Бүгінгі қазақ әдебиеті т1Томас Стернз Элиот (1888-1965)i
Бұл мәтінді жазу барысында неге екенін білмеймін өзім жоғары бағалайтын жазушы Таласбек Әсемқұловтың6
Дәстүр мен жаңашылдықтың қақтығысы
Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы қақтығысқа қатысты жапон әдебиеті тарихындағы мына бір ерекшеліктерді алға тартқым келеді. Жапон поэзиясында 8 ғасырда пайда болған Маньешу 7
Қазақ әдебиетіндегі қазіргі үнсіздік
Қазір қазақ әдебиетінің өлара кезеңі. Бұл жазушылық әуесқой кезеңнің шекпенін шешіп, кәсіби түрде нарықтық кезеңге өту қажеттігін анық ұқтырған секілді. Себебі, бұған дейін әдебиет көп жағдайда мемлекеттің арнайы қаржы бөлуімен дамып отырды. Ал қомақты қаламақы қазақ жазушыларының нарық қоғамына бейімделуіне айтарлықтай кедергі келтірді. Сонымен қатар мемлекеттік сыйлықтар үшін ғана жазылатын шығармалардың саны артты. Нарық жағдайды толық өзгертіп, мемлекет тарапынан берілетін қаламақы мөлшері азайғаннан кейін жазушылар арасында билікке деген тәуелділік пайда болса, кей жазушылар батыс легитимизацисы үшін күрес бастады, яғни халықаралық мойындалуға деген ықылас артты. Билікке деген тәуелділік әлеуметтік-саяси жағдайларда үнсіз қалуға, немқұрайлыққа әкеліп, ол кейін қоғам алдындағы абыройсыздыққа түрткі болып, қала берді жиі айыптаулар мен сынға ұшырады. Сондықтан, әдебиетте поэзиялық шығармаларды есепке алмағанда, шын сұраныс тудыратын прозалық шығармалар аз. Мәселен, қазақ жазушылары роман жанрына келгенде тығырыққа тірелді. Бұл жанр аса күрделі болғандықтан, кәсіби емес жазушылардың шеберлігі оны еңсере алмай, осы себепті тоқырап тұр деп топшылаймын яғни, қазіргі үнсіздік әуесқойлық пен кәсібилік арасындағы таңдау.
Ал қазақ әдебиетінде әлеуметтік саяси тақырыптарда жазылған Ырысбек Дәбейдің «Қоңыз» романын, Әлішер Рахаттың «Махаббатым — Constant» туындысын атауға болады. Бірі Жаңаөзен оқиғасындағы10
Қазақтың көзіндегі сұлулық
Қазақ сұлулықты қалай көреді деген ой мені осыған дейін мазалады. Дала танымында сұлулық деген не? Қазақтың көзіндегі сұлулықты көру үшін оның поэзиясын, мифологиясы мен әлемге деген көзқарасын жете түсіну керегі рас. Сол үшін адам ретінде өзіңдегі кімдікті айқындау белгілі бір деңгейде оның поэзиясын сезінуге жол бастау керек. Қазақ өлеңінде даланың айнасы жылқының көзінде секілді көрінді, кейін өлең дұғаға айналды, бірақ дұға күйден аса алған жоқ. Қазақ көзіндегі сұлулық кейде маған Жұмекен Нәжімеден11
Мәселен Жеңіс Шәкенұлының «Қара таудың елдері» атты өлеңінен назар аударып көріңіз:
Шағи белбеулі,
Ақ құр белдеулі.
Нардың сүті төгілген қара тауларым,
Жасылдың тұмсығы дал болған жартасым.
Түн кезген бөріге,
Маңыратып көтертпе,
Ауылдың лағын, марқасын.
… Нардың сүтін емген қара тауларым.
Қара шалдарым,
Қараған қаққан майлы шалбарын.
Сол менің байтақ даламда,
Дүлдүлдің ізі қалған жандарым.
Мұндағы өлең мәтінін аударма тілінде жеткізу өте қиын. Сезімді түсіндіру қосымша интерпретация жасауды талап етеді. Бұл болмыс пен сезімді бұғаудан босатып, әлдебір әстезіс күйдің әсеріне бөлеуге жол ашады.
Қазақ әдебиеті қос саналы будан мәдениеттен тыс өзіндік кімдігі бар айқын дүние. Кариб теңізінің ақыны Эдуард Камау Бретуейт өзінде бар айқын дүниеден гөрі, болмысынан тыс өзінде жоқ дүниеге ұмтылу арқылы төл дауысынан айырылған жандарды: «Біздің қабылдау моделімізде біз тұратын өлкеде буырқана соғатын құтырған дауылдан гөрі, жерге түсетін қарды көбірек түйсінеміз» деп дәл айқындаған іспетті. Ал Дерек Уолкотт14