Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Француз бірінші лигасының шансоньесінде Серж Генсбур музыкалық тұрғыда әлем құлақ түре тыңдаған жан еді. Әртүрлі кезеңдерде оның әндерінде нигериялық перкуссияшылар, англо-саксондық психоделия, кариб билері, Нью-Йорк хип-хобы, ямайкалық ырғақ-секциясы және өзге де әуездер басым келді. Оның Оңтүстік-Шығыс Азияға деген махаббаты «Катмандуға бастар жол» (1969) фильмінен басталды, ал бір жылдан кейін композитор әрі өңдеуші Жан-Клод Ваньемен бірге ол «Каннабис» фильміне саундтрек жазды. Ондағы нөмірлердің бірі толықтай үнді рагасынан тұрады және Джим Моррисонның The end атты туындысының басын еске түсіреді. (Атап өтерлігі, мұнда The Doors гитаристі Робби Кригер Рави Шанкардың сабақтарына естелік ретінде өз гитарасының күйін ситар ырғағына сай лайықтаған еді).