ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Ө әрпі

ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Өтүкен

Түркі халықтарының аңызға айналған көне қасиетті астанасы.

Дәл осы Өтүкеннен түркілер өмір бастап, әлемге таралған деген аңыз бар. Қала таудың маңында орналасқан, қасиетті орман оны қоршап тұрған деп айтылады. Бұл туралы мәліметтер негізінен қытай жазбаларында сақталған, бірақ жалпы Өтүкеннің тарихы мен тағдыры бұлыңғыр. Көп жағдайда оның орнына кейінірек ұйғыр қағанатының астанасы Хара Балғас немесе Қарабалғасын, яғни Қара қала салынған деседі.

Моңғолия, Оворхангай провинциясы, Охон аңғары, Хара Балгас. Орду Балық, қара қала, ұйғырлардың астанасы/Alamy

Моңғолия, Оворхангай провинциясы, Охон аңғары, Хара Балгас. Орду Балық, қара қала, ұйғырлардың астанасы/Alamy