1904 жылы Британ парламенті басқа маңызды және қажетті мәселелермен қатар, Уестминстер қабылдау залының готикалық шатырына қатысты күн тәртібінде тұрған өзекті мәселені талқылады. Өйткені бұл атақты, әлемдегі ең үлкен готика шатыры, сол кезде діріл қағып, реставрация жасайтын уақыттың келгенінен хабар берген еді.
600 жыл — қайткен күнде аз уақыт емес. Залдың өзі 11 ғасырда салынған, ал оның биік, ғимараттың ішіне кіргенде айрықша кең, жап-жарық, таза ауаны құшырлана жұтатын сезім тудыратын еңселі шатыры 1393 жылы король II Ричардтың11Ричард II Бордоii1377–1399 жылдардағы Англия королі тұсында тұрғызылған.
Басты мәселе — залдағы қисық еден арқалықтары мықты емен ағашынан жасалғандығы. Ал толық қалпына келтіру үшін оларды ауыстыру қажет, ол мақсатта өлшемдері қолайлы болуы үшін еменнің бір түрі саналатын күшті, 400 жыл бойы жайқалып тұрған «кәдімгі емен» ағашын табу міндеттелді. Оны табу оңай шаруа емес, құны да арзанға шықпайтыны анық, өйткені ол кезде емен Англияға Америкадан жеткізілетін. Әрі сонша жыл жайқалып өскен кәдімгі еменді табу мүмкін емес деген сөз. Бұл ағаш Еуропадан әкелініп, жаңа жерлерге кейінірек отырғызыла бастады.
Коньяк бөшкелері жасалатын Францияның атақты лимузен емендері жасы мен көлемі жағынан қолайлы болды, бірақ олардың ағашы тым жұмсақ еді, ал француз шарапшылары бұл емендердің құнын шатырды алтын құйып жасайтындай бағадан кем қылмады. Ақырында олар Ирландиядан емен әкелуге шешім қабылдады — бұл алып ағашты кесуге тыйым салынғанымен, Куртхоуп жер иелігінің иесі сэр Джорджа Куртхоуптан Парламентке хат келді. Ол аса мәртебелі жиынға 14 ғасырдың аяғында келісімшарт жасалғанын хабарлауды үлкен құрмет тұтатынын алға тартып, оған сәйкес Кортхоуп жер иелігі Уестминстер залының шатырын жөндеуге қажетті мөлшерде емен ағашын отырғызып, күтуге міндеттелгенін, есесіне парламент дәл осы қажеттілік үшін емендерді тек Куртхоуптан сатып алуға тиіс екені хабарланды. Қала берді келісімі бар пергамент сақталған және 500 жылдық керемет емен ағаштары да жайқалып өсіп тұр. Осылайша Уестминстердің шатыры да жөнделді, Куртхоуптармен болған келісімшарт та жаңартылды, жас емендер де отырғызылды.