ЧАРЛЬЗ РОБЕРТ ДАРВИН

Чарльз Дарвин ұстанған өмірлік ережелер

ЧАРЛЬЗ РОБЕРТ ДАРВИН

Адам эволюциясы / Getty

Чарльз Дарвин төл ғылыми еңбектерінде табиғат пен ғылымға ғана емес, сонымен қатар адамға, оның ой машығы мен жосығына қатысты көзқарасын талай рет кеңінен тарқатып айтты. Ал хаттары мен «Автобиографиясында» қалай ойлап, жұмыс істеп, өмір сүретінін кеңірек түсіндірді.

Уақытты босқа өткізбе

«Өз уақытының бір сағатын текке өткізген адам, өмірдің бар құндылығын жете түсінбеген», – деп жазды Дарвин Бразилиядан «Бигльмен» үйге қайтар жолда әпкесіне жазған хатында.

Чарльз Дарвин азды-көпті кемелдікке жеткен шағында уақытын құр өткізбеген (студент шағында ол, әрине, бос уақыт өткізгені рас, сондықтан осы іске қатысты бір білгені болған соң пікір білдіріп отыр). 1842 жылдан бастап ол сол кездегі Лондоннан 20 шақырым қашықтықтағы Даун ауылында тұрып, жұмыс істеген. Оның ұлы Фрэнсис әкесі сирек ауытқитын күнделікті кестені алдына әкеліп беретін:

07:00 Ояну және аз ғана сейіл құру.
07:45 Жалғыз таңғы ас ішу.
08:00 -ден 09:30 дейін Кабинетте жұмыс істеу. Дарвин — бұл ең өнімді жұмыс істеу уақыты деген.
09:30-дан 10:30-ға дейін Қонақ бөлмеде хаттарды оқу.

10:30-дан 12:00
немесе 12:15

Тағы кабинетте жұмыс істеу.
Түс Серуен: алдымен жылыжайға бару, содан кейін қожалықтың маңында жалғыз немесе итпен бірге бірнеше рет айналып, серуендеу.
12:45 Барлық отбасы мүшесінің қатысуымен түскі ас ішу — бұл тамақ ішетін ең басты уақыт. Содан кейін «Таймс» журналын оқып, хаттарға жауап беру.
15:00 Әйелі роман немесе жеңіл әдебиетті дауыстап оқып жатқанда жатын бөлмедегі диванда темекі шегіп, демалу.
16:00 Қожалықтың маңында кейде жалғыз, кейде топтасып серуендеу.
16:30-дан 17:30-ға дейін Кабинетте жұмыс істеу, осы күннің тапсырмаларын орындау.
18:00
Әйелі дауыстап кітап оқып жатқанда, тағы да жатын бөлмесінде демалу.
19:30
Отбасымен жеңіл кешкі ас ішу. Есейген шағында Дарвин қонақтар келген кезде ешқашан ер адамдармен ас үйде отырмаған, әйелдермен бірге қонақ бөлмесіне кетіп қалған. Егер үйде қонақтар болмаса, әйелімен екі партия нарды ойнап, әдеттегідей кітап оқуға жайғасқан. Дарвин өзі оқыған немесе әйелінің фортепьяно ойнағанын, дауыстап кітап оқығанын тыңдаған.
22:00
Сағат 22.30-да ұйықтау. Тіпті үйде қонақтар болса да, үй иесі жарты сағаттан артық әңгіме айта алмаған. Оны әңгімелер шаршататын.

Жұмыс — ең жақсы дәрі

«Менің өмірдегі ең басты ләззатым әрі жалғыз жұмысым — ғылым болды, ал оның әсерінен туған қуат бойымдағы нашар сезімді уақытша ұмытуға немесе мүлдем серпіп тастауға мүмкіндік береді», – деп жазды Дарвин 67 жасында.

Дарвиннің денсаулығы расында нашар еді. Дарвин эволюция ілімін ойлап тапқан «Бигль» кемесімен дүниежүзіне саяхат жасаған жылдардан бастап, ол өмір сүрген замандағы дәрігерлер де, қазіргі замандағы дәрігерлер де түсіндіре алмаған физиологиялық симптомдарға ұшырады. Әрі бұл симптомдар тіпті қазіргі уақыттың өлшемімен алып қарағанда да біраз жасқа жетуіне, яғни 73 жасқа дейін өмір сүруіне кедергі келтірмесе де, оның тұтас ғұмыры мен жұмысына айтарлықтай әсер етті. Оның үстіне, «Тіпті денсаулығымның нашарлығы өмірімнің бірнеше жылын алса да [ақтығында, маған пайдалы болды], ол мені ақсүйектер қоғамындағы енжар өмір мен ойын-cауықтан құтқарып қалды», – деп мойындаған еді ғалымның өзі.

Бұл сөздерді жас кезінде көңіл көтеруге аз уақыт бөлмеген, қала берді аңшылықты ерекше құрметтейтін адам жазғанына сену қиын. Десе де, «Бигльмен» саяхаттап жүрген кезінде 24 жастағы Дарвинді ғылымға деген махаббат жаулап алып, ол басқа көңілі ауған дүниелерден әлдеқайда ерек болып шықты: «Алғашқы екі жылда [кемемен бес жыл жүзген жылдың] аңшылыққа деген құмарлығым бұрынғыдай арта түсті, өзім де коллекцияма қажетті құстар мен жануарларға аңшылық жасайтынмын, бірақ біртіндеп мылтығымды қызметшіме бере бастадым, себебі аңшылық жұмысыма, әсіресе, аймақтың геологиялық құрылымын зерттеуге кедергі келтірді. Дегенмен бақылау мен ой жұмысының беретін ләззаты кез келген техникалық дағды мен спорт беретін ләззаттан қарағанда салыстыруға келмейтіндей асқақ екенін бейсаналы түрде біртіндеп ұғына бастадым. Жабайы тіршілік иесінің қарабайыр инстинкті менің бойымда бірте-бірте өркениетті адам қол жеткізген талғамға қарай ойыса бастады», – деп жазады ғалым.

Жануарларды азаптау — дұрыс іс емес

Себебі «барлық тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік — адамның ең асыл қасиеті», өйткені «адам мен жоғары сүтқоректілер арасында ақыл-ой қабілеті тұрғысынан түбегейлі айырмашылық жоқ», ал «төменгі жануарлар адамдар сияқты ләззат пен азапты, қуаныш пен қайғыны сезінеді».

Осы себепті жануарларға тәжірибе жүргізуге болмай ма? Ғылым ше? Тәжірибе жасауға болады, бірақ «жануарларға физиологиялық тұрғыда жүргізілетін тәжірибелер тек ғылыми мақсатты көзде, онда оны ақтауға келеді, алайда жиіркеніш тудыратын қызығушылықтың буына елітіп тәжірибе жүргізу кешірімге лайық емес».

Иә, ол кезде жануарларға тәжірибе жүргізбесе, қиын болатын, ал Дарвиннің өзі осындай тәжірибелер жүргізіп, басқа ғалымдардың зерттеу нәтижелерін өз жұмыстарында пайдаланды. Оның әртүрлі қоғамдық талқылаулардан бас тартатын әдетіне қарамастан, ол жануарларға деген аяусыз қарым-қатынасқа қарсы және вивисекцияны шектеуге қатысты (атап айтқанда, вивисекцияны тек анестезиямен жүргізу ұсынылды, болмаса оған толығымен тыйым салу туралы сөз болды) заңнама құру науқанына қосылды, ал нәтижесінде 1870-жылдардың бірінші жартысында Британияда жануарларға тек ғылыми зерттеулер мен оқу мақсатында ғана тәжірибе жүргізуге болатыны туралы заң қабылданды.

Бір ой келді ме, бірден жазып қой

«Әйтпесе, ойды ұстай алмай қаласың. Автобиографиясының өз ойларын талдауға арналған бөлімінде Дарвин: «Бұрын әр сөйлемімді жазбай тұрып ойланатынмын, бірақ бірнеше жыл бойы айбақ-cайбақ жазып, сөздерді қысқартып, тұтас бір бетті толтырып тастасаң, көп уақыт құртпайсың деген қорытындыға келдім, содан кейін ғана оларды [жазылғандарды] түзетіп, ой елегінен өткізуге болады. Осылай жазылған сөз тіркестері ойланып жазған сөз тіркестерімнен қарағанда жақсы шығады», – деп жазады Дарвин.

Сондай-ақ қалыптасқан нанымдарға қайшы келетін ойлар мен фактілерге ерекше назар аударған жөн. «Түрлердің шығу тегі туралы» кітабының табысқа жетуі туралы ойлана отырып, Дарвин жылдар бойы мына алтын қағиданы ұстанғанын алға тартады: «Мен өзімнің жалпы тұжырымдарыма қайшы келетін қандай да бір жарияланған әр фактілерді, жаңа бақылауларды немесе ойларды кездестірген сайын, оларды кейінге қалдырмай, бірден түртіп алып отырдым. Әйтпесе, тәжірибе көрсеткендей, мұндай фактілер мен ойлар орайлы ойдан қарағанда [сіз үшін] тез естен шығып кетеді. Осы әдеттің арқасында ең құрығанда өзім назар аудармаған яки жауабын табуға тырыспаған [бұрындары] көзқарастарыма қарсы кереғарлықтар өте аз болды».

Чарльз Дарвин өз үйінде. 1887 жыл / Alamy

Чарльз Дарвин өз үйінде. 1887 жыл / Alamy

Біржақтылықтан аулақ бол және өз ойыңды өзгертуден қорықпа

«Мен егер фактілерге қайшы келсе, ең сүйікті деген гипотезамнан да (ал мен әртүрлі сұрақтарға гипотеза жасаудан сақтанбай тұра алмайтынмын) бас тарта алу үшін ой еркіндігін сақтауға барынша тырыстым. Шынында, менің басқа таңдауым болған жоқ, дәл осылайша әрекет етуге тура келді. Маржан кедертасын [түзілу теориясын] есепке алмағанда уақыт өте келе өзім бас тартпаған немесе өзгертпеген алғаш қалыптастырған бірде-бір гипотезам есімде жоқ», – деп жазды Дарвин өмірінің соңына қарай жазған автобиографиясында.

Бір қызығы, ол маржан кедертасының түзілуі теориясын «Бигль» кемесінде жүзіп жүргенде әрі соның нәтижесінде тұжырымдаған. Оған сәйкес, теңіз жартастары немесе кедертастары аралдың яки жанартаудың айналасындағы қайраңда өсіп, теңіз бетіне шығады. Содан кейін геологиялық процестердің нәтижесінде жанартау теңіз деңгейінен төмен түседі, ал жартас атолл кейпінде қалады. Бұл теорияны геологтар автор қайтыс болғаннан кейін жарты ғасыр өткен соң растады.

Әдіскер бол

«Мен өз әдеттерімнің әдіскерімін және бұл менің жұмысыма айтарлықтай пайда әкелді», – деп еске алады Дарвин. Ол жас кезінен бұл ережені ғылыми зерттеулерде ғана емес, жеке өмірлік мәселелерді шешу тәжірибесінде сәтті қолданған. Мысалы, өзінің немере қарындасы әрі болашақ жары Эмме Веджвудқа үйленуге ұсыныс айтқаннан кейін, ол күнделігіне үйленудің артықшылықтары мен кемшіліктерін толықтай тізіп шығып, үйлену керек деген шешімге келеді. Бұл шешімі жарға жықпады, себебі Эмма онымен 33 жыл бір шаңырақ астында тұрып, 10 баланы дүниеге әкелді.

Жалпы, ойлау процесін бақылауға алу керек, себебі «адамгершілік мәдениеттің ең жоғарғы мүмкін сатысы — өз ойымызды басқара алатынымызды түсіну».

Оны іс жүзінде қалай қолдануға болады? Атап айтқанда, фактілерді мұқият жинау, топтау және ретке келтіру. Дарвин өзі оқыған кітаптардың (әрі оқымаған, бірақ оқуға тиіс) және өзіне қажет болады-ау деп тапқан фактілердің тізімін осылай жинаған. Кейін осы жиналған фактілерді ой елегінен өткізіп, аталған фактілерді түсіндіретін жалпы заңдарды шығарған.

Өлең оқы, музыка тыңда

Ғылым жолын сансыз фактілерді синтездеу мен талдауға арнап, уақытты босқа өткізбеуге шақырған ғалымның бұлай дегені оғаш естілуі мүмкін. Алайда өмірде ойын-сауыққа да орын болғаны жөн. Біз мұны ғалымның жоғарыда атап өткен күн тәртібінен де байқадық, күнделікті нарды ойнаудың өзі неге тұрады.

Сонымен қатар көркем әдебиет пен басқа да «гуманитарлық» дүниелерді оқуға уақыт бөлу керек, әйтпесе салдары жақсы болмайды деп жазады Дарвин. «Отыз жасқа дейін, тіпті одан кейін де поэзия атаулы маған үлкен ләззат сыйлады: мысалы, Мильтон, Грей, Байрон, Вордсворт, Кольриі бөлігін ғана гүлдей солдырғанын түсінер емеспін. <…> Егер өмірімді қайта сүруге мүмкіндік болса, аптасына бір рет болса да белгілі бір мөлшерде өлең оқып, ән тыңдап және Шеллидің шығармалары, ал мектеп жылдарында мен Шекспирді, әсіресе, оның тарихи драмаларын сүйіп оқитынмын. Бұрын сурет салудан көп ләззат алатынмын, ал музыка одан да үлкен сүйіспеншілікке бөлейтін. Бірақ талай жылдан бері бір шумақ өлең оқуға шамам жетпей жүр; жақында Шекспирді оқуға тырыстым, бірақ бұл маған сөзсіз, тым іш пыстырарлық болып көрінді. Сурет пен музыкаға деген талғамымды да сарқып біттім. <…> Жоғары эстетикалық талғамның оғаш әрі өкінуге тұрарлықтай жоғалып кетуінің тағы бір айрықша тұсы тарих, биография, саяхат туралы кітаптар (оларда қандай ғылыми фактілер бар екеніне қарамастан), әртүрлі тақырыптағы мақалалар мені бұрынғыша өте қатты еліктіреді. Менің ақыл-ойым үлкен фактілер жинағын жалпы заңдылықтарға айналдыратын машинаның бір түріне айналған сияқты, бірақ мұның неліктен миымның жоғарғы [эстетикалық] талғамдарға тәуелді едім; мүмкін осындай [тұрақты] жаттығулар арқылы миымның қазір атрофияға ұшыраған бөліктерін белсенді қалпында ұстап қалар ма едім. Бұл талғамның жоғалуы бақыттан айырылумен тең, мүмкін ақыл-ой қабілеттеріне, қала берді адамгершілік қасиеттерге де зиян келтіруі мүмкін, себебі біздің табиғатымыздың эмоционалдық тұсын әлсіретеді», – деп жазды Дарвин.

Өмірде ақымақтыққа жол беру керек

Тіпті олар да ғылыми тәжірибе түрінде болуы тиіс. «Мен ақымақ тәжірибелерді жақсы көремін, әрі үнемі жүргізіп тұрамын», – депті Дарвин бірде зоолог Рэй Ланкастерге.

Мысалы, бірде ол шыны ыдыстың астына аталық өсімдіктің тозаңын және одан біршама қашықтықта аналық гүлді қойып, ұрықтану жүре ме деп бақылаған екен. Оның үстіне, Дарвин өзінің әріптестерін де осындай тәжірибелер жүргізуге шақырады. Ондай тәжірибелер қатарында жібек бермейтін жібек құрттарын өсіру бар. Мәселен, хлорофилсіз жапырақтармен жасыл құрттарды тамақтандырып, олардың бозарып кететінін тексергісі келген неміс биологы Юлиус фон Сакс сияқты ғалымдар «ақымақ тәжірибе» жүргізгенде Дарвин мұны өте жақсы қабылдаған.

Дарвиннің гүл тозаңы өкпек желсіз яки тозаңсыз жабық кеңістікте ұрықтанады, болмаса жібек бермейтін жібек құрттар біреуге пайда әкеледі деп күтті деу жаңсақ пікір, ол мұны біржақты пікірге байланбау үшін жүзеге асырды. Сондай-ақ, оның ойынша, ақымақ тәжірибелердің өзі күтпеген жерден нағыз ғылыми нәтижелерге жол ашуы мүмкін: «Мен өзім ақымақ тәжірибелер деп атайтын дүниені істегенді жаным сүйеді, – деп жазды ғалым химик Джеймс Хэннейге жазған хатында. – Олар табысты нәтижелерге сирек әкеледі, десе де жанама болса да қызықты нәтижелерге жиі жол бастайды».

Чарльза Дарвинның карикатурасы. 1871 жыл /Illustration by GraphicaArtis/Getty Images

Чарльза Дарвинның карикатурасы. 1871 жыл /Illustration by GraphicaArtis/Getty Images

Әркім нені қалайды, соған сенсін

Чарльз Дарвиннің Құдайға сенім туралы көзқарасын айналып өтуге болмайды, себебі ол өзі де бұл сұраққа талай рет тоқталған еді. Ол бірте-бірте сенім қағидаттарына толық иланудан және дін қызметкері боламын деген ойынан бас тартты (ол үшін университетке түсу керек болды, ал ол жақта бәрі басқа бағытқа өзгерді), ал өзінің Киелі Кітапты алға тартқаны үшін «Бигльдегі» экипаж оны күлкіге айналдырған еді, нәтижесінде Дарвин өз көзқарастарынан айныды, бұл туралы Дарвин өз «Автобиографиясының» арнайы тарауында толық баяндайды.

Десе де британдық миссионер Джон Фордайкқа жазған хатында ол Құдайдың бар екенін жоққа шығаратындай атеист болмағанын жазған. Ал «Түрлердің шығу тегі туралы» еңбегінің айналасында өрбіген дау-дамайға қатысты америкалық ботаник Аса Грейге жазған хатында: «Мен бұл ғажап әлемді, әсіресе, адамды дөрекі күштің нәтижесінде пайда болды деп санаймын деуге келмейді. Мен бар нәрсені құрастырылған заң әрекетінің нәтижесі деп, ал оң немесе теріс бөлшектерді кездейсоқтық деп атауға болатын нәрсенің әрекетінің нәтижесі деп санауға бейілмін. Бұл ой мені толық қанағаттандырады деп айта алмаймын. Бірақ бұл тақырыптың адам санасы үшін тым күрделі екенініне толықтай сенімдімін. Ит те Ньютонның ақыл-ойы туралы дәл осындай жетістікпен баяндап бере алуы мүмкін. Әркім қолынан келгенше үміт етсін және сенсін», – деп жазды Дарвин.

Артем Милованов

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ