Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Бірнеше жыл бұрын өмірден озған Харольд Бадд — Лос-Анджелестен шыққан керемет композитор. Ол академиялық авангардтан бастады, бірақ оны атмосфералық фортепианомен жасаған тәжірибелері және эмбиент жанрында кең таралған әрі бағаланған пластинкалары танымал етті. 90-жылдары жаңа клуб мәдениеті өздерінің чил-ауттарында осынау тыныштандыратын тәжірибелерді қолданып, оны кең құшақ жайып қарсы алды. Bismillahi 'Rrahmani 'Rrahim трегі 1978 жылғы The Pavillion Of Dreams пластинкасының шымылдығын ашады, ал оның продюсері бір кездері америкалыққа үлкен әсер еткен Брайан Ино еді. Продюсер оған мейлінше жұмсақ әрі арманшыл дыбыс әлеміне жол ашып, ұйқы павильонына бастады. Исламда «БисмиЛляхи-Рахмани-Рахим»i