ЕВРЕЙЛЕР МЕН МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ БАТЫСТА ҚУҒЫНДАЛУЫ

1-дәріс. Сары белгінің ежелгі тарихы

ЕВРЕЙЛЕР МЕН МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ БАТЫСТА ҚУҒЫНДАЛУЫ

Могилев геттосының еврейлері ықтиярсыз жұмыстарда. БССР. 1941 жыл/Rudolf Kessler/ Bundesarchiv, Германия

Неліктен сары жұлдыз кемсітушіліктің символына айналды? Еуропалықтар христиандардың басқа діндегі адамдармен жыныстық байланысы туралы не ойлады? Еуропа тарихында мұсылмандарды кемсіту болды ма? Бұл сұрақтарға тарихшы Ирина Варьяш Qalam үшін жаңа курсында жауап береді. Бірінші дәріс кемсітушіліктің ең танымал ескерткіші — лата немесе сары жұлдызға арналған.

1980 жылы режиссер Марта Месарош түсірген, франк-венгерлік «Мұра» (Örökség) фильмі жарыққа шықты. Фильмнің оқиғасы 1936 жылғы Будапеште өрбиді. Советтік прокатқа фильм «Тоқал», ал француз және ағылшын тілінде «Мұрагерлер» деген атаумен шықты. Осы атаудың өзі фильмнің сюжетін ашып тұрғандай. Ирен есімді суреткерлік таланты бар әрі оқуға ынталы кедей еуропалық қыз, бай әрі тұрмысы бақуатты, дегенмен бедеу Сильвия есімді әйелге суррогат ана болуға келісімін береді. Алайда уақыт өте келе Иреннің Сильвияның күйеуі Акошпен махаббат хикаясы басталады. Ирен өмірге егіз баланы әкеледі және оның біреуі әкесінің отбасымен қалады. 1944 жылы венгерлік еврейлерді депортациялау басталады. Ирен көрермен алдынан қалың адаммен бірге, сары алты бұрышты жұлдыз тігілген сүр киіммен өтеді. Фильмде ешқандай да концлагер, атылып жатқан адамдар көрсетілмегенімен, осыған қарап бас кейіпкердің трагедиялық тағдыры қалай аяқталатыны белгілі.

Дегенмен Марта Месарош негізгі идеясы мен айтар ойын анық жеткізбеген — соғыстан кейінгі жетістік тапталған ар, жараланған жүрек және трагедиялық гротескіде — қаза болған қарсыластың бойындағы еврейдің қаны.

"Мұра" (Örökség) фильмінен кадр. 1980 жыл/ашық дереккөзден алынған

"Мұра" (Örökség) фильмінен кадр. 1980 жыл/ашық дереккөзден алынған

Jude деген жазуы бар сары матадан жасалған жапсырманы нацистік режим 1939 жылы енгізген болатын. Мұндай таңбаны тағып жүруге бұйрықты алғаш Польшаның Воцлавека қаласын басып алған соң, СС оберфюрері Кремер берді деп жазылған: «Жасына және жынысына қарамастан, барлық еврейлер арқасына кемінде 15 сантиметр болатын сары белгіні тағып жүруі тиіс». Көп өтпей осындай белгіні орталықтың ресми бекітуі бойынша Польшаның өзге аймақтары мен Шығыс Еуропада тағып жүру ережесі енгізілді. Дегенмен Үшінші Рейхтің территориясында, Богемия, Моравия және Словакияда да міндеттелген айрықшалайтын белгіні тағу жөніндегі бұйрық 1941 жылы ғана шықты.11iАлайда осы іспеттес ережелерге қатысты Батыс Еуропа жұртшылығының пікірі оң болмады, соның ішінде Германияның өзінде бұл шешімге халық екіұдай көзқараспен қарады. Осы себепті билік аталған заңды әр жерде әртүрлі уақытта енгізген болатын. Нидерландыда бұл заң 1942 жылы мамырда күшіне енді және голландықтардың басым бөлігі, отандас-еврейлерге қолдау ретінде, еврейлерді айрықшалайтын белгіні тағып жүрген. Бұл елде «Еврейлер мен еврей еместер бірге күреседі!» деген ұран жазылған үш жүз мың қағазды дайындап, таратқаны белгілі. Бельгия мен Францияда бұл заң 1942 жылы шілдеде, ал Болгарияда — 1942 жылы қыргүйекте, Грекияда — 1943 жылы ақпанда, Венгрияда — 1944 жылы сәуір айында енгізілді. Данияда, король X Христианның жұрт алдында жасаған мәлімдемесінен кейін, нацистер еврейлерге айрықша белгіні таққызу туралы заңды қабылдай алмады.

БЕЛГІНІҢ ТҮРІ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

Іс жүзінде, еврейлерге тағу міндеттелген айрықша белгі әртүрлі болды. Көбіне-көп ол таңба Дәуіттің алты бұрышты жұлдызы түрінде жүрді. Шынтуайтында бұл, 19 ғасырда арнайы еврей ұлттық қозғалысының символы ретінде таңдалған, гексаграмма түріндегі көне таңба болатын.

Давид жұлдызы Таураттың масоретикалық мәтінінің бүтін қалған көшірмесінде. 1008 жыл/Legion Media

Давид жұлдызы Таураттың масоретикалық мәтінінің бүтін қалған көшірмесінде. 1008 жыл/Legion Media

Нацистік режимде сары матадан тігілген Дәуіттің жұлдызының ішіне Jude (Еврей) не J әрпі жазылды. Сондай-ақ еврейлер қолына көк түсті алты бұрышты жұлдыз белгісі бар ақ орама немесе J әрпі жазылған сары темір жетон таққан кездері де болған. Жалпы алғанда, жұлдыздың түсі де, жапсырманың формасы да алуан түрлі болды (домалақ, жолақ, үш бұрыш және жазу), кейде тіптен геттоның мекенжайы да жазылып тұрды. Дейтұрғанмен заңның негізгі көздеген ойы еш өзгеріссіз қалды — билік еврейлерді айрықшалап, көзін жою үшін оларды бірден тануға оңай болғанын қалады.

Айрықшалағыш белгіні енгізу идеясының астарында нәсілдік алалау жатты. Осыдан соң бір жапырақ сары мата әлемдік мәдениетте айуандықтың символына айналды. Нацистер «қара таңба» деп атаған сары мата, ақыр соңында Еуропа өркениеті Екінші дүниежүзілік соғысты қайта ой елегінен өткізген соң, өзің секілді адамды саналы түрде жойған сұмдығының белгісіне айналды.

Миллиондаған жазықсыз адам қаза тапқан Қырғын немесе Холокост,iiХолокост (ағылшын тілінде — holocaust, көне грек тілінен аударғанда ὁλοκαύστος — «өртке күйген құрбандық») тар түсінікте бұл — нацистік Германия билігінің еврейлерді жаппай қудалауы және қырып-жоюы. Кеңінен айтқанда, Холокост — нацистік Германияның кезінде, нацистердің түрлі этникалық және әлеуметтік топтарды қудалауға ұшыратып, жаппай жаншуы. сөзсіз адамзат тарихындағы ең сұмдық оқиға болғаны анық. Еврей жұрты бастан кешірген қанды сойқанды, Еуропа жұрты да парадоксалды түрде, өз мәдениетінің сұмдығы, өркениеттік қағидаттарының құлдырауы ретінде қайта ой елегінен өткізді. Өйткені осы бір қанпезерлік адам шошытарлық әрі жабайы әрекетті тудырған еді.

1 / 2

Еуропаның оқыған тұлғалары, ойшылдар мен философтар, суреткерлер мен ғалымдар газ камералары мен сары таңба идеясына жеткізген жолға не нәрсе түрткі болғанын анықтау үшін барын салды. Олар бүкіл тарих ендігі жерде, осыған дейін және осыдан кейін болып бөлінетінін анық түсінді. Осы ойға келген ойшылдардың бірі француз философы — Жан-Поль Лиотар. Ол постмодерндік бағытта «Хайдеггер және еврейлер» деп аталған ғаламат зерттеу еңбегін жазып шықты. «Хайдеггер және еврейлер» кітабы Еуропа жұртына өз ой-өрісінің тереңде жатқан қатпарларын ашып беріп, жадының табиғатына сай, бөгде еврейлердің (еуропалықтармен салыстырғанда) қайғы-қасіретінің себебін түсіндіріп берді. Лиотардың пікірінше:

«Еуропа, оларға (еврейлерге) қалай қарау керегін білмеді. Христиандар олардың шоқынғанын қалады, монархиялық билік қуғындады, республикалықтар бірігуге тырысты, ал нацистік билік көзін жойды». 

Лиотар Освенцимді22ОсвенцимiiПольшадағы концентрациялық және өлім лагерлерінің кешені. Тарихта бұл неміс тілінде «Аушвиц-Биркенау» деп атайды. 1941–1945 жылдар аралығында Освенцимде 1,1 миллионға жуық адам ажал құшты, оның 1 миллионға жуығы — еврейлер еді. Нацистік өлім лагерлерінің ең үлкені және ең ұзақ жұмыс істегені осы Аушвиц-Бикенау болды. Бұл Холокосттың басты символдарының біріне айналған. адам шошырлық қылмыс деп санағанымен, тек өз қауіпсіздігін ғана ойлап, қара басының жайлылығына ғана бас қатырған, Еуропа мәдениеті өзі ұйымдастырған сұмдықты қабылдап, ақырына дейін түсіне алмаған батыстық ойды, жанама түрде осыған мұрындық болды деп кінәлады. Осыдан кейін еуропалық ой-өріс жасырын түрде осы бір «бөтенді» ығыстырып шығарып, ұмытуға тырысты. Нәтижесінде өзінің ең маңызды негіздерінің бірі — сары таңбаны тағу жөніндегі заңнан кейін барлық рационалды ойлары күмәнді болып қалды.

20 ғасырдың орта тұсында аталарымыз бен әжелеріміздің тәжірибесінде Еврей деп жазылған сары матаның қасыреті сақталып қалды.

Бүгінде көзі ашық адамзат, тамыры ерте кезеңдерге кететін, ескі жараны емдеуге міндетті секілді көрінуі мүмкін. Алайда жан-жағымызға үңілсек болғаны, бір жапырақ мата арқылы адамдарды алалау қазірдің өзінде болып жатқанын түсінеміз. Айталық, 2001 жылы 22-мамырда CNN, Ауғаныстанда орнаған тәліптердің режимі сары таңбаны қоғамдық жерлерде үнділер тағып жүрсін деген ережені қабылдғанын хабарлады.

Әлбетте, адамдарға киімдеріне айрықшалағыш белгіні немесе таңбаны тағып жүруге мәжбүрлеу адам қақын аяққа таптау екені белгілі және бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі декларациясына және діни азшылықтарды қорғайтын өзге де халықаралық келісімдерге қайшы келеді.33iАдам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына негізделген Біріккен Ұлттар Ұйымының пактісі 1966 жылғы 16-желтоқсанда қабылданып, 1976 жылғы 23-наурызда күшіне енді. Пакт дегеніміз — халықаралық шарт. Сонымен бірге 2017 жылғы тамыздағы жағдай бойынша қатысқан 172 мемлекеттің алдында міндетті күші бар. Сол қатысқан мемлекеттерден өзге пактіге тағы 7 ел қол қойды.

Сары жұлдызды тігіп отырған адам. Могилев, Ресей. 1941 жыл/Rudolf Kessler/Bundesarchiv, Германия

Сары жұлдызды тігіп отырған адам. Могилев, Ресей. 1941 жыл/Rudolf Kessler/Bundesarchiv, Германия

Қазір бұрын қате деп танылған тәжірибеге неге қайта оралып жатыр?

Осы тұста аталған тәжірибе нацистік Германиядан ертеректе пайда болып, қолданыс аясы айтарлықтай кең болды деген күмән туындаған болар? Адамзат көпшілік түсінбеген, өзгеше тұрмыс кешіп, өзгеше ойлаған, сенімдері ерекше адамдарға айдар тағуға бұған дейін де тырысқан болса, не болмақ?

ЕВРЕЙЛЕРДІҢ КИІМІНЕ ЖАПСЫРМАЛАРДЫ ТІГУДІ КІМ ЖӘНЕ ҚАШАН ОЙЛАП ТАПТЫ?

Шынтуайтында, айрықша белгіні тағып жүру идеясы көршілес өмір сүрген Ибраһим діндерінің ұстанушылары тұсында, тым ерте кезеңдерде пайда болған. Сонау 9 ғасырда бір қала аясында иудейлер, христиандар мен мұсылмандар қатар өмір сүргендіктен, бір-бірінен айыру қажеттігі туды. Нақтырақ айтар болсақ, мұсылмандардан иудейлер мен христиандарды айыру қажет болды — оның үстіне бір қарағаннан ажырата білу керек. Мұндай идея алғаш Таяу Шығыста пайда болды — Араб халифатының астанасы Бағдатта, II Омар халифтің тұсында бірінші мәрте хатқа түсті. Дегенмен Бағдат халифтары айрықшалағыш белгі тағып жүруге ешкімді міндеттеген емес.iiзиммии — бір құдайға табынған иудейлер мен христиандар, пұтқа табынушылардан айырмашылығы, мұсылмандарға қарасты жерлерде осы дәрежеге ие болды Олар біз келесі дәрісте сөз ететін, өзгеше визуалды әдістерді қолданды. Бірақ қожайыны иудей немесе христиан болған құлдар белгі тағуға міндеттелді.

Мәселен, бұл жағдайды құлдар киіміне ені төрт елі болатын бал түсті матаны жапсырып жүрген. Ал өзге дін өкілдерін айрықшалағысы келген сицилиялық билеуші, бұл мәселеге қарабайыр қарап, 9 ғасырдың соңында христиандарға киіміне шошқаның суреті басылған белгіні, ал иудейлерге есектің суреті салынған таңбаны басуды бұйырған. Бұл жарлықты, негізінен бұйрық ретінде емес, тарихи жабайылық ретінде қарастыруға болады, өйткені бізде аталған тәжірибе іс жүзінде қолданылып-қолданылмағанына қатысты дерек жоқтың қасы. Бағдатта осы іспеттес жарлықтарды оқтын-оқтын жаңартып тұрған. Бұл жергілікті халықтың аталған жарлыққа немқұрайлы қарап, іс жүзінде қолдануға асықпағанынан хабар береді.

Латасы бар еврей әйел. Амстердам. 1943 жыл/Bundesarchiv / Alamy

Латасы бар еврей әйел. Амстердам. 1943 жыл/Bundesarchiv / Alamy

Алалап, айрықшалайтын белгінің тарихындағы тағдыршешті сәт ретінде, еуропалық аймаққа тікелей қатысты 1215 жылғы Латерандық собордың әрекетін айтсақ болады. Собор шығарған, сосын Рим папасы енгізген жарлық Латиндық христиан әлеміне толықтай күшіне енген кездер тарих бетінде жиі қайталанған. Аталған жарлықта белгі, өзге дін өкілдерінің киіміндегі таңбалар мен басқа да айрықшалағыш дүниелер хақында айтылмаған. Дегенмен осы бір жарлық Батыс Еуропа патшалықтарында иудейлер мен мұсылмандарды белгі тағуға міндеттеу үшін негіз болды.

Бұл қалай болды? Төртінші Латерандық соборды III Иннокенти крест жорығына әзірлік жүріп жатқан мезетте, католик шіркеуі оңтүстік-француз катарлары мен вальденс ерестерімен күрес қызған шақта шақырған болатын. Рим папасы батыс шіркеулерін күллі христиан әлеміне беделді жоғары құрылым ретінде көрді және соборды аталған беделін одан әрмен нығайта түсу үшін шақырды. Тарихшылардың пікірінше, собордың атақты жарлықтарын құрастыруға Рим папасының өзі ат салысқан.44iАйталық евхаристердің қасиетті жиыны барысында шарап пен нанның Иса Мәсіхтің еті мен қанына айналу жоралғысы жөніндегі канонды; немесе Константинопольдегі крестшілердің салған лаңын бастан кешкен гректерді католиктермен бірігуге шақырғанын (ұлы схизма — 1054 жылы біртұтас христиан шіркеулерінің католиктік және проваславтық болып бөлінуі) мысал ретінде келтіруге болады. Собор ерестердің жолын түрлі әдістермен кесуге тырысты — Иоахим Флорский мен Беналық Амальриктің ілімін еретикалық ілім ретінде санап жазаға тартты, және дінсіздерге қарсы Шығысқа қарай бесінші крест жорығын жариялады. Жетпіске жуық жарлықтың ұзын-сонар тізімінің соңындағы, өзге дін өкілдеріне (иудейлер мен мұсылмандар) қатысты айтылған үш жарлық болды. Мұнда, айталық, өзге дін өкілдері көп шоғырланған христиан жерлерінде, оларды христиандардан айыру мүмкін емес екені сөз болған. Осының нәтижесінде бөлек дінді ұстанатын әйелдер мен еркектер, білмегенін желеу етіп кінәға батыратын байланысқа түсіп жатуы әбден мүмкін. Осы іспеттес тәжірибені собор христиандар үшін қауіпті әрекет ретінде жариялап, жолын кесу қажет деп тапты.

Латерандық собордың аталған жарлығына ұзақ уақыт бойына назар аударылмай келді, бірақ 13 ғасырдың екінші жартысында батыс христиан әлемінің кейбір бөліктерінде иудейлерді үстіңгі киіміне арнайы белгілерді тағуды міндеттеген король жарлықтары шыға бастады.

Мұсылмандар жөнінде көп айтыла бермеді, бәлкім, бұл негізінен Пиреней түбегіндегі елдерде шоғырланған олардың Еуропа жерінде иудейлерге қарағанда әлдеқайда аз болғандықтан солай болар.

Мұнда киімге айрықшалайтын белгіні тағуға міндеттеу жөніндегі жарлық III Генрихтің (1216–1272) билігінің соңғы жылдарында пайда болды. Ол көпшілік орындарда өзге дін өкілдеріне «кесте» тағып жүруді міндеттеді және оның ұлы I Эдуардтың (1272–1307) тұсында да, ұзындығы алты, ені үш елі болатын бір жапырақ сары матаны жеті жастан асқан иудейлердің бәрі тағуға міндеттелді.

Латерандық собор бірнеше он жылдықтар өткен соң ғана, тек IX Людовиктің (1226–1270) тұсында дөңгелек белгі тағу жөнінде жалпы корольдік жарлық шықты, иудейлердің үстіңгі киіміне рота (дөңгелек) белгісі тағылды. Аталған жарлық Батыл Филипп, Әдемі Филипп, X Людовик, V Филипп тұсында қайта жаңғыртылып отырды. Мәселен, халықты ынталандыру үшін қабылданған ереже бойынша, міндетті белгіні тақпаған иудейлерді ұстап берген адамға киімі беріліп отырғаны сөзімізді дәлелдей түседі. Аталған белгі не сары не ақ-қызыл түсте болуға тиіс (дөңгелек жолақ тігінен қақ ортасынан бөлінді) және ол таңбаны кеуде тұсына, күләпараға немесе беліне, кейде арқасына жеті жастан асқан, кей нұсқаларда он үш жастан асқан иудейлер «сән» ретінде тағып жүруге міндет. Егер жарлықты екі мәрте бұзған болсаң, айыппұл төлеуің қажет. Тіптен епископтардың өзінен ақша жасаудың жолын тапқан (аннаттар мен күміске қатысты оқиғаны баяндап беруге болады) есепшіл король Әдемі Филипп, иудей мәселесінен де пайда көріп, қазынаны толтырудың жолын тапқан. Иудейлер белгіні тек корольдің салық жинаушыларынан, бекітілген баға бойынша сатып алған.

Еврей ерлері мен әйелдерінің киімдері. Киімдегі сары шеңбер — еврейлер үшін танымал белгі. Вормс, Германия. 16 ғасыр / ULB Darmstadt

Еврей ерлері мен әйелдерінің киімдері. Киімдегі сары шеңбер — еврейлер үшін танымал белгі. Вормс, Германия. 16 ғасыр / ULB Darmstadt

Ерте орта ғасырлардан бері иудейлер мен мұсылмандар көп шоғырланған Пиреней түбегінде, Төртінші Латерандық собордың жарлығы, іс жүзінде екі мәрте енгізілді. XIII ғасырда мұндай тәжірибені енгізу ұмтылыстарының бәрі сәтсіз аяқталды, өйткені қоғам ол жарлықтарды қолдамады әрі өзге дін өкілдерінің наразылығы тегеурінді болды. Кастилия, Наввара, Португалия, Арагон Коронасы аймақтарындағы мұсылмандар мен иудейлер осы іспеттес жарлықтарды өз қақын аяққа таптау және корольдік билік берген құзіретіне қол сұғу ретінде қабылдады. Епископтардың ережелері мен корольдердің ордонанстарына жауап ретінде олар билік өкілдеріне, егер пікірлері ескерілмейтін болса, мұсылман елдеріне көшіп кетуге құлықты екенін тура жеткізген петицияларды жазды. Мұндағы жарлыққа қарсы қозғалыстар тегеурінді болғаны соншалық, аталған корольдіктегі өзге дін өкілдері санасуға тұрарлық күшке айналды. Осы тұста Рим папасы аталған жарлықты Пиреней түбегіндегі елдерде тоқтатып, кері шегінуге мәжбүр болды.

Ал корольдерге келер болсақ, олардың ешбірі аталған жарлықты енгізуге асықпады. Өйткені олар бұл әрекет әлеуметтік тәртіпті бұзып, қазынаны толтырып отырған бағынышты топты қашырып жіберерін жақсы түйсінді. 13 ғасырда Англияда болсын, Францияда болсын және басқа да Еуропа аймақтарында болсын, белгі тағуға мүдделі болған жалғыз ғана күш, епископтар болды.

1182 жылы еврейлерді Франциядан қуу. Ортағасырлық миниатюра / Bibliothèque NATIONALE DE FRANCE

1182 жылы еврейлерді Франциядан қуу. Ортағасырлық миниатюра / Bibliothèque NATIONALE DE FRANCE

Пиреней түбегінде аталған мәселеге қызығушылықтың екінші толқыны 14 ғасырдың соңы мен 15 ғасырдың басында қайта жанданды және аталған қозғалыс папаның бұйрығына байланысты емес, түбектегі корольдіктердің бәрінде бар король маңайында топтасқан мекемелердің таптық-өкілдері, яғни жергілікті Кортестердің ықпалымен басталды. Өзге дін өкілдеріне айқындаушы таңбаны таққызу бастамасын, солар көтерді. Испанияның қала халқы мен ақсүйектер табы, сонымен қатар Италияның кейбір қалалары мұндай ережелерді қалыпты құбылыс ретінде қабылдады. Осының нәтижесінде, мәселен, 1412 жылы доменикандық Висенте Феррердің мәшһүр болған уағыздарынан кейін және Кортестердің сұрауымен Кастилияда иудейлерді қызыл таңба тағып жүруге міндеттеген ереже қабылданды. 14 ғасырдың 90 жылдары каталондық, арагондық және валенсиялық Кортестер мазмұны бірнеше жарлықты шығарды: мұсылмандар оң қолының қарына көрініп тұратындай сары түсті матадан жасалған таңғыш тағып жүруі керек, егер үстіне киген киімінің өзі сары болса, онда қызыл таңба тағуға міндетті, ал иудейлер болса қызыл түсті екі елі болатын мата тағып, кейде ол белгі қос жолақты болуы керек болды. Осы бір ережені бұзған адамдарға 300 дүре соғылды немесе айыппұл салынды. Дейтұрғанмен, осы бір ережеге немқұрайлы қарағаны үшін жазаға тартылған сарациндер мен иудейлер жөнінде тарихшылардың деректері жоқ екенін атап өткен жөн.

Аталған жаңашылдықтарға сарацин және иудей қауымдастықтары белсенді түрде қарсылық білдіргендіктен, оларды жергілікті биліктер оңайлықпен іске асыра алмады. Бұл сөзімізге король сарайына келген өзге дін өкілдерінің делегациясы мен олардың шағымдары және жарлықты елеусіз қалдырған шенеуніктерге, бұйрықты сақтауын талап еткен корольдің есепсіз хаттары дәлел бола алады.

13 ғасырдың үшінші ширегінде Сицилия мен Италияда, Будапештегі (ол шақта Офен болған) шіркеу соборында айрықшалағыш белгіні тағу жөнінде ережелер пайда болды. Германияда арнайы таңбаны тағу міндеттемесі алғаш рет Аугсбургте 1434 жылы қабылданды, ал бүкіл империя аумағына 1530 жылы енгізілді. Аустрия жерінде бұл жарлық 1551 жылы бірақ қабылданды. Егер Венгрия мен Германияда аталған сары түсті домалақ таңбаны ер адамдар ғана тағуға міндеттелсе, Сицилия корольдігінде гректің «τ» әріпі түріндегі көгілдір түсті жолақты тағу бұйырылды. Осы тұста айрықшалағыш белгіні тағу бастамасын көзі ашық II Фридрих монарх пен гуманист кардинал Николай Кузанский көтергенін атап өткен жөн.

Бұл қысқартылған тізім ғана. Мұнда қоныстағы соборлардың жарлықтары мен кейінгі орта ғасырдағы жергілікті зайырлы келісімдердің басым бөлігі енбей қалды. Олар жайында сөз қозғамай-ақ қоялық, өйткені діни өзгешелігіне байланысты және тамыры тереңге жайылған заңнамалық дәстүрге (сырт киіміне белгі тағу нормасы) байланысты бөтендерді бөлу идеясы орта ғасырдағы халықтың санасында орнығып қалған ой екені айтпаса да түсінікті.

АЙЫРЫМ БЕЛГІЛЕРІН ТАҒУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАР ҚАЛАЙ САҚТАЛДЫ?

Жаңашылдық қашан да сарацендер мен еврей қауымының қарсылығын тудырып, көбінесе жергілікті билік органдарының бірдеңені өзгерту қолынан келмеді. Оған басқа дін өкілдерінің патша сарайына жолдаған өтініштері, шенеуніктер назарына ілінбей қалған жаңа тәртіпті сақтауды талап еткен сансыз патша хаттары дәлел.

Алайда жарлықта жазылған дүние және одан туындаған қиялдағы бейне, шынайы өмірде қаз қалпында орындала бермейтіні белгілі. Шынайы өмірде есепшілдік басым және әлем алуан түрлі.

Біздің қисынымызға сай келетін әрі қағидаттарына етіміз үйреніп қалған және бүкіл мемлекеттің территориясына таралған әрі унификацияланған сипаттағы МодернiБіздің қисынымызға сай келетін әрі қағидаттарына етіміз үйреніп қалған және бүкіл мемлекеттің территориясына таралған әрі унификацияланған сипаттағы Модерн кезеңнің заңнамасынан айырмашылығы, ортағасырлық ережелердің сипаты мүлдем өзгеше болғанын есте ұстаған жөн. Кезеңнің заңнамасынан айырмашылығы, ортағасырлық ережелердің сипаты мүлдем өзгеше болғанын есте ұстаған жөн. Орта ғасырлардағы құқықтық қатынастар жеке құқықтық сипатта өрбіді және барлық заңнамалық құжаттар да, мәселен, әміршінің шағымы жеке құқықтық актілер ретінде рәсімделді. Соны қабылданған ережелердің қамту аясы шектеулі болды — олар қандай да бір қалада, немесе облыста ғана енгізілді және сеньордың барлық иелігіне және тұтастай корольдікке таралмады. Мәселен, Рим қаласы Кеңесінің шешімі Римнің айналасындағы қыстақтарға жүрмеді, ал Таррагон шіркеулік соборының жарлығы қағаз жүзінде ғана қалып, қалалық кеңес және корольдік ресми билік өкілдерінің тарапынан елеусіз қала беруі мүмкін болды.

Немістер басып алған Польшада сары шеңбер еврейлер үшін танымал белгі болып қала берді.. 1941 жылғы сурет / Bundesarchiv, Германия

Немістер басып алған Польшада сары шеңбер еврейлер үшін танымал белгі болып қала берді.. 1941 жылғы сурет / Bundesarchiv, Германия

Тіптен, егер қандай да бір қаланың немесе аймақтың тұрғыны үшін қалыптан тыс әрі қолайсыз саналған ереже шыққан болса, ережені түрлі жолмен айналып өтетін мүмкіндіктері болды. Мәселен, Льейдтер, Тортастар сынды мұсылман қауымдары мен өзге де каталондық және арагондық қауымдардың корольдік және сеньориалдық өкілдері, олардың әміршілерімен бірге (Прадес граф, Монткада граф, Ампосты билеушісі, магистрлер госпитальері Аска) корольдік қазынашылармен айқындаушы таңбаны тағудың орнына белгілі бір сомада төлем төлеу жөнінде келісімге қол қойды. Дәл осылай 15 ғасырдың басында Мартин король, сарайға мұсылман делегациясы келіп, корольден кешірім сұрап қана қоймай, сонымен қатар сыйлықтар ұсынған соң, кортестер өзгерткен жарлықтың күшін жойды. Сондай-ақ корольдер айрықшалағыш таңбаны, көршілес жатқан гранада әмірінің бір діндегі бауырлары үшін білдірген өтініші бойынша, алып тастады.

Киіміне айрықшалағыш таңбаны тағу талабы Германияда да, Францияда да, Испанияда да сарай қызметіндегі және тірлік бойынша келген өзге дін өкілдеріне қойылған емес. Дәл осылай 16 ғасырда, испандық иудейлердің басым бөлігі Пиреней түбегін тастап шығып, Италия, Германия, Нидерланды және өзге де Еуропа елдеріне көшу арқылы, шетелдік ретінде ескі заңдарды айналып өте алды. Аталған аймақтарда 14 ғасырда өмір сүрген иудейлерге және олардың ұрпақтарына арнап шығарылған ережелер жүрмейтін жаңа қауымдар пайда бола бастады.

Расында, иудейлер мен христиандар киімдеріне айрықшалағыш белгіні тағып жүрген суреттері бейнеленген кітап миниатюралары, шіркеулік жазбалар, суреттер мен визуалдық материалдар тарихшылардың қолында жоқ. Бұл тұста тек Крест жорықтарының жылнамаларын есепке алмаған жөн. Өйткені ондағы бейнелер арнаулы әрі әсіреленген жанрға жатады. Испандық ретаблоларда немесе сәнді корольдік манускрипталарда (Cantigas Alfonso X), француздық яки англиялық қызылды-жасылды суреттерде, әлбетте, библиялық сюжеттерде немесе агиографилық бейнелер мен өнегелі әңгімелерде ара-тұра ғана көрініс беріп қалатын иудейлер мен мұсылмандарды қандай да бір айрықшалағыш таңба, мәселен, қолға тағатын белгі немесе әріп арқылы айқындап көрсету болған емес. Осы бір келтірілген деректер, аталған ережелердің іс жүзінде орындалмағанын дәлелдеп бере алады.

Пасха Агадасының жарықтандырылған қолжазбасы. Еврей кейіпкерлері бастарының орнына құстардың бастары. 1300 жыл / Wikimedia Commons

Пасха Агадасының жарықтандырылған қолжазбасы. Еврей кейіпкерлері бастарының орнына құстардың бастары. 1300 жыл / Wikimedia Commons

Ал белгі қою талабы қатаң сақталған жерлерде, белгі тағу тәжірибесі 15–16 ғасырларда иудейлердің арасында кең таралды (өйткені Еуропа жерінде мұсылман қауымдары қалмады). 16 ғасырдың соңынан бастап иудейлердің киіміне тігілген айрықшалағыш белгіні таққызу талабы әлсірей бастады, ал 18 ғасырда бұл мүлдем тоқтады. Ал Еуропаның жарлық күшін жоймаған аймақтарында, белгінің тағу Ұлы Француз Революциясынан кейін және Наполеон соғысына қатысқан революцияшыл әскердің күшімен доғарылды.

СЕГРЕГАЦИЯ МЕН КЕМСІТУШІЛІКТІҢ (ДИСКРИМИНАЦИЯ) АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

Осылайша алалағыш белгілер хақында ой жүгірткен сәтте, нацистік антиеврейлік саясаттың аяқ астынан туа қоймағанын ұмытпаған жөн. Біздің алдымызда әлем және адам секілді «өзіміз» бен «өзгелер» арасындағы көне коллизия тұр. Бұл бізді: «Мен кіммін? Егер бөтен адам оғаш киім киіп, маған түсініксіз тілде сөйлейтін болса немесе басқа құдайға табынса, мен оны бөтен санайтынтын болсам, өзімді толыққанды адам ретінде санай аламын ба?» деген сауалға әкеліп тірейді.

Әлбетте, бөтендерді бөлу идеясы әруақытта да әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан терең негізге ие болған және ол жайында алдыда сөз ететін боламыз. Ал дәл қазір орта ғасырда пайда болған және негізінен өркениетті қала халқының арасында кең тараған өзге діндегілерді таңбалау идеясы (Таяу Шығыс, Орта ғасырлар мен Модерн кезеңде дамыған еуропалық қалалар), иудей, христиан және мұсылмандардың діни бірегейлігіне ден қойғанына назар аударғанды жөн көріп отырмыз. Бағдат халифтары, папалар мен еуропалық монархтар таңба арқылы өз дініндегі бауырларын қорғап қана қоймай, өзге дін өкілдерін «хақ» дінге тартуға ұмтылды.

Иврит тілін жетік білген және еврейлердің кітаптарын оқыған Висент Феррердің5i5Викентий Феррер (1350–1419) Католиктік әулие, доминикандық монах, философ, теолог және ұлы уағызшы. уағыздарына әсерленіп, христиан дінін қабылдаған иудейлер, уағызшының пікірінше, барлық христиандар Иса Мәсіхте туған және олар үшін кінәдан азат етуші жол ашылған. Мұсылмандардың зиммиев қауымының басқару жүйесі өзгелерді ислам дініне, ең алдымен Құдайды толыққанды танып, шынайы азат болу үшін экономикалық аргументтерді алға тарту арқылы кіргізуге бағдарланған.

Словакиядағы антисемиттік плакат / ашық дереккөзден алынған

Словакиядағы антисемиттік плакат / ашық дереккөзден алынған

Қандай жағдай болмасын, христиандар да, мұсылмандар да, бағынышты өзге дін өкілдеріне физикалық тұрғыда күш көрсетпеген. Латиняндар өз әдебіне сай оларды пайдалануға ұмтылды. Араб халифаты, Осман империясы, әсіресе Ұлы МоңғолдардыңiiҚазіргі Үндістан, Бангладеш және Пәкістан территориясында 16–19 ғасырлар аралғында бір дамып, бірде болып, бірде құрып өмір сүрген мемлекет. Индиясы Еуропадан қашқан иудей эмигранттар үшін әркезде де тартымды нұсқа болды және олар сонда өмір сүретін христиандар мен иудейлерге де жайлы өмір сүретін жағдай тудырған. Аталған аймақта сегрегация идеясы дәстүрлі әлеуметтік ереже және ағартушылықтың жоғары деңгейімен сәтті қабысты.

Тек нацистік идеология ғана бөтендерді сегрегациялау идеясын нәсілдік өзін кем сезіну идеясымен біріктірді. Дін қанмен тұтасып, этностық айрықшалық конфессияның орын басты. Дегенмен осы бір ойдағы кішігірім өзгерістің өзі нағыз сұмдыққа жол ашып берді. Өйткені ДНҚ өзгерте алмайсың немесе жанда емес, денеде қайтадан туа алмайсың. Стандартқа немесе идеалға сай келмейтін денені жоюға тура келеді және осыған дейін тек сөз жүзінде ғана талқыланып келген аталған идея, тарихтың бір сәтінде іс жүзінде жүзеге асырылды. Бұл адам шошырлық әрі түзетуге келмейтін дүние.

Сары белгіні мақтанышпен тағыңдар!

Еврей көшбасшылары өз қандастарын: «осы бір сары таңбаны мақтанышпен тағуға» шақырды және көпшілігі бастапқы кезде қолға тағылған және сырт киімге тігілген сары «идеяның» астарындағы қауіпті аңдай қоймайды, өйткені бұл таңбадан бұған дейін болып қойған сұмдықтың ізін ғана көрді.

Бұл мәселені бүгін зерттеу барысында, Холокост құрбандары үшін мұндай қателікті жіберуге хақымыз жоқ. 21 ғасырда идеялар сары таңбаға айналып кетерін және белгілі бір жағдаяттарда адам өзін өзгелерден айрықшалау ұмтылысынан бөтендердің көзін жоюға ойысып кетерін есте ұстаған жөн.

Көзі ашық оқырман қандай сұрақ қоярын алдын ала аңдап, адамзат ұзаққа созылған тарихы барысында бөтендерді сырт киімге жапсырылған белгі арқылы ғана емес, таңбалаудың одан өзге де көптеген тәсілін шығарғанын айтып өткенді жөн санап отырмыз. Әдет бойынша сегрегациялық шаралар тек сырт келбетпен ғана шектеліп қалмады және олар алалайтын әрекеттерге оңай ұласып кетіп жатты. Әлбетте, мұның ғылыми түсіндірмесі бар. Әрмен қарай біз, баскиімдер, әйелдердің жапқышындағы ленталар, шаш үлгілері мен сақалдар жөнінде сөз қыламыз. Арнайы «Гетто» деп аталған арнаулы кварталдарды құру мен әртүрлі конфессия өкілдерінің сексуалдық өмірін реттеу тәжірибесін тақырып етіп, қаузайтын боламыз. Мәселені осылайша кешенді түрде зерттеу арқылы біз, өзге діндегі тұрғындарға қатысты қолданылған Батыс еуропалық және Таяу шығыстық тәсілдердің арасындағы айырмашылықты түсінетін боламыз.

Концлагерьдегі еврей тұтқынының формасы. Нацистік террор және Холокост мұражайы. Освенцим, Польша / Shutterstock

Концлагерьдегі еврей тұтқынының формасы. Нацистік террор және Холокост мұражайы. Освенцим, Польша / Shutterstock