БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

52. Pere Ubu – 30 seconds over Tokyo

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Америкалық рок-группа Pere Ubu/Michael Ochs Archives/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бұл ән, Достоевский айтқандай, шынайы оқиғадан алынған. 1942 жылы 18 cәуірде таңертең он алты америкалық бомбалаушы Дуллитла рейдін жүзеге асырып, Перл-Харбордың талқандалуына жауап ретінде алғаш рет Жапония аумағын бомбалады. Рейдтен бәрі аман қайтқан жоқ.

Сол әуе операциясына қатысушылардың бірі «Токио үстіндегі отыз секунд» деген кітап жазды. Кітаптың желісі бойынша 1944 жылы Спенсер Трейси мен Роберт Митчуммен осы аттас фильм түсіріп, отыз жыл өткеннен кейін пилоттың кабинасында жазылған ән пайда болды-мыс.

«30 seconds over Tokyo» — Pere Ubu тобының 1975 жылы жазған алғашқы синглы, оны Крокус Бегемот лақап атымен танымал америкалық арт-панктың қазынасы, керемет вокалист Дэвид Томас шырқайды. Үш жылдан кейін Rolling Stone Pere Ubu тобының дебюттік альбомы рок-н-роллдың шыңы болғанын хабарлайды. Қайткен күнде керемет гитаралық рифф, атмосфералық атональды діріл, сонымен қатар Томастың қорқыныштан діріл қаққан алып жануардың үніндей құлақ тұндыратын дауысы соғыс сұмдығының шымылдығын ашатын секундтарға сыятын саундтректе көрініс табады.