ФАРФОР

Биліктің нәзік сүйкімділігі

ФАРФОР

Иоахим Кендлер. Карта ойыны. Фарфор мүсінше. 18 ғасыр / Wikimedia Commons

Үлкен әжемнен маған көз боп фарфор сервизі қалды. Бала кезімнен бері бұл біздің үйде қасиетті нәрсе деп саналды. Ол шыныаяқтар мен табақшалар тек ауқымды мерекелерде, ең қадірлі қонақтарға арнап ғана дастарқанға қойылатын. Оларды газетке орап, картонға мықтап салып, буфеттердің ішінде сақтап қоятын. Маған тіпті қолымның ұшын да тигізуге рұқсат етілмеді. Үлкен ағам сол тәрелкелердің бірін сындырып алғаннан кейін, сервиз деген дүниеге балаларды мүлдем жақындатпастай болды. Бұл — әйгілі ЛФЗ-дікiЛенинград фарфор зауыты. «Кобальт торы»; менің арғы әжем, қателеспесем, мерейтой құрметіне өзінің қызметтік кәсіпорнынан алған. Бала күнімде ол маған сондай көзтартарлық әдемі көрінбейтін, одан гөрі маған басқа көркем дүниелер қызық еді, мысалы қызғылт сары алмалар мен жылқының суреті бейнеленген тұрмыстық қарапайым саз тостағандар ұнайтын.

Қайтыс боларынан бірнеше жыл бұрын үлкен әжем туыстарының қайсысына қандай мұра қалдырарын жариялап, сөйтіп сервизі маған бұйырды. Өйткені үлкен әжемнің айтуынша, маған әйтеуір бір күні кедейліктің қиындықтары соқпай кетпейтінін және сол себепті мені ешкім жар қылып алмауы мүмкін екенін айтты. Сол үшін фарфор не дегенмен бағалы зат қой, сатып, содан түскен пайданы жаратарсың деп өсиет етіп, аманаттаған еді. Мен ол кезде он жаста едім, үлкен әжем өз шешімін өте салтанатты түрде жариялады, соның әсерінен қолымда өте қымбат фарфор болғандықтан, мен көп уақыт бойы өзімді жолы болған бай мұрагердей сезіндім.

Егер мен басқа дәуірде өмір сүрсем, мен шынымен де бай мұрагерге айналар ма едім! Бір кездері нағыз фарфор, шын мәнінде, керемет құнды нәрсе болып саналды және салмағы бойынша есептесеңіз, алтыннан да жоғары бағаланды.

Геометриялық өрнегі бар табақ. Яншао мәдениеті. Б. д. д. 5-3 мыңжылдықтар, Қытай / Wikimedia Commons

Геометриялық өрнегі бар табақ. Яншао мәдениеті. Б. д. д. 5-3 мыңжылдықтар, Қытай / Wikimedia Commons

Керамика, фаянс және фарфор

Фарфор алғаш рет Қытайда пайда болды және бұл өнертабысқа көптеген мыңжылдықтар бойы балшықпен тәжірибе жүргізілген еді. Бұл өлкенің мезолит дәуіріне б.з.д 7–8 мыңжылдықтарға жататын көне керамика бұйымдарының сынықтары дүниежүзінде кездесетін ыдыстардан айырмашылығы шамалы: біркелкі қарапайым пішіндер, оғаштау етіп күйдіру, ертедегі сызылған ою-өрнектер және Азиялық дәстүр бойынша керамикалық бұйымдарды «арқан әдісімен» әшекейлеу. 5 мыңжылдыққа қарай ыдыстардың пішіндері күрделене түседі, күйдіруге олар құм араласқан ең жақсы сары лесс сазынiЛёсс (нем.) - борпылдақ шөгінді сазды-құмды жыныс, оны құммен араластырады. пайдалана бастады.

Кейінгі археологиялық олжалардың арқасында, ежелгі Қытайдағы қыш ыдыстардың алуан түрлі болғанын байқай аламыз. Ыдыс-аяқтар түрлі түсті пигменттермен боялған, өте күрделі кескіндемелермен және өсімдік түріндегі оюлармен, зооморфтық және антропоморфтық фигуралармен көмкерілген. Яншао және Лонгшан мәдениеттерінің ыдыс-аяқтары (б.з.б. 5–2 мыңжылдықтар) ертеде қалыптасқан қолөнердің нәтижесі ретінде саналады. Біз одан ұзын аяқтары мен фигуралы тұтқалары бар ыдыстардың күрделі пішіндерін көреміз. Сондай-ақ, біз саздың құрамы мен оны өңдеу әдісіне қатысты елеулі тәжірибелерді байқаймыз. Мысалы, жылтыратылған қара Лонгшан керамикалары базальтқа өте ұқсас, ал шан мәдениетінің сұр керамикасы құмырашылар сазға қосқан әртүрлі қоспалардың арқасында пайда болған мәрмәр шамалас.

Біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта көне Қытай аумағында шыныаяқтар, ыдыс-аяқтар мен құмыралар шығарылды: оларды қарапайым, тіпті «ұлттық» деп атауға батыл бармайды. Бұл дүниелер отбасылық шеберханаларда жасалғанның өзінде, сол дәуірдегі бізге белгілі керамикалық бұйымдардың ешқайсысы шеберлігі жағынан олармен салыстыруға келмейді: нефрит, яшма, көгілдір, жылтыратылған, пішіні мінсіз, ең күрделі өрнекпен көмкерілген балшық; ақ, металдан жасалған инкуляциялар, інжу-маржан, тастар дегендей. Ғажап! Біз қоладан жасалған ыдыстарға ұқсас ыдыстарды жиі кездестіреміз, ол кезде қола ыдыстар өте қымбат болатын, ал керамистер өз өнімдерін қола ыдыстарға ұқсатып, «қымбат» қылып көрсеткен.

Қытай патшалықтарындағы қыш пештердің саны және осы пештердегі шеберлердің жұмыс сапасы бұйымдардың күрделене түсуіне әкелді. Б.з.д 5–6 ғасырда үлкен серпіліс болды: пештердің жаңа конструкциялары күйдіру температурасын күрт көтеруге мүмкіндік беруі арқылы жаңа мүмкіндіктер ашты. Олар жоғары сапалы қорғасын глазурін жасай бастады. Өнімдер әлдеқайда тығыз және мықты болды. Балшыққа, отқа төзімді материалдарды енгізу мүмкін бола бастады. Ал қытайлықтар фарфор, ал еуропалық білгірлер «протофарфор» деп атайтын бұйымдардың пайда болуы осы кезеңге тиесілі.

Кәдімгі фаянсқа қарағанда кеуекті емес, бірақ нақты фарформен салыстырғанда әлдеқайда ауыр және тығыз, протофарфор Қытайдың оңтүстік-шығыс провинциясы Цзянси тауларында өндірілген ақ саз — каолинмен жасалған.

Бұл көне фарфор қазір ғажап бағаланғанымен, ол дәуірде әлем оның құнын білмеді. Иә, протофарфордан жасалған бұйымдар кәдімгі керамикаға қарағанда әлдеқайда күрделі, берік және әдемі болды, бірақ бұл нәзік, ауыр және соншалықты қымбат емес тауарды батысқа қарай сауда жолдарымен сүйреп апаратындай емес еді. Қытай фарфорының әлемдік тарихы кейінірек басталды.

Жеп-жеңіл, мөп-мөлдір, баға жетпес!

Тағы бір революция 13 ғасырда Құбылай хан тұсында болды. Шеберлер ең жоғары 1500 градус Цельсий температура шамасында күйдіру тәсілін үйренді; қыш пештердегі келесі бір өзгеріс «болат бумынан» болды деп болжауға болады, болат қаруды балқытудың жаңа технологиялары да пайда болған кезең осы еді.

Жаңалықтар бейбіт кәсіптер үшін де пайдалы болды. Шеберлердің қайсысы бірінші болып каолин, дала шпаты және кварцты тиісті пропорцияда араластырып, нәтижесінде ең жақсы мөлдір жеңіл материал алғанын білмейміз немесе қай кезде олар сынықтың ерекше жұқалығы мен ақтығына қол жеткізіп, бұл қоспаға күйдірілген сүйектердің күлін қосуды ойлап тапқанын да. Персиядан әкелінген көк пигментті алғаш рет глазурьмен бояу үшін кім қолданғанын да білмейміз.

Бірақ біз бүкіл әлем қытай фарфорына көзі түскенге дейін, бұл жаңа материал Қытайдың өзінде «Аспан ұлы», яғни «император» атауын алғанын білеміз. Сірә, ол алғаш рет патша сарайының тікелей бақылауында болған және негізінен, оның бұйрықтарымен жұмыс істейтін керамикалық бұйымдар шығаратын ірі орталықтар деп аталатын «Бес үлкен пештердің» бірінде пайда болды. «Аспан ұлы» атауы фарфордың осы жаңа түрінің басқалардан артықшылығын көрсету үшін немесе мұндай мінсіз нәрсе тек мырзаның дастарқанына лайық екенін білдірсе керек.

Айтпақшы, орыс тілінде қолданылатын «фарфор» сөзі — осы титулдің парсы тіліндегі калькасы. Еуропалықтар фарфорды інжу-маржанның порцеллинінің қабықшаларының құрметіне фарфор деп атай бастады. Себебі фарфор да нәзік, берік әрі жарқырауық еді. Фарфордың қазақша атауы — кәрлен, бұл атаудың шығу тегі әлі де даулы мәселе. Бұл сөз 18 ғасырдағы севрлік шеберлердің бірі Карленнің атынан шыққан деген нұсқа бар: оның ваза ыдыстарын бір кездері атақты бір хан сатып алған. Басқа нұсқаға сәйкес, бұл сөз гректің «keramikos» сөзінен шыққан. 15 ғасырда Еуропадағы қытайлық сервиз қымбатқа түсті: олар елдерге тасымалданды, мақта жүніне және барқыт байламдарына мұқият оралды; негізінен, оған қол жеткізу үшін көбіне генуезиялық және венециандық көпестер бәсекелесті, кейіннен португалдар да белсенді бола бастады. Негізінде тек дожлар,iВенеция республикасы басшысының дәстүрлі атағы. ханзадалар және императорларға ғана фарфор иелік ете алатын еді; кейіннен фарфордың құпиясы жергілікті алхимиктер, өнертапқыштар, кәсіпкерлер мен күшті лордтардың есін ала бастады, себебі жергілікті фарфор өндірісін алғаш жолға қойған адам жер бетіндегі барлық патшалардан да бай болатынын олар жақсы білді.

Сынамалар және қателіктер

Венецияның шыны жасаушылары бірінші болып табысқа жете білді. 15 ғасырда Анзуонио есімді шебер фарфорға өте ұқсас нәтижелерге қол жеткізген деген сынды ақпарат сақталған. Содан кейін тағы бірнеше шыны мен айна жасаушылар фарфор жасай бастады, бірақ біз сол кездегі венециялық фарфор туралы ештеңе білмейміз, осыдан өнертабыстар даулы күйде шықты деген қорытындыға келуімізге болады.

Бірақ 16 ғасырдың аяғында Флоренцияда Медичи герцогінің көмегімен фарфор өндірісі ашылды. Рас, мұнда нағыз қытай фарфорын жасап шығару мүмкін болмады. Флоренциялықтар «жұмсақ» фарфор деп аталатын нәрсені жасай бастады — оның құрамында «қаттыға» қарағанда әлдеқайда аз каолин бар; ол төмен температурада күйдіріледі және оның бірқатар кемшіліктері де болды: табиғи сарғыштау түсі, сынғыштығының жоғарылауы және ең бастысы, жоғары кеуектілігі; сондықтан «жұмсақ» фарфор ыдыстарды өте қалың қабатта глазурьді қолданып, қорғасын шынысымен жылтыратуға тура келді.

Көп ұзамай атақты француздық севр фарфоры пайда болды. Медичи фарфоры сияқты ол да жұқа болды; мұндай ыдыс-аяқтардың құны айтарлықтай жоғары еді, бірақ құны бәрібір «нағыз қытайлық тауарларға» төленетін бағалардай болмады.

Аңыз бойынша, 17 ғасырдың аяғында Саксония патшасы Август өзінің пруссиялық әріптесіне қытай фарфорының үлкен сервизін бақылау үшін бүкіл атты әскер полкін аттандырды. Бұл ескі өсекті растау немесе сондай-ақ оны жоққа шығару өте қиын, бірақ Август фарфорға үлкен құрметпен қарайтыны анық. Қалай болғанда да, қытайлықтардан кем түспейтін еуропалық қатты фарфордың өнертабысы дәл 18 ғасырдың басында оның Кенигштейн сарайында орналасты.

Нанкиндегі фарфор пагодасы. 18 ғасыр гравюрасы / Alamy

Нанкиндегі фарфор пагодасы. 18 ғасыр гравюрасы / Alamy

Алтынды алмастырған фарфор

Міне, біз тағы да әдемі, бірақ күмәнді аңыздар әлеміне енбекпіз. Фарфор өнертапқышы Иоганн Беттгердің көркем әдебиетте де, көпшілік әдебиетте де әртүрлі вариациялармен бірнеше рет қайталанған тарихы өте ғажап. Берлиндік дәріханашының бұл шәкірті бірде үлкен компанияда ежелгі алхимиктердің рецепттерін зерттей отырып, қорғасыннан алтын жасауды үйренгенін айтты. Әрі қарай, аңыз бойынша, бұл мақтаныш Пруссия патшасының құлағына жетті, ол дәріханашының шәкіртін ұстап алып, жертөлеге қамап қоюды бұйырды, сол жерде жатып алтын жасасын деді.

Жаны жомарт жандардың ескертуімен жас жігіт (Беттгер ол кезде он тоғыз жаста еді) Пруссиядан Саксонияға қашып кетеді, бірақ тағы да тұтқынға тап болады: мұнда оны сол Август патшаның өзін тауып және одан қорғасынды алтынға айналдырудың құпиясы туралы жауап ала бастайды. Беттгер жоққа шығара берудің азапқа әкелетінін түсініп, қорғасыннан алтын жасауға болатынын, ежелгі алхимиктер жасай алғанын, тек сол құпияны қалпына келтіру керек екенін айтады.

Осыдан кейін, ол жертөледе емес, бірақ іс жүзінде қамауда, Кенигштейнде бақылауда болғаны белгілі болды, онда ол бірнеше жыл бойы, 1701 жылдан 1704 жылға дейін қорғасынға алтын жалатуға тырысады. Сөйтіп жүргенде, оның орнына, ол кездейсоқ керемет фарфорды ойлап тауып, өз тәжірибелері үшін тигельдердіiӘртүрлі материалдарды қыздыруға, кептіруге, күйдіруге немесе балқытуға арналған ыдыс. жағумен тәжірибе жасайды. Бұл өнертабысы үшін патша оған сыйлық пен толық кешірім береді.

Иоганн Бёттгер (ортада) король Август Күштінің (сол жақта) алдында. Альбрехтсбург қамалындағы фреска /

Иоганн Бёттгер (ортада) король Август Күштінің (сол жақта) алдында. Альбрехтсбург қамалындағы фреска /

Бұл аңыз көптеген сұрақтар тудырады. Біріншіден, сол кездегі Пруссия патшасы I Фредерик жартылай білімді дәріханашылардың әңгімесіне назар аударатын, тіпті оларды Еуропада қуып шығатындардың бірі емес еді. Ол өте рационалды билеуші болатын. Екіншіден, Август патша өнертапқыштарды құрметтеп, өз меншігіне орналастырып, жұмыс істеп тұрса да, олардың ізіне түскен жоқ, толықтай ағартушы монарх болды. Ең бастысы, Беттгер өз тәжірибелерін Кенигштейнде жалғыз өзі жүргізген жоқ. Қамалдың коменданты граф Чирнгауз болды, ол шыны өндірісіне қатты қызығушылық танытқан және фарфор жасаумен ұзақ уақыт айналысқан ғалым, табиғат зерттеушісі, физик болды.

Бұл «ғажап» оқиға басынан аяғына дейін ойдан ойлап табылған болуы мүмкін, оның үстіне, қазір оның алғашқы авторын анықтау өте қиын. Оқиғалардың логикасына қарағанда, жас, болашағы зор химик Беттгерді жай ғана Чирнхаузға көмекші ретінде шақырды және олар фарфорда бірнеше жыл бірге жұмыс істеп, ақырында табысқа жетті. Бірақ Беттгер өнертабысты өндіріске өзі енгізуге мәжбүр болды, өйткені граф Чирнхауз 1708 жылы қайтыс болды. Беттгер тамаша жұмыс жасады: 1710 жылдан бастап іске қосылған Мейсен қаласының маңындағы фарфор зауыты әлі күнге дейін жұмыс істейді, ал мейсен фарфоры үш жүз жыл бойына үлкен атаққа ие болып келеді.

Дәл осы мейсен үлгілеріне сәйкес, алғашында ЛФЗ (Ленинград фарфор зауыты) деп аталатын Ресей императорлық фарфор зауыты жұмыс істеді.

«Кобальт торы» сервизі менің шкафымдағы қораптарда жатыр. Өйткені бұл менің үлкен әжемнің естелігі, мен оны пайдаланудан әлі де қатты қорқамын, себебі аяқасты байқаусызда оларды сындырып алатындаймын. Тіпті қазір сіз гусарлар полкін қызметке айырбастай алмасаңыз да, өте нәзік, мөлдір фарфорға деген құрметті біз әлі де сақтаймыз.

Юриан ван Штреек. Қытай фарфорының суретi салынған натюрморт. 1670-1680 жж. / Alamy

Юриан ван Штреек. Қытай фарфорының суретi салынған натюрморт. 1670-1680 жж. / Alamy

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

1. Vainker S.J. Chinese Pottery and Porcelain. London, 1991.

2. Васильева Е.В., Бу И. Фарфор Жу Яо и принципы минимализма: к проблеме чувства формы // Вестник Томского государственного университета. Культурология и искусствоведение, 2021, №42, 43-52 с.

3. К. А. Буровик. Красная книга вещей. М., 1996.

Аружан Сатылғанова

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ