіп әзірленген ұғым пен конструкциялар басымдық етеді. «Ұлттар», «этностар», «феодализм», «архаика», «Орта ғасыр», «модерн» сөзінің барлығы Қазақстанның, Жапонияның немесе Қытайдың өткенін баяндау үшін қаншалықты қолайлы? Әлемді сипаттайтын отарлық дискурс әлі күнге басым түсіп тұр. Күні бүгінге дейін Лондон, Париж немесе Мәскеуде қалыптасқан тарих Еуропа не АҚШ-та ғана емес, Азиядағы яки Африкадағы қалың бұқараның түсінігінде де үстемдік етеді.
Біз Қазақстандағы, сондай-ақ әлемдегі оқиғалар мен процестер контексінде өткенге үңілетін жаңа көзқарас ұсыну арқылы осы отаршылық призманы өзгертуге тырысамыз.
Біздің жобаға Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Сингапур, Қытай секілді түрлі елдің зерттеушілері қатысады. Жалпыға бірдей қабылданған барлық ғылыми стандартты сақтайтынымызға қарамастан, біз түрлі жанр мен формат тәсілін пайдаланып, тарихи хикаяларымызды тартымды етіп жазуға ұмтыламыз. Сайып келгенде, өткен шақтың қызықты әңгімесі ретінде пайда болған тарих эпостардың, күйлердің және аңыздардың арқасында ұзақ уақыт сақталды. Біз бұл дәстүрге құрметпен, түсіністікпен қараймыз. Өйткені тарих дегеніңіз — өте қызық.
Qalam-ды қазақ, ағылшын және орыс тілінде оқыңыз.
Qalam жобасының негізін қалаушы
Тимур Турлов
Қазақстандық кәсіпкер және қаржыгер, акциялары 2019 жылдан бері американдық NASDAQ қор биржасында саудаланатын Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және иесі. Қазақстандағы IT-стартаптарға қаржы құятын ең ірі инвестор. Гуманитарлық, қоғамдық және спорт саласындағы бірқатар қайырымдылық және әлеуметтік жобаға белсенді қолдау көрсетеді. 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан шахмат федерациясына басшылық етеді.
Әлемдік іскерлік басылымдарда қаржы-экономикалық мәселелерге тұрақты түрде түсініктеме береді, халықаралық конференцияларда баяндама жасап, дәріс оқиды.
Бас редактор
Жар Зардыхан
Тарихшы. 2007 жылы Билькент университетінде 19-ғасырдың соңы — 20-ғасырдың басындағы Ресей империясының мұсылман және түркі халықтарына қатысты Осман империясының саясаты бойынша докторлық диссертация (Ph.D.) қорғады. Түркия, Венгрия мен Германия университеттерінде тарих, халықаралық қатынастар және әлеуметтік антропологияны оқыған. 2008-2020 жылдары КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар және аймақтық зерттеу факультетінде сабақ берді.
Редакция алқасының төрағасы
Әділ Қожықов
2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін саясаттану мамандығы бойынша аяқтаған.
20 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік және тәуелсіз аналитикалық құрылымдарда, мемлекеттік басқару жүйесінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. 2022 жылдан бастап «Freedom Finance Global PLC» Қоғамдық Компаниясы Президентінің коммуникация жөніндегі кеңесшісі.
Көшірілді