АХМЕС ПАПИРУСЫ

Мысырлықтардың тышқан мен мысықты бөлгені жайлы

АХМЕС ПАПИРУСЫ

Ринддың математикалық папирус /© The Trustees of the British Museum

Ахмес папирусы (сондай-ақ ол бірінші иесінің атымен Ринд папирусы деп те аталады) 19 ғасырдың ортасында Фивадағы қазба жұмыстары кезінде табылған және қазір Британ мұражайында сақтаулы. Папирус б.з.д. 1550 жылы жазылған деп анықталған (оның осылайша нақты даталануы мәтінде шиыршық қағаздың жасалған уақыты — патша Апопи билеген 33 жыл деп көрсетілуіне байланысты, ал оның билік құрған хронологиясы ғалымдарға біршама мәлім). Бірақ мәтіннің өзі әлдеқайда ертерек жазылған, өйткені бұл папирус сол кезде жалпы таралған болуы мүмкін математика мен геометриядан есептер жинағының көшірмесі ғана. Оны Ахмес деген жазғыш көшірген, мәтін иератикамен — иероглифпен шапшаң жазудың үлгісімен жазылған.

Бұл оқу құралы қазіргі заманғы оқулықтарға өте ұқсас — тек мұнда А нүктесінен Б нүктесіне жүретін машина немесе үнемі су толтырылатын бассейннің орнына есептің басты кейіпкері — шаруашылық басшысы, ол әрдайым тандыр нанды, борай бидай толған қаптарды, май мен сыра құйылған құмыраларды адамдарға бөліп беруге мәжбүр болып жатады. Сонымен қатар кейде оның астық қоймасын және өлшемі нақты белгіленген пирамида салуына тура келеді. Сондай-ақ жазбада нөмірі 79 деген тамаша есеп бар, онда жеті үйден тұратын иелікте қанша тышқан мен мысық бар екенін дәл анықтау керек.

(Дұрыс жауабы — 343 тышқан және 49 мысық).