ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Х әрпі

ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Ханака

Сопы дәруіштерінің орны

Христиан монастырларына ұқсас болса да, ханака ешқашан жабық болмады. Ханакалар мектептер, ауруханалар, қонақ үйлер, жиналыс орындары ретінде қызмет етті. Қонақтар мен өздері әдетте өмірлерін саяхатқа арнайтын дәруіштер ханакаларға еркін келіп, еркін кете алатын. Ханакалар мемлекеттің, жеке адамдардың берген садақасына өмір сүрді. Дәруіштер жылу жинап, оны жақын ханакаларға жиі қалдырған. Мұнда кітаптар жазылып, балаларды оқу мен есепке үйреткен, ауруларды емдеген, кедейлерді тамақтандырған. Ханака орта ғасырларда да, кейін де маңызды әлеуметтік орталық болды.

Константин Мишин. Анау қаласындағы мешіт. 1900. Ұлы Сапармұрат Түрікменбашы атындағы Түрікменстанның Бейнелеу өнері музейі/Wikimedia commons

Константин Мишин. Анау қаласындағы мешіт. 1900. Ұлы Сапармұрат Түрікменбашы атындағы Түрікменстанның Бейнелеу өнері музейі/Wikimedia commons