БАТЫСТАН — ШЫҒЫСҚА

15. Tom Waits – Singapore

БАТЫСТАН — ШЫҒЫСҚА

Том Уэйтс/Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Уэйтстің үздік альбомы саналатын Rain Dogs-тың кіріспе туындысы өзінің қуатымен Мелвиллдің «Моби Дикындағы» басты кейіпкер Ысмайылдың бір қонақ үй бөлмесінде жергілікті гарпуншымен түнейтін оқиғасын еске түсіреді. «Моби Дик» сияқты Singapore да ұлы манхэттендік қиял. Фантом ән 1985 жылы жазылған, бірақ ол кезде түкіргені үшін айыппұл салатын Сингапурға оның қатысы шамалы. Мұнда Нью-Орлеандағы жерлеу рәсімінің үні қытайлық қылмыс ордаларының сыбдырымен, сондай-ақ Уэйтстің өзі ергежейлерге арналған бармицвей деп атаған дүниемен байланыс орнатады. Singapore бұл музыкадағы үлгілі психогеографиялық галлюцинацияның мысалы саналады. Бұл әдісті кейін біраз адам қолданды. Мысалы, Гребенщиковтың «Афанасий Никитин Буги» туындысы мен Уэйтстің әнінің арасында ұқсастық бар, бірақ Гребенщиков әдетте елгезек автор.

Rain Dogs басқа да артықшылықтарымен қатар өнер көрсетуге шақырылған Кит Ричардс, Марк Рибо және Крис Спеддинг сынды ұлы гитаристерімен де ерекшеленеді, ал соңғы екеуі «Сингапурда» ойнайды.