НАБОКОВ — 125 ЖЫЛ

20 ғасырдың көрнекті жазушысының әліппесі. 2-бөлім

Опатиядағы атақты адамдардың қабырғасы, Хорватия, Владимир Набоковтың муралы/Alamy

Владимир Набоков 1963 жылы берген сұхбатында кітап жазғанда әлдебір заңдылық сақтап, бөлім-бөлімді бір ретпен емес, фрагменттермен таңдап жазу тәсілін пайдаланып, бос қалған кеңістікті толтырып жазатынын мойындаған. Qalam оның бұл әдісін қайталауға тырысып, жүйелі сөзбен баяндаудың орнына әр жерден бір түртіп, таңдап жазуды ұйғарып отыр. Біз Набоков ғаламының әліппесін жасап, оның қандай болатынын болжап көрдік. Набоков өзінің жеке Ғаламын жасап шыққанына күмән жоқ, ол жасаған образдар біздің өмірімізге кірігіп кеткені сонша, ойламаған жерде көз алдыңнан шыға келеді. Мысалы, бір жарым жыл бұрын Алматыдағы жылжымайтын мүлікпен айналысатын бір компанияның жарнамасынан жазушының томы жарқ етіп көзге түсті. 

PS. Біз шахмат, көбелек, нимфеткалар сияқты осыған дейін айтылған тақырыптарды тағы бір мәрте қайталамай, Владимир Набоковтың шығармашылығында сирек айтылатын деректерге мән беруге тырыстық.  

 

Бұл біз дайындаған Владимир Набоков әліппесінің екінші бөлімі. Бірінші бөлімін мына жерден оқуға болады. 

Б — Бұлттар

«Машенькадағы» кейіпкер бұлттарды көргенде Ресейді жиі есіне алатын. (Бұл жерде біз тағы бір эмигрант И.А.Бродскийдің өлең жолдарын еске ала кетейік: «О, Балтықтың жаздыгүні қалқыған бұлттары, сендерден артығын көрмедім мен мына әлемде әлі». Айтпақшы, Бродский Набоковтың өлеңдерін жақтырмайтын еді. Дегенмен оның бір өлеңін ағылшыншаға аударған (бірақ «бұны өз еркіммен істемедім» деп айтады).

Дәл осы романда Подтягин: «Шалбарында бұлты бар, не дейміз енді, ақымақтық!» – дейді («облока в штанах» деген тіркестің тікелей аудармасы, мағынасы — әдептен озбайтын адам, тым кішіпейіл адам).

«Бұлттан ұят болды», – дейді «Ерлікте». «Сыйдағы» Годунов-Чердынцев деген кейіпкердің бар киімін жымқырып кеткенде үстінде бұлт үйіріледі. «Адада» «бұлт» тәрізді кекіру сипатталған. «Жансызда» бұлты атшанадағы мастарға теңейді. Набоковқа Бродскийге ұнамайтын өлең жолдарында да бұлт туралы көп кездеседі. Оның ішінде «құшаққа еліктейді бұлттар» деген жол бар.

Бұл қызық метеорология, әрине, әліппенің арнайы әрпіне жететіндей ақпарат емес еді. Бірақ «Бұлт, көл, мұнара» (1937) әңгімесі бар. Бұл Набоковтық мотивтердің бәрі жинақталып, қысылған күйі берілген асқар шың деуге болады: біреудің әйеліне деген махаббат, Берлин, көбелек, эмиграция, жады, балалық шақ, азап көру және кішкентай адамның ұлылығы, фирмалық әзіл (бұл жолы Набоков Тютчевті мазақ етті: «Біз енді өтірікті жеуге міндеттелген шырышпыз»), синестизия,i С әріпін қараңыз («гүлдер түрлі түсті жолдарға сіңісті), мизогиния («әйелдер шымшу мен шапалақпен ұруға ғана қанағаттанды»), мизантоприя, өзіне сәлем, діттегеніне жету (бұл жерде тырнақшасыз өлім жазасына шақыру ойнатылған). Бұл әңгімеде бұлттар жұмақ ұшбұрышының бір нүктесі ретінде қызмет етеді. Ол бұлт, көл, мұнара кейпіндегі кейіпкер еді. Мәтінде де үш рет жазылған. Алдымен жолдағы «көк тазысы тәрізді сетінеген бұлттар». Содан кейін станциядағы «ұзын-сонар қызғылт» бұлттар. Бірақ, дәл сол «Жансызда» айтылғандай, «өз затыңа жел тұрған кеште бұлттың жарығын қосуға болмайды». Шарықтау шегінде Орта Еуропаның түкпіріндегі әлдебір жұмақ — бұлт жоғалудың, қолжетпес дүниенің, бірақ әлі де көруге болатын, тірі дүниенің символы ретінде қолданылған.

Владимир мен Вера Набоковтар және олардың ұлы/Alamy

Ж — Жады

«Айналма» әңгімесіндегі кейіпкер «жадыда қазына сақталады, түнек түбінде жасырын қоймалар пайда болады да, кездейсоқ біреу кітапханашыдан 20 жыл ешкім алмаған кітапты сұрайды» деген себепті, ештеңе жоқ болып кетпейтінін сезінеді.

Бұл образдың ғажап екеніне қарамастан, Набоковтың өзінің мнемоникаiесте сақтау техникасы әдісіне қайшы келеді. Набоковтың өзі әлденені сақтаушы, қоймашы емес екені анық, жады деген ол үшін — кездейсоқ адамды күту үшін пассивті қойма жинау емес, үнемі жанкешті жұмыс істеу, өзі айтқандай, «есте ұстап қалу актісі». Бұл мағынада ол тек жинаушы емес, ол жыртқыштай қырағы жорыққа шығушы. «Жады, сөйле қане!» – деген автобиографиялық кітаптың бұйрық мәндегі атауы. Бұл атау оның принципін толық ашып тұрғандай.

Бозбала шағында жазған «Бозбалалық» деген поэмасында:

«Кеш мені, күні батқан, Ресейім,
Жадымда қалған жалын от», – деген жолдар бар.

Елена Ивановна Набокова балалары Сергей, Ольга, Елена және Владимирмен. Жеке коллекция/Getty Images

Бұл жадыдағы жалын оты Набоковтық өнердің негізі болатын тіректің бірі. Жалын образының өзі 1924 жылы (Набоковтың поэмасынан кейін бір жыл өткенде шыққан) жазылған мандельштамдық ұранмен сәйкес келетіндей де көрінеді: «...Өткеніңмен қоштас, бірақ бұл қоштасу сол өткеніңнің күлін қалдырмайтындар өртеп жіберсін».

«Жұмысбасты адам» әңгімесінің басын жай естеліктердің осы сәттің сәулесіне шыдамай жоғалатыны және ол жайлы тек естеліктер туралы естеліктер ғана қалатынын сипаттайды. Осы үшін де Набоковтық жады таңдамалы және жаттыққан жады деуге болады, әйтпесе бәрі тәтті естеліктер мен өткенді сағынумен ғана болады. Бұны Набоков иттің етінен жек көреді.

«Естеліктердің мұңын жұтқан тұрпайылық билеп алды», – дейді ол. «Мнемоникалық тұрпайылықтан бет қызарады», – дейді тағы. «Өткеннің ермегі», – дейді жақтырмай Ада.

Әлемдік жадының һас маманы Марсель Пруст та Набоков үшін қымбат жан екені сөзсіз. Әйтеуір алғашқыда солай болғаны һақ. Бірақ бұл «Обскур қапасында» ол 300 бет тек тіс дәрігеріне барғанын жазатын Зегелькранц деген жазушыны мазақ етеді. Бұл Зегелькранцтан «Жоғалған уақытты іздеуді»iiМарсель Прустың (1871–1922) бас романы жазған жазушыны көруге болады.

Набоков Владимир Дмитриевич орыс императорлық армиясының лейтенантының формасында, шамамен 9 қаңтар 1914 ж/Getty Images

«Өткеннен ешқандай жауап таба алмайсың, себебі осы шақтың көзесі толып, бос кеңістікті толтыра бастаған кезде де ол жерде жауап болмаған», – дейді Набоков. Сол үшін оның жадысы ешқашан бос естелікпен шектелмеген, бірақ, оған қоса, қиял күшін де іске қосатыны тағы бар.

Р — Ресей

Ресей — бұл туралы сөз қозғағанда Набоковтың өзі айтқандай, «өз жанының бір бөлігін жайып салады». Тағы бір өлеңінде:

«Өз еркімен Отанынан кеткен адам,

Өз еркімен ол туралы биік шыңнан сөйлейді», – дейді.

Рас па, жоқ па, білмеймін, бірақ Набоков оның прозаларында Отанға деген сезімге толы сөздерін айтып қалып жатады. «Сыйда» бұны «Ресейге деген ащы махаббат» дейді және Набоковтың өзі Кембриджде оқып жүргенде Дальдің сөздігін11Владимир Даль i(1801–1872) — жазушы, лексикограф, «Ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігін» құрастырушы көз алмай оқығаны сияқты, «Сыйдың» кейіпкері де қайтып келетініне сенімді, себебі ол Ресейдің кілтін өзімен бірге алып кеткен.

Набоков әке-шешесімен 1919 жылы көктемде Ресейден кетіп қалған. Бұл саяхаттың әсерін «Ұстара» деген әңгіменің мына жолы дәл түсіндіретін сияқты: «алып, игі, ұлы Отанды әлдебір ішпыстырарлық сайқымазақ қызыл сөзге бола жоқ қылды». Сайқымазақ дегеніміз Ленин екені түсінікті.

Владимир Дмитриевич Набоков және Елена Ивановна Рукавишникова/Getty Images

«Наташа» деген әңгімесінде Ресейге бәрі көктемде тырналармен бірге қайтады деген жан тебірентерлік эмигранттық сенім сипатталады. Бұл сезімнің Набоковтағы шарықтау шегі — өлім жазасына фантомды келуі, бұл туралы «Ату жазасы» деген өлеңдегі кейіпкердің қызыл армия қолынан қаза табатыны туралы ойы жазылады. Айтпақшы, сол үшін де Набоковқа Окуджаваның «Үміт» (Ү әріпін қараңыз) деген әні ұнаған сияқты. Екі өлеңде де Азаматтық соғыста өзін құрбан ету мотиві бар, бірақ екеуі екі жақтың атынан сөйлейді. «Ату жазасы» бұл «Ерлік» романының мәнін өзгеше жаңғырту сияқты. Ондағы бас кейіпкер Кеңестік шегарадан өткеннен кейін өзіне қауіп төндіретін шараға барады.

Дегенмен мұндай сентиментализм отандас-эмигранттарға деген ғайбатқа да кедергі болмады. «Машенькада»: «Пансион орыс еді, оған қоса адам сүйетін қылығы жоқ», – дейді. Одан әрі «Ұстам» деген әңгіменің жүрек айнытатын кейіпкері Костя бар және «семіз орыс мұрын», «орайы келгенде «жид» деген сөзді жүзімнің жуан жемісіндей салп еткізетін ұятсыз орыстар» тағы бар. «Наташа» деген әңгімеде былай дейді: «Ольга Алексеевнаның танысы біршама көбейді, бәрі орыс жастары. Әлдебір даңғазалық басталып кетті. «Кинемонькаға барайық». «Кеше диляға бардық». Мақалдар, еліктеушілік сұраныста еді. «Котлет емес, қараңғылық». «Біреу жоқ, біреуге жаның ашиды...» (Немесе қысылған дауыспен: «Офиц-цер мырзалар...»)

1989 жылы КСРО-да Набоковтың прозалары мен өлеңдері жазылған бірден екі винил пластиналасы шықты. Екеуі де «Өзге жағалаулар» деп аталды, ал оған аннотация ретінде «Отанға билеттің» кіріспесі жазылды. Бір жыл бұрын дәл сол «Мелодия» фирмасында Александр Градскийдің Набоковтың өлеңдеріне жазған магнитоальбомы шықты. Оның да аты дәл солай әдейі қойғандай «Сағыныш» еді (айтпақшы, онда жоғарыда атап өткен «Ату жазасы» өлеңі де бар еді). Набоковтың бұл арт-роктық макабрды тыңдағандағы түрін елестетудің өзі қиын, оған қоса Владимир Владимирович мұндай музыканы ұната бермейтін).

В. Набоков. Басқа Жағалаулар. Өлеңдер мен проза. Вадим Маратов оқиды. 1989 / Мелодия/ашық дереккөзден

Сонымен қатар мұндай Отанға билет деген дүниенің барлығы және басқа да ностальгиялық риторикаға Набоковтың түк қатысы жоқ. Мережковскийден Мамлеевке дейінгі диапазондағы «қайтарылған есімдердің» қайта құру ағынына Набоков тым сәйкес келмеді — «Лолитаның» алғашқы кеңестік басылымы «шетел әдебиеті» деген атпен шыққаны кездейсоқ емес. Ол тек қана дамытып қана қоймай, өз дарынын ағылшын тілінде дәріптеген жалғыз үлкен орыс жазушысы — бұл оның орыс әдебиетімен қашықтан қатынасқанын байқатады.

Орыс сұлуы және басқа әңгімелер кітабының 1-ші басылымы, 1973 ж./Alamy

Дмитрий Галковский22Дмитрий Галковскийi (1960 жылы туған) жазушы және философ, «Шексіз тұйық» романының авторы, Набоковтың «Бозғылт отымен» салыстырған орыс постмодернінің маңызды авторларының бірі дәл байқаған, Набоковтың прозасы абсолютті интеллектуалды артықшылықпен жазылған. Бұл артықшылықтың себептері тек шығу тегіне, талантына және ақыл-ойына байланысты емес. Бұған дейін «Лолита» 1955 жылы шыққанша он жылдан астам уақыт бойы жартылай жанқияр эмигранттың рөлі айтарлықтай ықпал етті. Шарасыздық сәті және «заңсыз» деген желеумен ұзақ уақыт жүруі оның стилін жетілдіріп, есту қабілетін арттырды, ол өзінің табиғи тілінің инерциясын да, шет тілінің кедергілерін де қағазға түсірді, ерекше суперпозицияда болды. Тіпті Солженицын Набоковтың орыс әдебиетінен түбегейлі басқа әдебиетке дұрыс ауысқанын мойындады. Галковский одан әрі 80-жылдарға дейін қазбалады: «Набоков орыс мәдениетіне қазіргі комсомол сияқты жат болды. Дегенмен оқиғалардың мәніне интуитивті ену қандай еді».

1959 жылғы 7 қараша: Лондон кітап дүкенінің сатып алушылары Владимир Набоковтың даулы бестселлері Лолитаны оқуда/Getty Images

Владимир Набоков — орыс әдебиетінің сыңары сынды, оның тумасы, бір мезетте онымен бірге және қашықта сияқты. Оның асқақ қос дүниесі тақырыбында 1949 жылы Набоков мойындаған хатында жақсы мәліметтер бар: «Мен Сіздің Пушкин туралы орыс тілінде баяндама жасау туралы өтінішіңізді орындай алмайтыныма шын жүректен өкінемін (ағылшын тілінде бұл маған оңай болар еді)».

С — Синестезия

Набоков әлемдегі ең танымал (мысалы, Ван Гог сияқты) синестеттің бірі болды, яғни сәйкес келмейтін сезімдерді біріктіре алатын адам: синестезия түстерді естуге немесе дыбыстың дәмін сезінуге мүмкіндік береді. Набоков мұны көркемдік құралы ғана емес, анасынан жұққан қабілет деп санады: «Маған әріптерді түрлі түсті көру бақыты бұйырды. Бұл түсті есту деп аталады».

Соған қарамастан, ол мұндай эксцентриктің күшін жақсы түсінді (әдеби синестезия Гомерде де кездеседі) және оны жазуда ықтиярлықпен қолданды. Мысалы, «Адада» кейіпкер уақыттың табиғатын түсінуге тырысып, осы әдісті қолданады: «Менде бар синестезия күрмеуі қиын мәселені шешуде қол байлау болмай, керісінше көмектеседі».

Жазушы Владимир Набоков/TASS

Набоковта таза синестетикалық метафоралар бар, мейлі ол «гүлденген бадамның қызғылт тұманы» болсын, «күңгірт сирень дыбысы» болсын, «алтын жалатылған шанышқының дыбысы мен көрінісін еске түсіретін» «адалдық» сөзі болсын. Мұндай метафораның жарқын үлгілерінің бірі «Мөлдір заттар» романында кездеседі — «басында оның қызыл гүріл пайда болды». Салыстыру үшін Буниндегі дәл осы инсульт біршама қарабайыр сипатталған: «Көз алдында қызыл бұлт пайда болды».

Набоков үшін синестезия жады жұмысымен тікелей байланысты. Оның айтуынша, «біз жасай алатын ең жақсы нәрсе — жадымызда кемпірқосақ жарығының сәулесін ұстап қалуға тырысу». Бір қызығы, бұл сақтау процесі әртүрлі тілдерде әртүрлі жұмыс істейді. Филолог В.Я.Задорнова бір жұмысында атап өткендей, «Басқа жағалаулардың» мәтінін оның ағылшын тіліне авторлық аудармасымен салыстырған кезде, 35 жағдайдың 15-де синестезия мүлдем жоғалып кететіні белгілі болды».

Т — Телефон

Вячеслав Курицын «Лолитасыз Набоков» кітабында 1926 жылдың жазында Набоков әйелі Верамен бірге Берлинде телефонды құлып салынған қорапта ұстаған үй иесінің бөлмесін жалға алғанын жазады. Жалпы Набоков мәтіндеріндегі телефон әрқашан жақсы нәрсе естімейтін шапқыншылық құралы сияқты. Набоков әкесі Владимир Дмитриевичті өлтіріп кеткені туралы жаңалықты телефон арқылы естігенін ескерсек, бұл таңғаларлық емес (бұл туралы «Жады, сөйле қане!» шығармасында жазылған).

«Лолита» фильмінен көрініс(1962) (реж. Стэнли Кубрик)/Alamy

Телефонды Набоковтың аса жағымсыз кейіпкерлері сондай бір жақсы емес мәселесін шешу үшін қолданып жатады — «Фиальтадағы көктемде» Фердинанд деген кейіпкердің күйеуі «Алыс қашықтыққа телефон соғуды» жақсы көретін, себебі алдын ала тегін жатын орын табуға тырысатын. «Обскур камерасындағы» Магда Кречмаруға хабарласып, әйелінің алдында зәресін алады. «Оңбағандағы» Берг күніне бес рет телефон шалып, кейіпкердің әйелін өзіне қаратып алғысы келеді. «Сыйда» «өлгім келмеді, өлтіруге тура келді» дейді телефон арқылы. «Оларға телефон соқсаң жүрегі жарылып өледі», – дейді «Ерліктегі» Сония шақырылған қариялар туралы. «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандар» романында телефон сигналы әлдебір тұлғаның жоғалуын білдіреді — «үзілген қоңырау үні бірінің үстіне бірі құлаған «Я»-ға келеді». Телефон қоңырауы Набоковтың ең басты екі әңгімесінің соңында жазылады — оның бірі «Белгілер мен символдар» болса, екіншісі «Қоңырау». Екеуінде де бұл бөтендеудің, қорқыныштың және оңбай қателесудің белгісі. Бұлардың әкесінің өлімі туралы естіген телефон қоңырауымен байланысы бар ма, жоқ па екенін дөп басып айту қиын, бірақ бұл әңгімелерде бақытсыз ұлдар туралы жазылған.

Владимир Набоковтың кітабы/ашық дереккөздерден

Бұл күрмеуі қиын тақырыпқа жақында ғана шыққан «Набоковтың эффектісі» деген кітап жазған зерттеуші Сиги Джотткандт та қалам тартқан. Онда Набоковтың мәтіндеріндегі телефонның қызметі туралы арнайы бөлім бар. Оған «Ең әуелі телефон болған» деген Жак Дерриданың эпиграфы бар.33Жак Деррида i(1930–2004) — франциялық философ-деконструтивист, постмодерннің негізгі авторларының бірі

У — «Ultima Thule»

«Ultima Thule» (яғни, басқа әлем басталатын жердің шеткі солтүстік нүктесі) – Набоковтың соңғы аяқталмаған орыс тіліндегі романының бірінші тарауы, қолжабасын өртеп жіберген деседі. Бұл Набоковқа тән мәтін емес –лавкрафтияға жақын44Ховард Филлипс Лавкрафт (1890-1937) – американдық жазушы, қорқынышты, мистика және параллель әлемді жазудағы белгілі тұлға сюжеті бар. Дәл сондай өзге әлемге саяхат, дәл сол әріпке байланысты Набоковтың «Қанат қаққанда» («Удар крыла») әңгімесі бар, бірақ «Ultima Thule», сөзсіз, неғұрлым нақтырақ жазылған.

Әңгіменің кейіпкері Синеусов әйелін жерлеп (тумаған баласымен бірге), сурет салудан жұбаныш іздейді. Өнер өзі қабір әлеміне ұқсас келеді, себебі өнер де «жансыз, елеске тән табиғатқа» ие. Суретші математикаға жан-тәнімен ессіз берілген Фальтерге қабылдауға жазылады. Ол кездейсоқ өмірдің жұмбағын тапқан-мыс. Ақиқат өзге біреуге айтатындай нәрсе емес, тым қорқынышты, сондықтан Фальтер бірде дәрігерге ағынан жарылып, кейін оны өлтіріп тынған.

Владимир Набоков 1965 жылы Швейцарияның Монтре қаласындағы газет дүңгіршегінен американдық Time және Newsweek журналдарын сатып алуда/Horst Tappe/Getty Images

Набоковтың бұл мәтінінде бірнеше қатпар мен астар (оның ішінде мифологиялық та астар да) бар. Біз соның біреуін ғана айтамыз. Набоковтың шығармалары жиі әрі кенет кейіпкердің өлімімен аяқталады. «Лужинді қорғау», «Фиальтадағы көктем, «Жүз», «Сұлу», «Өжетте» де қайталанады. Ары қарай — тыныштық. «Ultima Thule» — бұл сол тыныштықтан ары өтетін қозғалыс және өлімнен кейін не болатынын айтуға тырысу. Автор қабір әлемін сипаттауға сөз таппайды, дегенмен оны баяндайтын сөз бар екеніне сендіруге тырысады (Фальтер Синеусовқа кездейсоқ өмірдің қорқынышты жұмбағы туралы айтып қояды да, дәл қашан айтқанын, қалай айтқанын жасырып қалады). Бізде бұл күрмеуі қиын шахмат есебін шешу үшін қолымызда барлық фигура бар. Бірақ біз олардың нақ жүрісін дөп басып айта алмаймыз, себебі бізге ол берілмеген. Набоков бұл жерде жазушы ретінде емес, ғалым сияқты жазады (ол өзі ғалым да болатын), бұл салада метафоралар жұмыс істемейді, нақты мағынаға иә дөп түсетін сөз керек. Сондықтан «Ultima Thule» бұл сөздің жоқ болғаны үшін де көп нүктемен аяқталады. Шамамен дәл осы тақырыпқа сай, дәл осы мағынада Набоковтың бір өлеңінде былай деп жазылған: «Бұл жұмбақ, ақ-ақ, ақ-ақ, ақ-ақ, ақ, нақты айтуға хақым жоқ».

Ф — Фиальта

Фиальта — бұл осы аттас әңгімедегі «қою зәйтүн түсті теңіз» үстіндегі қираған шіркеуі, құрылысы аяқталмаған вилласы мен мұз кәмпиті бар ойдан шығарылған қала аты. Набоковта ойдан шығарылған топонимика жетіп артылады, олар: Зоорландия, Зембля, Амероссия, Антитерра, Татария, Белоконск. Бірақ бұлардың бәрі дерлік сатиралық, әжуә ету мақсатында жасалған атаулар. Тек Фиальта Нина есімді кейіпкердің қолындағы шегіргүлмен (фиалка) ұйқаса кетеді, асылында сезімтал әрі нәзік. Әңгімеші бір жерде ағынан жарылады, көз сияқты дейді, себебі ойдан шығарылған қала детальдарында расымен қағаз бетінде де көзді байлап тастай алады.

Владимир Набоков (1899 - 1977) жаңбыр астында тормен көбелек аулау кезінде, Зерматт, Швейцария/Horst Tappe/Getty Images

«Фиальтадағы көктем» — өмір бойына созылған, ешқандай міндеттемесіз тәтті құштарлық туралы мәтін. Бұл Набоковтың чеховтық-буниндік стилге ең жақын әңгімесі деуге болатын шығар. «Ит ұстаған бикеш» пен «Таза дүйсенбі» арасындағы туынды. Бұл жерде де Буниннің «Таза дүйсенбісіндегі» аққу туфлиі кездеседі. Набоков сюжетті ағартып, қайта жаңғыртып, қатаңдатып жіберген. Махаббаттың өзі Құдайдың қаһарындай қатал екенін, осы теңіз жағасындағы қала сияқты ойдан шығарылғанын көрсеткен. «Ештеңе алаңдатпайтын, расында еш үмітсіз кездесулер» дейді әңгімеде. Нинаның жанына кездейсоқ махаббаттасқан, онша емес француз әндерімен, әдепсіз сөздерімен және «жағымсыз әдеттер жиынтығымен» көзге түскен ұятсыз, зинақорлар жиналғанда, ол қыз өзін «жұмақтағыдай» сезінеді. Ол бір сәтте «сүйем» деген қорқынышты етістікті айтса болды, қайтыс болады да, ақ нұрдың ішіне оралып жоғалады.

Ө — Өжет

Біз Набоковтың мизогиния мотиві туралы аз-кем сөз еткенбіз (М әрібін қараңыз). Алайда оның еркектерге жасаған қастандығы одан зор әрі азапты. «Патшалар, бикештер, валеттер» деген шығармадағы «адамның жынын келтіретін еркек жүзіндегі қуаныш» тіркесі әйелдерді ондаған феминистік трактаттардан да жақсырақ қорғап алатынын көруге болады. Ұятсыздар мен ақымақтар тізімінің басында жақсы орныққан бір кейіпкер бар. Ол өркөкірек, өзінен басқаны көрмейтін агрессивті еркек. Оны бір сөзбен «өжет» деп айтуға болады. Осы аттас әңгімедегі оңбағанның аты —Костя Сумароков (жалпы, «Наташа» әңгімесіндегі кейіпкер де бұған қатысты сәл әдептілеу, жұмсартылған «арсыз» сөзін қолданады).

Набоковтың өжеттері — бұл тепсе темір үзетін, қарапайым, салтанатқа жаны құмар, мұрнының түгі сыртқа шыққан жаратылыстар, олардың «шақпақ шұға матадан тігілген киімін жапсырып киген дәу жамбасы» бар, олар сыраны сіміреді («аттың зәріндей шыжылдап тұрған» дейді «Төбелес» әңгімесінде), «Өлім жазасына шақырудағыдай» олардан «еркектің, темекінің, сарымсақтың» иісі шығып тұрады. Олар әйелдерді «алтыным» дейді және олардың бәрі нәпсіқұмар (мысалы «Бұлт, көл, мұнарадағы» бөлмелес өзінің ресейлік түп тамыры туралы естеліктерінде айтады).

Владимир Набоков 1966/Gertrude Fehr/Getty Images

Өжеттің тағы бір қыры бар — зорлық пен әжуә етудің кез келген түрі олардың бойына біткен. Олар жаңа келген сарбаздарға еденді тіс жуатын щеткамен тазалатады, «Көмескі жалында» «кастет ұстаған томар» бар, ал «Оңбағанның» кейіпкері 523 адамды өлтіргенін мақтан тұтады. Набоковтың өзі үшін жүйелі зорлық көрсету — таза табу. Оның кредосы «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандар» романында анық көрінеді: құрметке тек «арнайы білімнен таза бақыт таба алатындар» мен «физикалық түрде өлтіруге бейімі жоқ» адамдар ғана лайық.

Владимир Набоковтың Бақтағы патша, ханым және валет романы/Shutterstock

Өжеттердің бәрі дерлік ересектер емес — мысалға Лужинді мектепте балалар мазасын алады, «Патша, бикеш, валеттегі» бейкүнә кейіпкер көп ұзамай таза оңабағанға айналады. Сондай-ақ бұлардың бәрі қарапайым халықтан шыққандар емес — Юнг білімді топастық деп атаған нәрсеге Набоков қарсы шығады. «Аданың» кейіпкері Ван бірінші класспен жүзуге аттанғанда, өзі сияқты жолаушылардың тізімін кімнен секем алу керек екенін білу үшін біртүрлі жеккөрінішпен тексере бастайды. «Торығу» романында мынадай сөйлем бар: «Қарапайым халықтың түкірігі сонша көп екеніне үнемі таңғаламын». Алайда дәл осындай еркек физиологиясына деген қорқынышқа ұласқан жиіркенішті біз «Ададан» да көреміз. Бұл жолы тек ақсүйек мұрагер граф Персидің көпшілік алдында кіші дәретке отырғаны жиіркеніш тудырады.

Бір қызығы, Набоков өзіне ұнамайтын типаждарға эстрадалық музыканы қоса таңып қойған. «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандар» романында «батпақ басқан барда сыраны сіміріп, шошқаша шыңғырған радио әуенімен ойлау процесін тоқтатып қойды» деп еркектер туралы жазады. Тағы бір әңгімеде «негритяндық музыка сыңсып, күркілдеп ала жөнелді» дейді. «Өжеттің» кейіпкерінің өзі де соңында «өмір қайта жанданады және көңілді кафеде америкалық аспаптар қайта ойнайды» деп армандайды.

Ц — Цирк

Поп музыка Набоков ғаламындағы ең қорқынышты нәрсе емес. 1970 жылғы сұхбатында ол циркті жеккөретінін, «әсіресе жануарлармен, тісімен әуеде ілініп тұрған мықты әйелдердің қойылымын» ұнатпайтынын айтқан. Жалпы алғанда бұл сұхбатсыз да оның мәтіндерінде цирктің зұлымдық екені анық айтылады. «Фиальтадағы көктемде» кейіпкердің көлікпен қаңғыбас цирктің жүк көлігіне соғылып өлетіні, ал «Өлім жазасына шақырудағы» Цинциннатқа бәрі цирк сияқты елестейтіні, түрме директоры да солай көрінеді, ал өлім жазасына «цирк абонементінің талоны жарамды» екені сәйкестік емес. «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандарда» үйретілген жануарларды қызық көретін топастар туралы оқимыз, ал мұның апофеозы ретінде «Картоп тектес эльф» әңгімесі десек қателеспейміз. Бұл бақытсыз цирк ергежейі туралы шығарма. Цирк тек жануарларды қорлайтын жер ретінде жеккөрінішті емес (қалай дегенмен Ада туралы осы аттас романда ол тіпті коаладан дәрі жасай алатын еді, тек оның баласынан емес). Набоков үшін цирктегі ең жаманы, оның мәңгілік мотивіне айналған егіздер мен орын алмастырудың қойылуы. Дәл солай «Машенькада» цирк пуделіне адамның киімін кигізген, ал «Патша, бикеш, валетте» шимпанзе де дәл солай киінген. «Ultima Thule» кейіпкері цирк образында жүріп, ашынғаннан: «Қалайша сендерде адам санасынан биік ақиқат білімі мен түк білмейтін софист үйлесім тапқан?» – дейді.

Владимир Набоков 1965 жыл. Швейцарияның Монтре Палас отелінің бөлмесінде үстел басында отырып, блокнотта жазуда/Horst Tappe/Getty Images

Бәрін айт та, бірін айт, Набоков бала кезіндегі естеліктерінде осындай дарақы көңіл көтеруден де индульгенция тауып алады: «Біз Караванная деген керемет атауы бар, Пето деген ойыншық дүкені мен Чиниззели циркімен мәңгі есімде қалатын көшеден солға бұрылатынбыз».

Ч — Чипи

Чипи — бұл «Обскур камерасы» романы басталатын теңіз шошқасының суреті. Карикатурашы Роберт Горн сезімтал физиологпен вивисекция туралы сөйлескен соң сол суретті салып, байып кеткен. Теңіз шошқасы Набоков шығармашылығында айтарлықтай орын алады деп айту қиын, дегенмен ол өзінше бір естелік. Біріншіден, набоковша әжуә ету еффектісі сүйкімді жануар мен ғаламдық сүйкімділіктің символы оңбаған адамның ісі дегенге келтіреді. Екіншіден, Чипи суреттердің бірінде қолына кеміргіштің бас сүйегін ұстап тұрып, гамлетше «Байқұс Йорик!» деп айқайлайды, оған қоса Набоковтың аудармасында Гамлеттің монологы да бар.

Владимир Набоков Montreux Palace қонақ үйінің бөлмесінде сөйлесіп отыр. Қасында оның әйелі Вера Набокова (Вера Евсеевна Слоним), орыс тілінен аудармашы. Монтре (Швейцария), 1973 жыл/Walter Mori/Getty Images

Соңында бұл жануар «Обскур камерасында» өзінен өзі пайда болады және бұл бірінші рет емес, «Машенька» романында Подтягин деген кейіпкер үлкен, шашы ағарған теңіз шошқасына теңеледі.

Ш — Швейцария

«Лолитаны» жазғаннан кейін байып кеткен Набоков 1961 жылы Швейцариядағы «Монтре-Палас» қонақ үйіне көшіп кетеді де, 1977 жылы өмірден өткенше сонда тұрады. Бұл ел мен оның тұрғындары туралы Набоковтың мәтіндерінде көп кездесе бермейді. Гумбертті швейцариялық па деп күдіктенеді, ал «Ерліктің» кейіпкері Мартынның тамырында швейцариялықтың қаны бар. «Обскур камерасындағы» Магданың әке-шешесі швейцариялық іспен айналысқан. «Пасхалық жауында» Жозефина Львовна деген кәрі швейцариялық туралы баяндайды. Оның өзі Отанынан Петербургте көбірек жүреді. Набоковтың өзінде бала шағында Швейцариядан келген бала күтушісі болған, ал Ада осы аттас романда оның қара нәсілді бала күтушісі швейцариялық шілтер тағатынын еске алады. Ал «Мөлдір заттардың» (1972) оқиғасы Швейцарияда өрбиді. Бұл Набоковтың соңғы ұлы романы. Ондағы Хью Персон деген кейіпкер «жалғыз қамалудың жұмағын» аңсайды, ал оны жасаған адам Монтреде соған ұқсас дүниеге қол жеткізгені анық.

Владимир Набоков 1965 жылы Швейцарияның Монтре Палас отелінің бөлмесінде верандада Женева көліне қарап отыр/Horst Tappe/Getty Images

«Лолита» шыққаннан кейінгі атақ, даңқ, ақша ондаған жылдар тарақандар мен қандала арасында өмір сүрген кедей өмірі мен оған дейін жазылған ғажап мәтіндері үшін керемет сый болды. Швейцария да оның жеке тұлғалығы мен ерекшелігінің символы ретінде соңғы дәлел сияқты. Набоков өзінің қонақ үйдегі өмірін аралдағы өмірмен салыстыратын. Ол, әйтеуір, өзінің алғашқы және соңғы үйінен айырылған соң ғана пайда болған өзі аңсаған бейтараптыққа қол жеткізді. Қартайған шағында таңдаған жылжымайтын буржуазиялық оның табиғатына әсер ете қоймады. Брайан Бойд жазғандай, «оны нәпсіқұмарлық, ессіздік, қатігездік, шамадан тыс сексуалды ауытқу ойландырды. Бірақ ол өзіне тән тұлғалығын жоғалтпай, дені сау адам болып қала берді. Ол ашық, саналы, зорлықты ұнатпайтын, бозбалалық шағы өткенде махаббатқа адал адам ретінде өзін сақтай алды».

Владимир Набоков өзі тұрған Монтре сарайы қонақ үйінің террасасында суретке түсүде. Монтре (Швейцария), 1973/Walter Mori/Getty Images

К — Күшік

Набоковқа таксалар ұнайтын. Бала кезінде-ақ оның «өкпелі әрі кірпияз» таксасы бар еді, себебі бұндай итті оның анасы, Елена Ивановна жақсы көретін, содан да болар, дәл осы такса оның алғашқы романы «Машенькада» кездеседі. Осыдан кейін иттің небір тұқымы оның прозасында ара-тұра қылаң береді. «Картоп текті эльф», «Патша, бикеш және балет», «Фиальтадағы көктем» және т.б. шығармаларында бұған көз жеткізуге болады. «Сыйда» кішкентай ғана жүні үрпиген күшік қозғалып жатады. Лужин түсқағазда бейнеленген жирен күшікке бара жатқан қаздың суретіне қарайды. Ада жаңа туған күшіктермен сөйлеседі, «Ертегі» деген әңгімеде күшік табыла кетеді. Набоковтың хаттарына сенсек, оны Берлинде көңілін аулайтын бір нәрсе болса, ол — «періште тектес» зағиптарды алып жүретін иттер еді.

Набоковтар отбасы. 20 ғасырдың басы/Getty Images

Иттердің үргені оның ерте кездегі өлеңдерінде қылаң береді және «Бұлттар, көлдер мен мұнаралардың» кейіпкерінің соңынан әлдебір бақыттың ырымындай күшік ереді. «Сыйдың» финалында эмигрант-ақын Федор Годунов-Чердынцев жаңа өмірі туралы ой үстінде өң мен түстің арасында жүргенде «көкшіл ит» туралы хабарламаны көзі шалып қалады.

«Аралдар» (1928) деген өлеңде жоғалған баққа байланған иттің образын да көреміз:

Ол жерде бәрі мамықтай жеңіл, жүзіндей қыздың,

Тағы біз алысқа аттанар ма едік,

Егер де кітабымыз мен итімізге біздің,

Жанымыз ашымаса сезімге берік.

Бірақ тек «Кездесу деген» әңгімеде ит сюжетке әсер ететін кейіпкер ретінде жазылған. Туған бауырлар болса да, бірін бірі танымайтын адамдар он жылдан кейін кездеседі. Әңгімеге тиек болатындай ештеңе жоқ, оларды байланыстырып тұрған тірі жан — тек қара пудельдің аты. Иттің атын екеуі есіне түсіре алмай әуре болады. Ол ит — Шутик.

Владимир Набоков (1899-1977) кеменің жүзуінде, 1960 ж. қараша/Michael Ochs Archives/Getty Images

Ақын Дмитрий Воденников жақында фейсбуктың «лайк» деген сөзінің түбін Набоков ойлап тапқан деп айтты. Расында, ол тек ұнату сигналын емес, иттің үргенін есептейтін өлшем бірлігі ретінде жазды. Набоков әйелі Вераға 1930 жылы жазған хатында Бокс деген такса туралы айтады: «Кеше ол қатарынан 157 лайка жасады. Біз ерінбей санадық».

Бұл әзілді кейіннен Пелевин іліп әкетіп, дамытты деуге де болады: «Ит лайк жасайды (лайкает), керуен көшеді».

Э – Экранизация

Хичкокпен хат алмасқанына қарамастан, Набоков кинематография ісінде мықты болды деуге келмейді: мысалы Джон Уэйнмен кездескенде55Джон Уэйнi (1907–1979) — америкалық актер, вестерндердің №1 жұлдызы, республикалық Американың символы жазушы одан немен айналысасың деп сұраған.

Оның мәтіндерінің ең ауқымды экранизациясы Стэнли Кубриктің «Лолитасы» (1962) болып қала береді. Біріншіден, себебі Набоков сценарийді өзі жазған, екіншіден, режиссерлік және актерлік құрамның (Гумберттің рөліндегі Джеймс Мейсон мен Куильтидің рөліндегі Питер Селлерс) ауқымды болуы, үшіншіден, романда да, сценарийде де болмаған импровизацияның дөп түсуі. Фильм романның соңынан, яғни Куильтиді өлтірген сәттен және Кубриктің өзі ойлап тапқан ғажап сахнамен басталады. Ол жерде кейіпкерлер пинг-понг ойнап жатады. Бұл ойында егіздер (Гумберт пен Куильти бұл бір адам деген белгілі теория да бар) миметикалық қалаудыңiяғни еліктеудің: біреу өзге біреудің қалағанын қалайды, яғни екеуі бір нәрсені қалайды логикасындағы карикатуралық қарсыластарға айналған. Осылайша Кубрик Набоковқа Фрейд бойынша емес, Рене Жирар бойынша деген ой тастайды.6i6Рене Жирар (1923–2015) — франциялық философ және мәдениеттанушы, қалау мен зорлықтың теоретигі, оның ойынша қалау мен зорлық үнемі миметикалық, яғни, еліктеушілік табиғатқа иеi(1923–2015) – франциялық философ және мәдениеттанушы, қалау мен зорлықтың теоретигі, оның ойынша қалау мен зорлық үнемі миметикалық, яғни, еліктеушілік табиғатқа ие

Лолита фильмінде басты рөлдерді ойнаған Доминик Свейн және Джереми Айронс. Режиссер Адриан Лайнның Владимир Набоковтың классикалық романының бейімдеуі/Getty Images

Набоковтың «Қанат қаққанда» әңгімесінде «Татлер» журналының жылтырақ парақтары» деген тіркес бар, енді, міне, «Лолитаның» (1997) келесі экранизациясын жасаған «Тоғыз жарым аптаның» авторы Эдриан Лайнның жұмысы да жылтырақ шыққан. Дегенмен жаман деп айтуға ауыз бармайды. Джереми Айронстың орындауындағы Гумбертке жақсы деген баға беруге болады. Оған қоса ол мұндай рөлді Луи Мальдің «Шығынында» (1992) ойнап шыққан. Дәл сол 97-жылы, айтпақшы, «Лолитаның» таза порнографиялық нұсқасы да көрерменге жол тартты. Онда басты рөлде аққұба неміс қызы Келли Трамп ойнаған. Түсірілім кезінде жасы отыздарда еді, дегенмен «бөксемнің жалыны» деген теңеуге бір адам лайық болса, Келли Трамп болар еді. Айтпақшы, фильмді анау-мынау емес, киносүйерлердің сүйіктісіне айналған италиялық Джо Д’Aмато түсірген. Ол порнодан бөлек, культке айналған хоррорларды да шығарған. Жиырма жыл бұрын Мәскеуде оның ресми түрде ретроспективасы да өткен. Қандай заман өтті десеңші. «Лолита» тақырыбын аттап өту үшін сол кездегі жас әнші Алсудың «Қыста көрген түс» (1999) деген әніне түсірген бейнебаянын айта кетуіміз керек. Онда ол Любовь Орлованың Мәскеу түбіндегі саяжайында актер Сергей Маковецтің жанында (ол өз кезегінде тоқсаныншы жылдары Роман Витюк қойған театрландырылған қойылымда Куильтиді ойнаған) ұяңдау болса да нимфетканың рөліне еніп көрді. Бұл сол кездегі ресейлік телевидениеде көрсетіліп жатты.

Біз өзі интерпретациялар туралы сөз қозғап кеткен соң, сайтан рөліндегі Людмила Гурченко түскен «Секс-ертегі» (1991) деген фильмді айналып өткеніміз күнә болады. Бұл фильм Набоковтың «Ертегісіндегі» жеке мотивтер бойынша түсірілген.

Бірақ бірден салмақты кинематографқа оралайық. Онда да бәрі керемет деп айтуға келмейді. Ағылшынның ұлы режиссері, Оскар сыйлығының лауреаты Тони Ричардсон 1969 жылы «Обскур камерасын» түсіруді қолға алады. Нақтырақ айтсақ Набоковтың өзі ағылшын тіліне аударған нұсқасына жүгінді. Онда Магда Маргоға айналған, ал шығарманың өзі «Тамұқтағы күлкі» деген атаумен шыққан. Ричардсон қосымша сахналар да қосқан. Онда Берлиндегі 20-жылдардың орнына Лондондағы 60-жылдар қосылған. Сол жердегі 18 жастағы Маргоны ойнаған 29 жастағы Анна Карина77Анна Каринаi (1940–2019) — дат актрисасы, франциялық жаңа толқынның жұлдызы, Жан-Люк Годардың музасы «менімен дәл қазір төсектес болмасаң, мен жынданып кетемін» деген сөйлемді айтады. Басты рөлде Ричард Бертонның өзі түсуі керек болған88Ричард Бертонi (1925–1984) — ағылшын актері, Голливудтың жарқын жұлдыздарының бірі, Элизабет Тейлордың күйеуі, тіпті, бірнеше сахнасында ойнап үлгерген, бірақ салғырттығы үшін қуылған. 1986 жылы бұл фильмге екіжүзді зұлым Горнның рөлінде Мик Джаггермен ремейк жасамақшы болған, алайда бұл іс жалғассыз қалды. Алексей Балабанов та «Обскур камерасын» экранизациялауды армандаған, бірақ ол да сол арман күйі қалды.

Қараңғыда күлу фильмнің постері. 1969 / ашық дереккөздерден

Ежи Сколимовски 1972 жылы «Патша, бикеш, валетті» қойды. Марта рөлінде Джин Лоллобриджид таңдалды. Әрине, бұл да сәтті деуге болады, бірақ қара комедия стилі Набоковқа келмейтін сияқты. Райнер Вернер Фассбиндер 1978 жылы бавариялық студияда «Торығуды» экранизациялады Том Стоппардтың сценарийімен.99Том Стоппардi (1937 жылы туған) — британиялық ең танымал драматургтардың бірі Басты рөлде ойнаған Дирг Богарт, әрине, таза набоковтық типаж екені анық, одан ғажап Гумберт шығар еді. Бірақ жалпы алғанда фильм тым фассбиндерлік, жеңіл мазмұнды, ауыр әрі гротестік болып шыққан.

2000 жылы шыққан голландиялық қойылымда Джон Туртурро Лужиннің рөлінде ашық көрінді (Набоковта Лужин керісінше, томаға тұйық). Дегенмен фильмнің өзі ықыласқа бөлене қоймады. Басқаша айтқанда, Набоков прозаларының экранизациялауда керемет дүние шыға қойған жоқ, тек Брайан Бойдтың арманы орындалып, біз болашақта «Аданың» (А әріпін қараңыз) сериалын көреміз деп үміттенеміз. Бірақ бұның бола қоюы екіталай.

Б — Бозбалалық

Түсіндіру мен пайымдаудан аяқ ала тұрайық та, Набоковтың өз дауысын тыңдайықшы. «Менің бозбала шағыма» деген өлеңі:

Ж — Жұмыртқа

Біздің әліппедегі соңғы әріпке осындай таңдау жасадық. Бұл тек «Фиальтадағы көктемде» пасхалық жұмыртқа болған соң емес, «Пнин» романының кейіпкері баратын «Жұмыртқа және біз» деген мейрамхананың аты үшін де емес. 1972 жылдың 18 қарашасында Набоковтың өзі тапсырыс бойынша әзіл түрінде «Набоковша жұмыртқа пісірудің» рецебін жазып шыққан. «Еggs à la Nabocoque» былай жасалады:

«Ыдысқа су құйып қайнатыңыз (көпіршік шықса — қайнады деген сөз). Тоңазытқыштан екі жұмыртқаны алыңыз (бір адамға арналған). Краннан аққан ыстық су астында ұстау керек, себебі жұмыртқалар алда күтіп тұрған сынаққа дайын болуы керек.

Оларды ыдысқа бірінен соң бірін салыңыз — жұмыртқа дыбыссыз суға (қайнаған) сүңгіп кетуін қадағалаңыз. Қол сағатыңызға бір қарап алыңыз. Ыдыстың жанына барып, қолыңызға қасық алыңыз да, жұмыртқалар (ыдыс түбінде домалағанды жаны сүйеді) ыдыстың екі жақтауына тимеуін қадағалаңыз.

Егер жұмыртқа қанша сақтансаңыз да суда (қазір жынды құсап көпіршіп, қайнап жатқан) жарылып кетсе, аппақ затын ескі сеанстардағы медуим құсап атқылап жатса, онда оны алып шығып, лақтырып жіберіңіз. Басқа жұмыртқа алып, осы жолы мұқият болуға тырысыңыз.

200 секундтан кейін, айталық, 240 (арасындағы үзілістерді есептегенде) секундтан кейін жұмыртқаларды алып шығу операциясын бастаңыз. Олардың жұмыр басын жоғары қаратып, жұмыртқаға арналған ыдысқа салыңыз. Шай қасығымен қаруланыңыз да, қабығынан кішкентай тесік пайда болатындай етіп ұрып, тауыққа сәлем деп айтыңыз. Кішкене тұз бен нан (ақ) мен майды дайындап алыңыз. Жеңіз».

Владимир Набоков әліппесінің бірінші бөлімін мына жерден оқыңыз.

Владимир Набоков/Alamy

Көшірілді