БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

51. Harold Budd – Bismillahi 'Rrahmani 'Rrahim

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Американдық композитор және ақын Гарольд Будд (1936–2020) 1988 ж. 13 желтоқсан / Джон Стоддарт/John Stoddart/Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Бірнеше жыл бұрын өмірден озған Харольд Бадд — Лос-Анджелестен шыққан керемет композитор. Ол академиялық авангардтан бастады, бірақ оны атмосфералық фортепианомен жасаған тәжірибелері және эмбиент жанрында кең таралған әрі бағаланған пластинкалары танымал етті. 90-жылдары жаңа клуб мәдениеті өздерінің чил-ауттарында осынау тыныштандыратын тәжірибелерді қолданып, оны кең құшақ жайып қарсы алды. Bismillahi 'Rrahmani 'Rrahim трегі 1978 жылғы The Pavillion Of Dreams пластинкасының шымылдығын ашады, ал оның продюсері бір кездері америкалыққа үлкен әсер еткен Брайан Ино еді. Продюсер оған мейлінше жұмсақ әрі арманшыл дыбыс әлеміне жол ашып, ұйқы павильонына бастады. Исламда «БисмиЛляхи-Рахмани-Рахим»iМейірімді Алла тағаланың атымен бастаймын бар дүниенің ізгі бастамасы іспетті, яғни бұл дұғаның да, кез келген сөздің де басы, бұл медет тілеу, кез келген жетістіктің бірінші себебі. Саксофонға, пернелерге, арфаға және маримбаға арналған маримбада Майкл Найман11Майкл Найман 1944 жылы дүниеге келген ағылшын композитор-минималисі, Питер Гринуэй фильмдеріне жазған саундтректерімен танымал ойнайды он сегіз минутқа сыйып кететін туынды минимализмнің музыкалық тәсілі сезімдерді босатып қана қоймай, сәулелі жарық түсіретінін де дәлелдейді.