МЕН ЕЛУБАЙ!

Семей

Біздің халқымызда әртүрлі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, көптеген тәлімгерлік мақал-мәтелдер, философиялық мақал-мәтелдер, мінез-құлық ережелері мен нормалары және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін генетикалық код бар. Біздің көптеген сөз тіркестеріміз немесе сөздеріміз тікелей аударылмайды. Көшпелі халықтың өмір сүру циклі адамдарға баспана, тамақ және киім-кешек беретін малға тәуелді болды. Біздің ата-бабаларымыз табиғатпен үйлесімді өмір сүрген, сондықтан көптеген терминдер көпжақты. Егер біз "салқын су" деп айтуымыз керек болса, онда қарт адамға "қоңыр салқын су" тіркесін қолдануға болады, бұл тікелей аударғанда "қоңыр" су дегенді білдіреді, бірақ мағынасы бойынша бұл суық және ыстық су арасындағы, яғни ақтық пен қараңғылық арасындағы орта.

Егер біз "күшті" немесе "құдіретті" деп айтуымыз керек болса, онда "қара"сөзі қолданылады. Мысалы, "Қара Ертіс" - Ертістің жылдам ағып жатқан қуатты өзені (өзеннің жоғарғы ағысында Зайсан көліне құйылғанға дейін ол өте дауылды). "Қара мал" - ірі қара мал. "Қара суық" - бұл сүйектен өтетің суық.

Менің көптеген құрдастарым Елубай, Алпысбай, Жетпісбай және т.б. сияқты сөздердің мағынасын білмейді, олардың негізінде сандар бар. Мағынасы мынада, мұндай балаларды жеңістер мен қателіктер жүктемесі бар жетілген адамдар тәрбиелейді. Демек, менін әкем елу жасқа толғанда мен дүниеге келдім.

Бұл әкеге үлкен жауапкершілік жүктейді, мұндай адамның ұлы дұрыс тәрбиемен болуы керек. Сондай-ақ, ұл үшін жауапкершілік, өйткені бұл жаста әкесі туыстарының арасында белгілі бір салмақ пен беделге ие.

Әкеммен біз бір-бірімізге лайықпыз деп үміттенемін!

Әкеммен біз бір-бірімізге лайықпыз деп үміттенемін!

Әкем маған біздің тарихымызбен руымыз жайлы айтқан болатын. Қалын Найманнын ішінде Бәйжігіттен Тоғас, Жұмақ, Мәмбет (осы атанын бір ұрпағы Қабанбай батыр) туылады. Жалпы менің руым «Тоғас» болып келеді.

Негізінде бұрынғы аңыз бойынша Тоғас аз уақыт хан болған. Бір заманда қалмақтың ханы Қатаған қазақ еліне шапқыншылық жасап маза бермепті. Сол кезде қазақты билеген Есімхан «Кімде-кім қалмақтың ханы Қатағанның басын алса соны хан тағына отырғызам» деп жариялаған екен. Сөйтіп Қатағанның басын алғаны үшін Тоғас батыр үш ай хан тағына отырыпты. Әрине, бұл халықтың ауызындағы аңыз әңгіме ғой. Бірақ, осындай әңгіме не үшін керек? Егер сен текті жерден шықсан, онда ата-бабалырының әруағына лайық бол және елге қызмет жаса.

Әр адам өз жеті атасын білуі қажет. Мен өз жеті атамды білемін. Бірақ соның ішіндн алты аталарым туралы ғана ақпараттар бар. Ол Бөжей ата, Лашын ата, Смағұл ата, Мұқай ата, Қанат ата, Қайрат әке.

Ең үлкен алтыншы атамыз Бөжей бабадан бастайын

Бөжей өз заманында қалың бәйжігіт ішінде рулы елдің басшысы болыпты. Ол кісі туралы халық ақыны Қалихан Алтынбаевтың «Ақсуат» кітабында жазылған. Сол шығармада Бөжей бабаның Тарбағатай өңіріндегі беделді тұлғалардың бірі болғандығы баяндала келіп, атақты Кеңгірбай бимен құдандалы болғаны айтылған. Кеңгірбай би 17 ғасыр басында тобықты руын Сыр елінен Шыңғыстау жеріне бастап келген тарихи тұлға. Кеңгірбай би Тарбағатай жерінде сапарда болғанда Бөжей бимен танысып, таныстықтары құдандалыққа ұласыпты. Кітапқа енген дерек былай дейді: Кеңгірбай би Бөжейдің кісілік болмысын, басшылық қабілетін, өзге де адами қасиетін өте жоғары бағалап: «Бөжей, мен өзіңмен дос болуға, ортамызда дәнекер болса құда болуға да дайынмын. Шаңырағыңда болашақта қыз бала дүниеге келіп жатса мен айттырды деп есепте, өзіңмен құда болып жатсам немеремнің есімін сенің құрметіңе Бөжей қоямын» деп уәделесіп кетіпті. Арада бірер жыл өткенде Бөжей отбасында қыз бала дүниеге келіп, оны Кеңгірбай естіп әлгі уәдесі бойынша жоралғысын жасап, айттырып, болашақ келіннің қалың малын беріп тастапты. Содан қыз бойжетіп ұзатылатын жаққа келгенде кенеттен көтеріліп ауыратын болыпты. Осы жағдайға байланысты Бөжей «Баламыз тосын ауруға шалдықты, емдетіп көрдік сырқатының беті қайтар емес, сондықтан біздің тараптан ешқандай өкпе-реніш болмайды, қалың малы толық қайтарылады, ауру қызымды ұзата алмаймын» деп Кеңгірбайға сәлем жолдапты. Бірақ, Кеңгірбай би «Келініміз қандай жағдайда болса да ұзатып берсін, бұрынғы берген уәдемді бұзбаймын, айттырған адамымызды берсін» деп жауап қайтарған. Кеңгірбай би адамдарын жіберіп келінді ауылына алдырыпты. Келінді әкеле жатқан аттылы топ би ауылына жақындағанда әлгі жас келін атын қамшылап топтан озып ауылға қарай «Кеңгірбай, Кеңгірбай» деп ұрандатып тұра шауыпты. Бүкіл ауыл дүрлікседе Кеңірбай би сыр бермей келіннің атын тоқтатып, өзін ақ отауға кіргізуге бұйырыпты.

Кеңгірбай би Бөжейдің қызын баласы Ералымен отастырыпты, олардан дүниеге келген сәбиге Бөжей деп ат қойыпты. «Абай жолы» романындағы Құнанбайдың замандасы Бөжейдің есіміне қатысты тарихи дерек осындай.

Лашын ата орташа 1830 жылы дүниеге келген. Үлкен атам жайлы көп ақпаратты білмеймін. Білетінім Лашын атамды Лашын қажы деп атаған. Оның себебі 1877-1913 жылдарда қажылыққа барған. Соған байланысты Лашын қажы деп аталып кеткен. Газетінде жарияланған №11(369) 2 маусым 2017 жылғы Әлімбай және Лашын Меккеге қажылыққа барды.

Осыдан он жыл бұрын әкем ШҚО Тарбағатай рейннінің Жаланаш ауылында жерленген жеріне қабір тасын орнатып, латын әліпбиінде камен деген сөздерді жазған

Смағұл ата орташа 1870 жылы дүниеге келген. Смағұл атаның 6 ұлы болды. 1931-1932 жылдары 4 баласы Тарбағатай тауларын асып, Қытайға өткен. Ол кездерде бекітілген шекара болған жоқ. Бірақ адамдар көшіп бара жатқан жолда, қызыл әскер бекеттері болған. Қызыл Армия пулеметтерінен көптеген адамдар қаза тапты. Олардың Қытайға өту себебі - совет үкіметінде қысым болғандықтан шекара асып кетуге мәжбүр болған. Осы төрт баланың үшеуі 1962 жылы елге қайтып келді. Ал ең үлкен баласы Қабдолла Қытайда қалған. Ол кісі қызметте болғандықтан өткізбеген екен.

Жалпы біздің елдің малдары екі рет тәркіленді. 1931 жылы қазақтар Қытайға аздаған скарбпен кетіп, барлық малды осы жағында қалдырды. Содан кейін отыз жылдан кейін Қытайдан 1962 жылы қайтадан сол жерде өсірілген малсыз оралды.

Тағдырды қараңызшы, Смағұл ақсақалдың бір баласы Қытайда жерленген, төртеуі - Қазақстанда, ал тағы бір баласы (Мұқай) – Еуропада (Екінші дүниежүзілік соғыста 1944 жылы хабарсыз кеткен).

Смағұл ата соғыс кезінде Семпалатинск облысы Ақсуат ауданы Ойшіліқ ауылында тұрған.

Оның жеңіске қосқан үлесі - бұл танк құруға ақшалай көмек болды. Бұл факт аудандық "Социалистік қарқын" газетінде 1943 жылдың қаңтарында «Сталинге хат» деп аталды.

Мұқай ата шамамен 1899 жылы дүниеге келген. Мұқай ата соғыс ардагері, өз елін жерін қорғаған батыр. Мұқай атамыз 1941 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылды. Оның соғыстан алған бір ғана хаты бар.

Соғыс кезінде денесіне оқ тиіп, әскери ауруханаға түседі. Майданда жолданған хаттың біреуі ғана жетті. Әлі күнге дейін сақтаулы. Ол хатта «Менің денемнен оқ өтті, қазір әскери ауруханада жатырмын, біраз тәуір болып қалдым. Жазылғаннан кейін қайтадан майданға әкетеді. Хат жазып отырындар» деп жазылған.

Бірақ өкінішке орай 2-3 жылдан кейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен деген қағаз келген.

1944 жылы оның жоғалып кеткені туралы хабарлама келді

Қанат ата 1926-2001 жылдар аралығында өмір сүрген. Өте білімді адам болған. Қанат атам ұлы отан соғысы бітпей тұрып, 1944 жылы желтоқсан айында 17 жасында әскерге шақырылды. Содан кейін 6 жылдан кейін қайтып келген. Қанат ата соғыстан келгеннен кейін, заготовительный школаны үздік бітіріп, сол жерде мұғалім болып қалған екен. Кейіннен сол мектек Аң-тері техникумға айналып, Қанат ата сол жерде көп жылдар бойы директор лауазымында болған. Бұл техникум бүкіл орта Азия мен Кавказға танылған небір мамандарды дайындаған мекеме болған. Қанат атам жақсы қызмет атқарғаны үшін «Құрмет орденімен» марапаталған болатын. 2001 жылы 75 жасында дүние салды.

Медициналық білім алды, дәрігер болып жұмыс істеді, кәсіпкерлік қызметпен айналысты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітіргеннен кейін 1999 жылы мемлекеттік қызметте (әкімдік, министрлік, Үкімет Аппараты) жұмысқа кірісті.

Семей қаласы мәслихатының VII шақырылымының "Ауыл" партиясынан депутаты, онда ол өзін халықтың принципті және сындарлы өкілі ретінде көрсетті. Ол қаланы дамытудың көптеген мәселелері бойынша, соның ішінде Семей қаласының жолдарындағы қозғалысты жақсарту үшін "Қиғаш оң жақ" бұрылыстар жүйесін енгізудің бастамашысы болды. Ядролық сынақтардың зардаптарынан халықты оңалту мәселелерін тұрақты негізде көтерді (сілтемені қараңыз https://www.caravan.kz/gazeta/obeshhannogo-30-let-zhdut-764411/)

Соңғы съезде "Ауыл" партиясының Саяси кеңесіне сайланды.

Әкем Қайраттың қандай адам екенің төменгі алғыс хаттанда білуге болады.

Ер азаматтың үш жұрты болады. Нағашы жұртыма келетің болсақ, Даулет ата нағашы атам Марқакөлдің тумасы. Көп жылдар ЗИЛ жүк көлігінің жүргізушісі болып, адал еңбекте қызмет етті. Жасы 78-де болсада анда-санда өзінің меншік зил көлігімен елге көмір т.б керек Заттарды жеткізуге көмектесіп жүреді. Менің нағашы атам нағыз еңбекқор адам.

Болашақта осы аталарым сияқты болса деп ойлаймын.

Мен Қаджармын.

Көпшілік адам менің атымды бірінші реттен жаттай алмайды. Қаджар деген есім ерекше, көп кездесе бермегендіктен таңғалады. Мағынасына келетін болсам Шыңғыс хан империясы кезінде оның әскерлерінде 18 ғасырда Иранның билігіне келген және көптеген жылдар бойы билік еткен "Қаджарлар" түркі тайпасы болған. Негізінде Үндістандағы Бабыр, Мысырдағы Бейбарыс, Ирандағы Қаджар - осы мемлекеттердің дамуына үлес қосқан түріктер.

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%B4%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%8B_(%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%8F)

Менің әкем менің тәрбиеме өте көп көңіл аударады. Мені әр-түрлі спорт түрлеріне, салт-дәстүрімізді үйретті, жәнеде әліде үйретуде. Мен үшін Спорт каратэ секциясынан басталды, онда мен жақсы нәтижелерге қол жеткіздім және Семей қаласы әкімінің кубогын жеңіп алдым.

Сонымен қатар мен аздап музыкаға да жақынмын фортепиано ойнаймын.

Өкінішке орай, короновирустық карантинге байланысты бұл каратэ және Музыка сабақтары бір жылға тоқтатылды.

Карантиннен кейін мен дзюдо бөліміне бардым. Онда әр түрлі турнирлердің жеңімпазы болдым.

Спорт физикалық дамудан басқа мінезді қалыптастырады

Өмірдегі әр-түрлі жағдайларды, қиыншылықтарды қалай жеңуді үйретеді. Жәнеде мені өз атамекеніен таныстырып, сол жерлерге апарды. Ол Тарбағатай таулары.

Қазіргі таңда біздің отбасымда 4 адам. Ол мен Қаджар, әкем Қайрат, анам Ажар және қарындасым Кармина. Менің анам Ажар Марқакөл ауылының тумасы. Суретті керемет салады, анда-санда домбырада шертеді. Ауыл шаруашылығына жақын, тамақты өте дәмді әзірлейді.

Менің қарындасым Кармина 9 жаста, 4 сынып бітірді. Сабағын жақсы оқиды. Кармина билейді, ән айтады және мен сияқты фортепиано үйірмесіне барады. Анама үйдің жұмыстарына көмектеседі. Кармина ең қызықтысы 5 жасында әкеміздің туған күніне 58 рет отжимания жасады.

Апам Сара 1929 жылы дүниеге келген. Бірақ өкінішке орай осы жылы 94 жасында дүниеден өтті. Ақкөңіл адам болған. Ешкімге жамандық тілемейтін мейрімді жан болатын. Еске сақтау қабілеті өте жоғары болған. Көптеген бата жазған. Маған өлендермен ертегілер айтып беретін.

Сара апам өз заттарын ұқыпты ұстайтын және заттарын ұзаққа ұстайды. 4 бала дүниеге алып келді, балаларынан немерелерін сүйді және 10 шөбересін көрді. Апам осы ұрпақтарының бәрін көріп үлгерді. Сара апа Қанат атам дүниеден өткеннен кейін 23 жыл өмір сүрді.

Міне соңынада жеттік. Менің отбасымның тарихы осы. Қиыншылықты да, жақсылықты да көрген. Біз оған қарамастан әрі қарай өмір сүре беруіміз керек. Осы жерде жазған кейбір аталарымды көрмесем де, олардың осы өмірде жақсы адамдар болғанын білемін.

Қаджар Қайратұлы

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ