ИММАНУИЛ КАНТТЫҢ 300 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Заманауи философия негізін қалаушының өмір сүру салты

ИММАНУИЛ КАНТТЫҢ 300 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Иммануил Кант. 1790 жыл/Wikimedia commons

22-сәуірде Имманиул Канттың туғанына 300 жыл толады. Кенигсбергтен аттап баспаған Кантты туған жерінде кішкентай сиқыршы деп атайтын. Сөйтіп жүріп ол немістің классикалық философиясының бастауында тұрды. Белгілі бір дәрежеде біз әлі күнге дейін Кант ойлап тапқан әлемде өмір сүреміз (сол үшін де шығар, оны жоққа шығарғысы келетіндер әлі бар). Кант сананың шегі бар екені туралы айтты, бұл алдымен өзінің кітаптарына да қатысты еді. Оларды бір дегеннен оқып түсініп кету қиынға соғады. Qalam философтың артында қалған мол мұрасының ішінен тасқа таңба басқандай адамгершілік ұғымы анық көрінетін бірқатар ойынды назарыңызға ұсынбақ.

АҚЫР ЗАМАН ТУРАЛЫ

Адам баласында алғырлық, шеберлік пен талғам (бұның әсерінен астамшылдық та пайда болады) мәдениеті дамыған сайын, моральдың дамуын басып озатыны сөзсіз және бұл адамгершілікке де, физикалық жағдайға да ауыр әрі қауіпті. Себебі адамның ашкөздігі, сол ашкөздікті қанағаттандыратын нәрседен де ауқымды. Бірақ адамның адамгершілік қасиеті қашан да көш соңында жүрсе де, күндердің күнінде ессіз талғамын басып озады. Біздің дәуірде адамгершіліктің басым түскенін көрсететін дәлелге қарап, Жер бетіндегі күллі тіршіліктің жойылуына әкеп соғатын ақыр заман тозаққа беттеген хаос сияқты емес, көкке көтерілу арқылы жақсылықпен болады деп үміттенуіміз керек.

Канттың қабірі. Калининград/Alamy

Канттың қабірі. Калининград/Alamy

АЙДАҒЫ ДАНЫШПАНДАР ТУРАЛЫ

Айтарлықтай көзге сүйел болмайтын, аса тарала қоймаған әуестіктер де бар, дегенмен бұлар да ессіздікке әкеп соғады; оған: құрылысқа, картина жинауға, библиоманияға деген құмарлық жатады. Адамның талғамы бұзылған сайын өзінің түп негізінен алшақ кетеді және көрінген нәрсемен айналыса бастайды.

Эмиль Дерстлинг. Иммунуил Кант достарымен кешкі ас үстінде. 1900/Alamy

Эмиль Дерстлинг. Иммунуил Кант достарымен кешкі ас үстінде. 1900/Alamy

Ессіз адамға қарсы тұлға — саналы адам. Мұндай адам кез келген ессіздікке бой алдырмайды, оған даналық қонған. Ондай данышпанды біз тек Айдан таба аламыз. Еш нәрсеге жүрегі селк етпейтін адам өз ақымақтығынан ешқандай ессіздікке бармайды, бірақ қара халыққа ол данышпан ретінде көрінеді. Теңіз толқып, дауыл тұрғанда, кемедегілердің бәрін үрей билеп, әркім өзін ойлаған сәтте, Пиррон қамсыз қоректенген шошқаға көзі түсіп, қолымен нұсқап, былай деген екен: «Данышпанның сабыры осындай болуы керек». Ештеңені жүрегіне жақын қабылдамайтын адам — пиррондық данышпан.

ӘШЕКЕЙ ТУРАЛЫ

Талғамның ерсі көрінетін бір жері ол жұрттың барынша көп әшекей тағуға тырысуы; ал талғампаздық қарапайымдылықта.

Дрезден сарайының қару-жарақ қоймасындағы Иммануил Канттың аяқ киімі. Германия/Alamy

Дрезден сарайының қару-жарақ қоймасындағы Иммануил Канттың аяқ киімі. Германия/Alamy

САҚАЛДЫ ӘЙЕЛДЕР ТУРАЛЫ

Оқуы қиын ғылым немесе ұзын-сонар пайымдау (тіпті, егер әйел бұның шыңына жетсе де) әйел затына тиісті құндылық, абыройды жоққа шығарады. Мұндай қасиеттер сирек кездескен соң ба, әйел затына деген таңданыс тудыруы мүмкін, бірақ бұлар әйелдердің өзге жыныстылар алдындағы билігін көлеңкеде қалдырады. Дась ханым сияқты санасы грек даналығына толған немесе маркизе Шатле сияқты механика туралы ғылыми сөз таластыра алатын әйелге бұл үшін тек сақал жетпейді. Бәлкім сақал терең ойлауға тырысатын, соған ұмтылатын әйелдердің данышпандығын айшықтап көрсетер ме еді.

Иммануил Кант. 1880. Авторы белгісіз/Alamy

Иммануил Кант. 1880. Авторы белгісіз/Alamy

ТЕҢСІЗДІК ТУРАЛЫ

Теңсіздіктің бірінші түрі еркек пен бала, еркек пен әйел арасындағы теңсіздік. Ер адам күшті, ал әйел мен бала әлсіз болған соң, еркек олар үшін құрбандыққа бармаса, белгілі бір дәрежеде өзін кінәлі сезінеді.

МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ

Менің жүйке жүйем аса сезімтал болған соң, медицина мен үшін у. Тек, кейде, аса қажет еткен кезде, таңертең асқазанымда қыжыл болса, онда жарты шай қасық хинн ағашы қабығының сүзбесін ішемін. Бұл маған абсорбацияларға қарағанда жақсы әсер етеді.

Калининградтағы Иммануил Канттың музейі/Legion-Media

Калининградтағы Иммануил Канттың музейі/Legion-Media

РИЗА БОЛУ ТУРАЛЫ

Ойға шомған адам мұңға батады. Оның ішінде адамзатты әуре-сарсаңға салып, үміттен айырған әлемдік өмір ретін қолында ұстап отырған Жаратушы ісіне көңілі толмайды. Не дегенмен Жаратушы ісіне риза болғанымыз абзал (бізге Жердегі ауыр жолды маңдайымызға жазып қойса да); бұған біз қиын сәттерде өзімізді өзіміз қамшылағанда, рухтандырғанда ғана жетеміз. Егер біз қайғы жұтқанда тағдырды қарғап, кінә артудың орнына бар қиындықты тудыратын өз кінәмізді көре алсақ және тұлғалық даму жолында көмек іздесек, дұрыс жасаған боламыз.

Канттың орыс офицерлеріне лекция оқуы/Канттың музейі, Калининград/Alamy

Канттың орыс офицерлеріне лекция оқуы/Канттың музейі, Калининград/Alamy

ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ

Адам баласына қалай өмір сүру керек екенін үйрету үшін өмір сүруіне тура келсе, бұл оның табиғатына қайшы келеді.

ҚАРТТЫҚ ШАҚТАҒЫ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС

Қоғамда өзін сабырлы және әдепті ұстайтын, көңілді әрі саналы әңгімеге араласатын, әдепке сай жастардың көңіл көтеретін оспақтарына өзі қатыспаса да басы-қасында жүретін, қоршаған ортадағы қуанышқа ынта-шынтасымен қолдау білдіріп, соған қанағаттанатынын көрсететін, бәріне қамқор болатын жасы егде тартқан әйел дәл сол жастағы еркекке қарағанда әлі де болса бойында нәрі бардай көрінеді және басқа қыздарға қарағанда басқа мағынасында да тартымды болуы әбден мүмкін. Ғашықтың рөлін сомдаған шал талғамсыз ақымақ, ал мұндай кемпірге деген құмарлық жиіркенішті. Егер біз өзімізді қалай болса солай ұстасақ, бұған табиғаттың түк қатысы жоқ, тек оны қате түсінуге деген құмарлық бар.

Иммануил Кант лекция оқып тұр. Гравюра/Legion-Media

Иммануил Кант лекция оқып тұр. Гравюра/Legion-Media

ШЫҒЫС ХАЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ

Егер біз әлемнің басқа бұрышына көз тастасақ, онда біз Шығыстағы ең ізгі адам араб екеніне көз жеткіземіз. Ол өте қонақжай, жомарт әрі шыншыл, бірақ оның әңгімесі мен хикаясы және сезімі үнемі өзге бірдеңемен астасып жатады. Оның қиялы өзіне кез келген нәрсені қалыпсыз, бұрмаланған, асыра сілтеп жеткізеді, тіпті оның дінінің таралуы да ұлы оқиға еді. Егер арабтар Шығыстың испандары болса, парсылар Азияның француздары. Олардың ақындық өнері жақсы дамыған, сыпайы әрі талғамы да биік. Олар ислам мен көңіл көтеруге бейім өзінің иманына, адами қасиетіне қатты берілмеген, Құранды еркін түсіндіруден қашпайды. Әлемнің бұл бұрышындағы жапондарды біз ағылшындар деп алсақ болады, бірақ тек бірбеткейлікке ұласатын қатаңдығы, ержүректігі мен ажалдан қорықпайтынын айтамыз. Жалпы оларда айқын көрінетін сезім жоқ. Үнділерде эксцентрикаға дейін жететін гротескке бейімділік бар. Олардың діні гротесктерден тұрады. Құбыжық бейнелі идолдар, Ганумана деген алапат күшті маймылдың баға жетпес тісі, өзін-өзі жаралаған факирлер (пұтқа табынушы монахтар) және т.с.с. үнділерге тән. Әйелдің өзінің күйеуі өртеніп жатқан отқа өзін құрбандыққа шалуы да ақылға қонбайды. Қытайлардың әдеп сақтап, жаттанды жақсы сөздерін айтқандағы түрлерін көрсеңіз; тіпті олардың гротеск картиналарында біртүрлі, жасанды, әлемде жоқ бейнелерді көруге болады. Қытайлар өз салтын, рәсімдерін көнеден келе жатқаны үшін өте құрметтейді. Әлемнің бір елінде мұнша рәсім жоқ шығар.

И.Канттың алғашқы жұмысының немісше басылымының мұқабасы/Wikimedia commons

И.Канттың алғашқы жұмысының немісше басылымының мұқабасы/Wikimedia commons

ЖАЛҒАНДЫҚ ТУРАЛЫ

Сыпайылық бұл жасанды ізгі іс; жылтырақ бұл жасанды жалғандық; астамшылдық бұл жасанды керемет.

МАСТЫҚ ТУРАЛЫ

Ішімдікке құмарлық бұл мешкейлік сияқты емес, ішу бұл әңгімелесу мен сөзшеңдік құралы және ол адамның шабыттануына көмектеседі. Осы үшін де оны қарғап-сілей алмаймыз. Егер ішімдік бұл шектен асып кетсе, онда ол мастыққа айналады. Мастық ол әңгімелесу үшін ішуден шыққан соң да, ол хайуани кейіпте қалады, дегенмен ол мешкейліктің жанында түк емес, себебі мешкей не әңгімелесуге, не тәннің оянуына көмектеспейді, тек хайуани бастауыңды көрсетіп тұрады. Жалғыз ішу мен мас болу да ақылға қонбайды, онда ол мешкейліктен сәл биік тұрған басымдығынан айырылады.

Иоганн Гутенберг құрметіне қойылған қола рельеф (кітап басушы). Рельефте ойшылдар мен философтар, арасында Иммануил Кант бар. Страсбург, Франция/Alamy

Иоганн Гутенберг құрметіне қойылған қола рельеф (кітап басушы). Рельефте ойшылдар мен философтар, арасында Иммануил Кант бар. Страсбург, Франция/Alamy

БОЛАШАҚТАҒЫ СОҒЫСТАР ТУРАЛЫ

Дұрыс тәрбиеленген халықтарды жегідей жейтін ұлы қасіреттің бәрі дерлік соғыстың салдары екенін мойындауымыз керек. Оның ішінде тек қазір болып жатқан немесе өтіп кеткен соғыс емес, болашақтағы соғысқа деген тоқтаусыз, тұрақты түрде күшейіп келе жатқан дайындық та бар. Бұған мемлекет бар күшін, бар мәдени мұрасын жұмсайды. Бұл күшті мәдениетті таратуға жұмсауға болар еді. Еркіндікке аса ауыр соққы жасалып жатыр, жеке мүшелерге деген мемлекеттің аналық қамқорлығы оның сыртқы қауіпсіздікті сақтау мақсатында қойған аса қатал талабынан көрініп қалып жатады. Дегенмен бұл мәдениет, әл-ауқаттың ортақ өсуі үшін қоғам ойының ұштасуы, үнемі соғыс қауіпі жоғарғы билеушілерді адамзатқа деген мәжбүрлі құрметі болмаса, пайда болар ма еді, халық шекті заңдар кезінде де дәл осындай еркіндіктің үлесі пайдалана алар ма еді? Бұған біз Қытайдың мысалын дөп басып айта аламыз. Бірде бір оқыстан шабуыл өтінде қалған соң, айтарлықтай мықты жауы болмады және онда қазір еркіндіктің ізі де қалмаған. Сонымен адамзат қазір аяғын нық басып тұрған мәдениетте соғыс арқылы ғана оның дамуына қол жеткізуге болады және мәдениеттің шыңына жеткен жағдайда ғана (Қашан болатынын Құдай біледі) мәңгілік бейбітшілік бізге пайдалы болар еді және тек осылай ғана бұл мақсатқа жетуге болады.

Канттың үйі. Түрлі-түсті литография. 1842 жыл/Legion-media

Канттың үйі. Түрлі-түсті литография. 1842 жыл/Legion-media

ӘЙЕЛ ҚУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Әйел адам өзі туралы ашылып айта бермейді, сол үшін де мас болғанша ішімдік ішпейді. Ол әлсіз болғаны үшін де қу.

КҮЛКІ ТУРАЛЫ

Ішек-сілеңді қатыратын күлкі тудыратын нәрсенің бәрінде дерлік бір ақылға қонбайтын ақымақтық болу керек (одан адам санасы ешқандай ләззат ала алмайды). Күлкі бұл шиеленісті күтуді кенеттен ештеңеге айналдырудың әсері.

Кенигсберг университетінің 300 жылдығына орай салынған плакат . 1844/Wikimedia commons

Кенигсберг университетінің 300 жылдығына орай салынған плакат . 1844/Wikimedia commons

НӘЗІКТІК ПЕН ҚҰМАРЛЫҚ ТУРАЛЫ

Еркекті құмарлық, ал әйелді нәзіктік тартымды ете алады.

КЕМЕҢГЕРЛЕР ТУРАЛЫ

Кемеңгердің шығармасы (білім алуға немесе мектептікі емес, шығарманы кемеңгердікі деп айтқан жағдайда) бұл үлгі алатын шығарма емес (әйтпесе онда кемеңгердің бар екені және шығарманың жаны жоғалады), басқа кемеңгерге мұра болып қалады. Ол өз кезегінде өзінің жеке адам ретіндегі қолтаңбасына, өнер заңдылықтарынан еркіндік береді.

Джона Райландс кітапханасындағы Декарт, Локк, Кант және Гегель. Манчестер, Англия/Alamy

Джона Райландс кітапханасындағы Декарт, Локк, Кант және Гегель. Манчестер, Англия/Alamy

КЕРЕМЕТ ТУРАЛЫ

Керемет дегеніміз қанағаттандыратын нәрсе деп қарамаған нәрсенің бәрі.

ОҚУҒА ҰСЫНАМЫЗ

И. Кант, 6 томдық шығармалары, «Мысль» баспасы, 1966.