Тылсым әлемнің қақпасы, географияның ақыры — мифтік Туле аралы (Фула) мыңдаған жылдар бойы адам қиялын толғандырып келеді.
Латынның Ultima Tule яғни «ақырғы Туле» тіркесі шегара, шек, меже деген мағынаны білдіріп, біздің түсінігіміз бен мүмкіндігіміз аяқталатын тұсты көрсеткіміз келгенде қолданылады, ал әрі қарай белгісіздік қараңғылығы мен танымнан тыс әлемнің сағасы жатыр. Өте ыңғайлы тіркес.
«Жоғары математикаға келер болсақ, мен мектептің алтыншы сыныбында алгебра оқулығына тұтылдым, ал одан кейінгінің бәрі мен үшін Туле ультимосы саналады».
Туле аралында не болып жатқанын біз ежелгі грек саяхатшысы ПифейдіңiПифей (б.з.б. 380 ж. – б.з. 310 ж.) — ежелгі грек саудагері, теңіз саяхатшысы, географ. арқасында білеміз, оның жазбаларының мазмұны бізге ПолибийдіңiПолибий (б.з.б. 200 – б.з.д. 120 ж.) — ежелгі грек тарихшысы, мемлекет және әскери қайраткер. «Жалпы тарихы» арқылы жетті. Өкінішке орай, бірнеше төлтума тарауларды есепке алмағанда, Полибийдің еңбегі де жоғалып кетті. Оны 10–11 ғасырда өмір сүрген византиялық ғалымдардың пікірлері мен шығармалары арқылы танимыз, сондай үзінділердің басын қосу арқылы «Тарих» кітабы жарыққа шықты. Пифей мен Туле туралы мынадай деректер жазылған: «Бұл соңғысын құрғақ жолмен бүкіл Ұлыбританияны кезіп шықтым, ал аралдың ауқымы қырық мың стадиядан астам аумақты құрайды деп көпшілікті алдады. Бұған ол Туле және оған көршілес елдер туралы жаңалықтарды да қосыпты, құдды өз алдында бөлек құрлық, теңіз, ауа жоқ, осының бәрі теңіз өкпесіне ұқсас қоспа іспетті көрсетіпті; оның сөзінше, бұл жердің қоспасы және заттардың жиынтығы ілулі күйде тұрған, құдды бұл қоспа не құрлыққа, не суға өтпейтін тұтас әлемнің байланысы сияқты. Пифейдің өзі бұл қоспаны өз көзімен көргенін айтудан жалыққан емес, ал қалғанын қауесеттерден естіпті».
Бұл әңгімелер Полибийге өте күмәнді көрінді, әрі ол анау айтқандай қалтасы қалың емес адамның өз еркімен осындай үлкен қашықтықты жүріп өтуге ақшасы мен мүмкіндігі болды дегенде сенбейді.
Біз қазір Пифейдің сипаттамасы осы заманда өмір сүретін саяхатшының солтүстік теңізде буырқанған дауылға тап болған кезінде көретін құбылыстарына ұқсас келеді деп айта аламыз. «Мұның бәрінің қоспасы ілулі күйде тұр» деген тіркестен артық бұған сипаттама таппаспыз.
Алайда ежелгі, кейін орта ғасырда әлем негізгі элементтерге ыдырап, адамның қажыр-қайраты сарқылатын ғаламның ең шеткі межесі саналатын Туле туралы әңгімелерге байыппен қарады. Ол жерде сервер жұмыс істемейді, ал графика жүктелмейді. Туле туралы Птолемей,iКлавдий Птолемей (б.з. 100 ж. – 170 ж.) — астроном, астролог, математик, механик, оптик, музыка теоретигі және географ. Страбон,iСтрабон (б.з.д. 63-64 жж. – 23-24 жж.) — грек-рим тарихшысы және географы. ПлинийiАға Плиний (22-24 ж. – 79 ж.) — Рим ғалымы, саясаткер және жазушы. және басқа да авторлар жазған. Бірақ Страбон оған мейлінше күмән келтірген. Өзінің «Географиясының» төртінші томында: «Фула бізден аулақ орналасқандықтан, біздің тарихи деректеріміз айқын емес, себебі Фуланы баршаға белгілі елдердің ішінде солтүстікке ең жақыны саналады. Бірақ Фула туралы Пифейдің әңгімелері ойдан шығарылған, оның біз танитын елдер туралы мәліметтерінен бұл анық көрінеді. Себебі көп жағдайда ол мен жоғарыда атап өткендей жалған деректер ұсынған, сондықтан алыста орналасқан елдер туралы да жалған сөйлегені бек мүмкін», – деп жазады.
Соған қарамастан мұз құрсауында жатқан қараңғылық аралы, тыныстың соңғы мекені, әлем кішірейіп, шындықтың межесі жіңішкере беретін шалғайда жатқан арал туралы ойлар адам қиялын сан-саққа жүгірткені рас. Туле тұрғындарын әртүрлі сипаттады. Кейбір мәтіндерде ең жабайы әрі санасыз адам жегіштер тұратын арал деп жазылды. Ал кейбіреулер керісінше онда ғибратты әңгімелер жүргізетін асқақ рухтар мекендейтін әлем деуден таймады.
Арал Ұлыбританияның солтүстігінде алты күндік жерде орналасқан деп саналды, антикалық авторлар бұл ақпаратқа сеніммен қараса, Орта ғасырда өмір сүрген византиялықтар мен еуропалықтарға қиынға соқты. Бұл аймақ біраз зерттелген еді, Исландия мен Гренландия зерттеліп қойғандықтан, Тулеге еш ұқсамайтын (ортағасырлық климат оптимумының жоғары шыңы 11–12 ғасырға сәйкес келді, Еуропаның солтүстігіндегі теңіздер мұздан тазарды, кеме қатынасы өркендеді, Гренландияда тіршілік пайда болып, жасыл-желекке оранды, ал Исландияда жүзім өсірілгенін ұмытпайық). Британ аралдарынан солтүстікке қарай жүзген алты күн ішінде мұз, су, жер мен аспан қоспасы туралы сөз болған жоқ. Бірақ, шамасы, ежелгі дәуірде кемелер мейлінше тез қимылдаған сияқты, ол кезде ғажайып тылсым дүниелердің көп болғаны рас, пирамидалар мен Родос мүсінінің өзі неге тұрады. Мүмкін ол замандағы қайықтардың тұмсығы суға батпай, ұшып кетуге қабілетті болған шығар.
Сондықтан Тулені іздеу жалғасын тапты. Таңғаларлық ақпарат, дегенмен Тулені іздеу 20 ғасырға дейін жалғасты. Біресе Канаданың солтүстігі, біресе Солтүстік аралы, Франц-Иосифтың жері, жаңадан ашылған барлық территория «ақырғы Туле» деп аталды.
Солтүстікке сапар шеккен гаттерас капитандары газеттерде «Тулені бағындырушылар» деп жазылды. Бұл географиялық бейнеде адамды еліктіретін әлдене болғаны рас, рух пен материяның белгісіз қазыналары іспетті, гауһартас толы үңгірлер, белгісіз құбыжықтар, физиканың жаңа заңдары әлеммен байланыстарын үзсе де, ежелгі білімнің қазынасын мұқият сақтап қалған ежелгі тайпалар… Тұзды судан тот басқан бөренелер мен тастанды бір-екі құстың ұясын кездестіруге болатын Солтүстік мұзды мұхитындағы нағыз аралдар көпшіліктің көңілін көншітпеді.
Туле ертегі мен арманның символына айналды. Алайда бұл ертегіні аталған саланың мықты мамандары — Үшінші райхтың насихатшылары мен авторлары бұзды. 1918 жылы Мюнхенде «германның көне кезеңін» зерттіп, нағыз герман рухын жаңғыртқысы келетіндей көрінетін оккульттік саяси «Туле қоғамы» ұйымы құрылды. Туле туралы грек мифінің қалайша табан астынан германның көне жәдігеріне айналғаны белгісіз, бірақ нацист романтиктерін мұндай кішігірім кереғарлықтар ешқашан састырған емес. Туле — бұл Скандинавияның солтүстігі, барлық германдықтардың Отаны, сондай-ақ «Қоғам» таратқан брошюраларда Туледе жойылып кеткен Атлантида тұрғындарының тірі қалған ұрпақтары — арийлер тұрады деген дерек жазылды. Туленің ұлы рухани үйі өз жарығымен бар әлемге шуақ шашуы керек еді, бірақ тарих қателесті, сондықтан бәрін түзету керек. Әртүрлі сиқырлы рәсімдер орындалып, жанкүйерлер мен серіктестер тауып, елде көбірек күшке ие болған жөн.
Қоғамды массондыққа, сопылыққа, каббала мен нумерологияға ерекше құмар, таланты бар болса да, адамдықтан жұрдай Рудольф фон Зеботтендорф басқарды. Кейбір тарихшылар оны неміс ұлтшылдарының арасында антисемитизмге қарсы іріткі салған тұңғыш идеолог деп санайды.
Фон Зеботтендорфқа тиесілі Münchener Beobachter аты дауға қалған антисемиттік басылым болды, ал өзі мақалалары мен кітаптарында еврейлер арий мен Тулені қалай құртқанын, адамзаттың ұлы тағдырына қалай балта шапқандарын жазды. «Туле қоғамы» негізінде НСДАП — Гитлерді билікке әкелген нацистік партия құрылды, ал НДСАП белді мүшелері «Туле қоғамының» да мүшелері болған. Зеботтендорф қоғаммен ұзақ уақыт айналысқан жоқ. Немқұрайлығы мен жауапсыздығы салдарынан ол 1919 жылы Бавариядағы тәртіпсіздіктер кезінде өзінің серіктестерінің абайсызда атылуына себеп болды, сондықтан елден кетуді дұрыс санап, Германияға Гитлер билікке келгеннен кейін бір-ақ оралды.
Ақырында, Рудольф фон Зеботтендорф идеологтың жекелеген мақалаларын көңіліне алған Гитлердің алдында айыпты болды. Ол өзінің таңғажайып фюрерінен гөрі Туленің рухани жарығы, арийлер мен лемур рухтары туралы көбірек ойлаған сыңайлы. Зеботтенодорф жасырын еврей деп жарияланып, Түркияға қашуына тура келді. Алайда ол онда неміс барлау агенті болып (бірақ куәгерлердің сөзінше, ол пайдаға жарамайтын агент болған), сүйікті Отанына қызмет етуді жалғастыра берді. Туле қоғамы жойылды, есесіне оның орнын басқа мистикалық нацистік жоба, көп жағдайда «Туле қоғамының» идеясы мен тәжірибесін бойына сіңірген әйгілі «Аненербе»i«Аненербе» (Ahnenerbe, «ата-баба мұрасы», нем.) — нацистік Германияның мемлекеттік аппаратының оккультттік-идеологиялық қамтамасыз етуі мақсатында 1935–1945 жылдары «солтүстік нәсілінің» дәстүрі, тарихы мен мұрасын зерттеуге бағытталған ұйым басты. Соғыс аяқталғаннан кейін көп ұзамай Зеботтенодорфтың денесі Босфор бұғазынан табылды, ал оның онда қайдан тап болғаны Туленің арғы дүниедегі рухтарына қойылатын сауал сынды.
Туле туралы аңыздың мистикалық тартымдылығына қорқыншты қоспаның қосылғаны да рас.
Есесіне қазір Койпер белдеуінің астероидтарының бірі — Ultima Tule деп аталады, біздің планетадан 6,5 миллиард шақырым қашықтықта орналасқан жер зонды жеткен астероид Жерден ең шалғайда жатқан нысан. Бірақ оған Пифей жетпеген шығар. Бәлкім, кім білер.