БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

44. Todd Rundgren — Zen Archer

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Тодд Рандгрен/Aaron Rapoport/Corbis via Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бұл эксцентрикалық нөмір (болашақ the Tiger Lillies және басқа цирк әртістері бар) жетпісінші жылдардағы Американың ең ықпалды сонграйтерлерінің біріне тиесілі, көп қатпарлы, көбінесе утопиялық поп-музыкалық көзқарасы байқалады. Рандгрен өз әндерінің бірінде «International feel» деп атаған нәрсені сезінуге шебер емес еді, мұндағы оның халықаралық деп атаған сезімі жапондық және буддисттік еді. Осынау салтанатты ән герман философы Евген Херригельдің 1948 жылы шыққан «Садақ тарту өнеріндегі Дзен» кітабының әсерінен шабыттанып жазылған. Херригель — жиырмасыншы жылдары Жапонияда садақ ату өнері, жауынгерлік және рухани тәжірибеден білім алған, сөйтіп дзен буддизм мен садақ ату өнерін ұштастырған тұлға.

«Мен негізі шын сүюді үйренсем дедім, бірақ нысанаға садақ атуды меңгеруіме тура келді», – деп жырлады Гребенщиков, бірақ кюдода мұндай қайшылық жоқ, екеуі біте қайнасқан. Үйлесімділікке және жоғары рухани тәртіпке ұмтылу үшін бес принцип бар, олар: анық ақыл, мінсіз тұрыс қалпы, дұрыс тыныс алу, назарды нысанаға қадау және түйсік. Тодд Рундгрен әнінен осылардың қаншалықты ғажайып қасиет екенін тыңдап бағыңыз, тыңдарман!