БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

50. The Limiñanas – Istanbul is Sleepy

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

The Liminanas/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бұл Перпиньян қаласынан шыққан тамаша әрі салыстырмалы түрде жас буын саналатын инди-рок тобы «соңғы тілім» жанрында өнер көрсетеді. Олар әр альбомда бұрынғы шеберлердің уақыттан есе жібермеген ескі тәсілдерін қолданады, мәселен ол қатарда The Velvet Underground рухындағы монотонды декаданс-гипноз, неміс мектебінің нақышына келтірілген соқпалы ырғағы мен француздық винтаж поп-бит бар. Бұл берекелі әрі тексерілген схема тек бір жағдайда ғана жұмыс істейді: сол баяғы дәмді сақтау керек және артық ештеңе қосудың керегі жоқ. Liminanas тура осылай істейді, мойындау керек әртүрлілікке жол береді, десе де аскетикалық сән-салтанат пен драйвтың арқасында жеңіс шыңынан көрінеді. Бұл музыка тілінде түбегейлі жаңа дүние айту мүмкін емес, бірақ баршаға белгілі әдеткі шындықтарды олардың толқындай кенет көтерілетін әсері баурап алады. Мәселен Стамбұл туралы дәл сондай тонда шырқағандар жоқтың қасы. Сонымен қатар The Brian Jonestown Massacre атты көрнекті топтың жетекші вокалисті осы топта да өнер көрсететінін ескерген жөн. Бұл Босфор жағалауындағы өнер көрсетуді одан сайын әсерлі ете түсетіні сөзсіз.