ГЕНРИХ КИССИНДЖЕР ӨМІРДЕН ОЗДЫ:

Qalam әйгілі дипломат әрі АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысының қанатты сөздерін ұсынады

ГЕНРИХ КИССИНДЖЕР ӨМІРДЕН ОЗДЫ:

Генри Киссинджер/Getty Images

29 қараша 2023 жылы жүз бір жасында Нобель сыйлығының иегері, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы (1973–1977), «шынайы саясаттың» бет-бейнесі, әлемдегі ең құрметке ие әрі жек көру отын да маздатқан дипломат және саясаткер Генри Киссинджер өмірден өтті. 20 ғасырдың ең маңызды оқиғаларының басы-қасында Генри Киссинджер тұрды. Ол 1923 жылы Германияда дүниеге келді, оны он төрт жасында ата-анасы АҚШ-қа алып кетеді. Ал тоғыз жылдан кейін Киссинджер өзінің еврей туыстарының көзін жойған мемлекетке қайтып оралып, ондағы денацификация ісіне араласып, тәртіпті қалпына келтіру әрекетіне ат салысуды мақсат тұтады. Ол ядролық қарусыздану және халықаралық шиенелісті бәсендетудің сәулетшісі еді. Киссинджер АҚШ, КСРО және Қытай арасындағы қарым-қатынас жүйесін жасаушылардың бірі, көптеген кітаптың авторы, адамзат тағдырын сан рет қолына алған кемеңгер зиялы тұлға. Ол өмірінің соңғы айларына дейін саяхат сахнасының қарымды ойыншысы болып қалды, тіпті бір ғасырды еңсерген жасына қарамастан, Ресей-Украина арасындағы әскери қақтығыс мәселесіне белсенді ат салысты.

Байлар туралы

Америка Құрама Штаттарындағы ұлы әулеттердің ұрпақтары билікке ықпалы яки байлығы арқылы жетті деген айыптауларға өте ұрыншақ қарайды. Олар билікке төл күшімен жету керек деп санайды. Сұлу әйелдің «оны бар-жоғы өзі болғаны үшін ғана қалайтынына» бек сенімді бола алмайтыны сияқты, Америкадағы бай-батша да оның қоғамдағы лауазымына өзі алып келді дегенге сенімді бола ала ма? Ақтығында сұлу әйелдің «өздігін» оның сұлулығынан бөліп қарауға келмейді. Ал бай-батша егер сәті түссе, мұның арасында анау айтқандай айырмашылық жоқ екенін түсінеді.

Журналистер мен шенеуніктер туралы

Журналист шенеуніктің жанында он оратылып, оған жағуы керек, себебі шенеунік жақсы қарым-қатынас танытпаса, журналист те жақсы ақпараттан қапы қалады. Бірақ шенеунік барлық шенді атаулының құпия арманы болса да, өзін қандай да бір жолмен азғыруға жол бере алмайды, әйтпесе ол дөп түсіп, түзу сөйлеуден жаңылады. «Жек көруден жақсы көруге дейін бір-ақ қадам» деген қарым-қатынастан бұл жерде қашып құтылу беймүмкін.

Көмекшілерді таңдау туралы

Менің өзімнің ішкі терең сенімдерім болғандықтан, оларды үнемі жоғары парасат пен мығым мінезді адамдарға сынату қажет деп санадым. Маған батылдық танытып, қарсы шыққандар менің құрметіме ие болып, көп жағдайда жақын көмекшілеріме айналды.

Ақ үй. Джеральд Форд, Генри Киссинджер, Брент Скоукрофт. 1974 жыл/Alamy

Ақ үй. Джеральд Форд, Генри Киссинджер, Брент Скоукрофт. 1974 жыл/Alamy

Адамгершілік пен күш туралы

Адамзатқа барынша құрметпен қарайтын, ең алдымен ішкі дамуына көз тастайтын елдердің альтруизмнен аулақ жатқан өркениет күшінен жеңіліс табатыны көңіл қынжылтады.

Саяси мораль туралы

Мемлекет — нәзік жүйе, ал мемлекет қайраткері этикалық шектеулерге байланысты сол жүйенің өмір сүруіне қауіп төндіруге моральдық құқығы жоқ.

Генри Киссинджер және вьетнамдық дипломат Ле Дук Тхо Франциядағы келіссөздерде. 1973 жыл / Alamy

Генри Киссинджер және вьетнамдық дипломат Ле Дук Тхо Франциядағы келіссөздерде. 1973 жыл / Alamy

Бюрократия туралы

Қазіргі мемлекеттерде бюрократияның ауқымы кеңейгені сондай, уақыттың басым көбі оның мақсаттарын анықтаудан гөрі оны басқаруға жұмсалады.

Бейбітшілік пен әділдік туралы

Тарихтың бізге үйрететін сабағы — тепе-теңдікке бейбітшіліксіз, ал әділдікке тыйымдар мен шектеулерсіз қол жеткізу мүмкін емес.

АҚШ президенті Ричард Никсон мен Генри Киссинджер. 1972 жыл/Getty Images

АҚШ президенті Ричард Никсон мен Генри Киссинджер. 1972 жыл/Getty Images

Ядролық дәуірдің басты түйіткілі туралы

Мемлекеттер бірнеше сағат ішінде ондаған миллион адамның өмірін жоюға қабілетті болғанда, бейбітішілік жалғыз моралдық императивке айналады. Ал ел басшысы лауазымына отырған кез келген адам осы іргелі жауапкершілікті мойнына алуы тиіс. Бірақ бейбітшілікті сақтау саясаттың жалғыз мақсатқа айналса, бұл моралдық қарусыздануға әкеледі, себебі бұл жағдай соғыс қаупін қасақана төл мақсатына пайдаланатын ең қатыгез жандарға артықшылық береді.

Саясаткерлер мен зиялылар туралы

Зиялылар өте керек, неге олар әлемдік саясатқа мардымсыз үлес қосады? Бұған себеп — саясаткерлердің зиялыларды көзге ілмей қоюында емес, оларды дұрыс пайдаланбауында. Көбіне саясаткер зиялы адамнан идея іздемейді, мақұлдау күтеді.

Көшбасшылар туралы

Өзінен Құдай жасамай, тағдырдың көзіне тік қарай алатын көшбасшысы бар адамдар бақытты.

Нэнси мен Генри Киссинджер тікұшақпен ұшу кезінде талқылауда. 1970 жылдар/David Rubinger/Getty Images

Нэнси мен Генри Киссинджер тікұшақпен ұшу кезінде талқылауда. 1970 жылдар/David Rubinger/Getty Images

Өркениеттер туралы

Осыған дейін өмір сүрген кез келген өркениет ақыр соңында құлдырады. Тарих — бұл ешқашан жүзеге аспаған сәтсіз ұмтылыстар мен армандар туралы ұзақ әңгіме… Тарихты білетін кез келген адам сайып келгенде трагедияның болмай қоймайтынын ұғынуы тиіс.

Не оқуға болады?

1. H. Kissinger. The White house years. — London, New York: Simon & Schuster, 2011. (Русский перевод: Г. Киссинджер. Годы в Белом доме. Т. 1-2. — М.: Эксмо, 2019.)

2. H. Kissinger. World Order. — New York: Penguin Press, 2014. (Русский перевод: Г. Киссенджер. Мировой порядок. — М.: Neoclassic, 2018.)