Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

54. La Femme — Ballade Arabo-Andalouse

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

La femme/photo: selbymay/Wikimedia commons

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Биаррицадан шыққан бұл топ жалпы ретро-экзотизмге баса назар аудара отырып, сантүрлі жарқын түстер және аралас стильмен ерекшеленеді. Кейде олардың талғамы өзгеріп тұрады, десе де бұл көбіне карнавалшылар өз қалпына келгенде өзгеретіні рас. Қайткен күнде La Femme заманауи француз поп-музыкасының ең көз тартар «әшекейінің» біріне айналуы мүмкін. Олардың өткен жылғы испан центристік пластинкаларының соңғы туындысы соның дәлелі. Бұл Андалусия Әл-Андалус аталып, Испанияның оңтүстігінде мавр сәулет өнері сақталған естелік, қасбеттерде бадам иісі мен мұсылманшылықтан хабар беретін ашық түстерді еске салатын енжар аспап үні («мүмкін, бір кездері» деп үміт сыйлайтын қыздың сыбырын есепке алмағанда) бар туынды.