БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

48. «Соломенные Еноты» — «Таитянка» (Таити әйелі)

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Борис Белокуров, "Соломенные еноты" тобының жетекшісі / ашық дереккөздерден

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

«Соломенные Еноты» (Сабаннан жаралған жанаттар) — 90 жылдардағы Мәскеу экзистенциалды панк-рогының ұмытылмас культі. Топтың марқұм болған жетекшісі Борис Усов — орыс тілді гитара музыкасының азулы әрі ақырғы «қарғыс атқан ақыны». Ол бар ғұмырын Мәскеудің Коньково ауданында өткізді. Алайда ол жерден Мадагаскар, Австралия, Сиам, Сан-Лоренцо және басқа да маракота тұңғиықтары мен финикиялық мысықтарына жол ашылды. Гогендік Таити әйеліне олардың соңғы альбомындағы бұл ода фантомдық дыбыспен ерекшеленеді және бұл сирек құбылыс, өйткені «Соломенные Еноты» қатаң эстетикалық көзқарастарға байланысты ешқашан мұқият дыбыстық кескіндемені талап еткен жоқ. Дегенмен бұл жерде музыка арқылы буланған аквариумдағы экзотикалық балық сияқты сенделгені секілді әсер тудыра алды. «Менің жұмыс аймағым Полинезияны осылай жауып тастайды» дейді ән мәтінінде. Сірә, әлемдердің қасіретті кереғарлығы туралы айтылған ән кемде-кем.