НАБОКОВ — 125 ЖЫЛ

20 ғасырдың көрнекті жазушысының әліппесі. 1-бөлім

НАБОКОВ — 125 ЖЫЛ

Швейцария тауларында тұрған Владимир Набоков/Horst Tappe/Getty Images

20 ғасырдың көрнекті жазушыларының біріне 125 жыл толуына орай

Владимир Набоков 1963 жылы берген сұхбатында кітап жазғанда әлдебір заңдылық сақтап, бөлім-бөлімді бір ретпен емес, фрагменттермен, таңдап жазу тәсілін пайдаланып, бос қалған кеңістікті толтырып жазатынын мойындаған. Qalam оның бұл әдісін қайталауға тырысып, жүйелі сөзбен баяндаудың орнына, әр жерден бір түртіп, таңдап жазуды ұйғарып отыр. Біз Набоков ғаламының әліппесін жасап, оның қалай болатынын болжап көрдік. Набоков өзінің жеке Ғаламын жасап шыққанына күмән жоқ, ол жасаған образдар біздің өмірімізге кірігіп кеткені сонша, ойламаған жерде көз алдыңнан шыға келеді. Мысалы, бір жарым жыл бұрын Алматыдағы жылжымайтын мүлікпен айналысатын бір компанияның жарнамасынан жазушының томы жарқ етіп көзге түсті. 

PS. Біз шахмат, көбелек, нимфеткалар сияқты осыған дейін айтылған тақырыптарды тағы бір мәрте қайталамай, Владимир Набоковтың шығармашылығында сирек айтылатын деректерге мән беруге тырыстық. 

Бұл біз дайындаған Владимир Набоков әліппесінің бірінші бөлімі. Екінші бөлімін мына жерден оқуға болады.

А – «Ада»

Набоковтың 1969 жылы шығып, тағы бір мәрте Нобельге ұсынылып, тағы да сыйлықтан қағылған бұл романы Довлатовтың стиліндегі мына әңгімеге, яғни, танымал лингвист Роман Якобсонның жазушы Набоковқа университетке жұмысқа тұруына қарсы болған оқиғасымен жақсы үйлеседі: «Біз Набоковты шақыруымыз керек. Ол үлкен жазушы ғой. – Енді қайтемін? – деп таңғалды Якобсон. – Піл де үлкен жануар. Бірақ біз пілге зоология кафедрасын басқар деп айтпаймыз ғой».

«Ада» испан басылымы/ашық дереккөзден алынған

«Ада» испан басылымы/ашық дереккөзден алынған

«Ада» — бұл Набоковтың расымен «ірі жануар» екенін көрсететін дәлел деуге болады. Үш тілде (орысшаға үш аудармасы тағы бар) жазылған 700 беттік шығарма — набоковтық әдіс пен стильдің асқар шыңы, ереже бұзудың сәл алдында тұрған, қалыптан шыққан роман. Бұл инцестуалды отбасылық қиссаның бароккоға тән шектен тыс алуандығы үлкен масштабта болғаны сонша, оның ауырлығынан бүкіл ғимарат қирап, үйінді астында ғашық кейіпкерлерді жерлеуге болады. Жалпы бұл кейіпкерлерге жаның да ашымайды — қатігез эгоистік құмарлық пен қонжықтарды қуырып жегеніне қарап оларға ішің жылымайды, тек ессіз құмарлықпен сүюге болады. Бұл романдағы күнәлі махаббат, тіпті, «Лолитадан» да асып түсетін сияқты. Ал дау тудырған қан бұзылуға байланысты Набоков өзі үшін инцест те жәндік сияқты маңызды екенін, себебі ағылшынша бұл екі сөз бірдей жазылатынын айтып түсіндірген.

Орыс тілді ортада әлі күнге дейін «Майталман шебер мен Маргаританы» қалай дұрыс экранизациялау керек, олай етуге бола ма, жоқ па деп бас қатырып жүр. Оған қоса Набоковтың мұрасын зерттеушілердің ішіндегі ең танымалы Брайан Бойд «Ада» романы бойынша сериал түсіру керек деген идеясын алға тартып жүр (69-серия, бөлім саны бойынша), бұл өз кезегінде индустрияда үлкен жаңалық еді. Дәл осы Бойд көпжылдар бойы «Ада» романына пікір жазылатын үлкен жобамен айналысып келеді.

Владимир Набоков көбелектер бейнеленген кітапты көрсетуде. Монтрё, 1969 жыл/Giuseppe Pino/Getty Images

Владимир Набоков көбелектер бейнеленген кітапты көрсетуде. Монтрё, 1969 жыл/Giuseppe Pino/Getty Images

Бұл жоба әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған соң да, жеке өз атымнан романның бір пассажына пікір білдірсем деймін. Люсетта ләззатқа батып, құмарлық сәтінде Ванға өзін үшкір таяққа отырғыз деп сұрауы, Брем Стокердің «Дракуласындағы» Люсидің аллюзиясы сияқты.

Б — Берлин

«Сен Берлинге баратыныңа қуаныштысың ба? – деді Мартын көңілсіз.

«Ерлік» («Подвиг») романындағы осы сөйлемнен біз Набоковтың бұл қалаға деген сезімін көреміз. Набоков Берлинді ешқашан ұнатпаған (мысалы, дәл Вертинский сияқты) және 15 жыл сол қалада тұрып, жазушы ретінде сол қалада қалыптасса да, неміс тілін үйренбей-ақ қойған.

«Сыйлық» романында жазылғандай, Берлиннің өз «жұмағы» бар және ол «өзінше бір құпия».

Бірақ Набоковтың Берлині бұл – көбіне сатқындықтың, адам өлтірудің, шенеуніктердің көзіндегі «жиіркеніш», ашушаң қызметші неміс әйелдері, жасы егде тартқан зинақор әйелдер, алакөлеңке дәліздер, «нашар қонақ үйлер», «велосипедші-эксцентриктер», «жуан іргелі автобустар», «күдік тудыратын көшелер», «шаң басқан іңір» мен суып қалған шошқа етін беретін «жиіркенішті сыраханалар» қаласы. Тіпті Берлиндегі асфальтты да жазушы «шошқаның қара майы жағылған» деп сипаттайды, ал Жаңа жылда «қорқынышты мерекелік көшелер» пайда болады дейді.

Владимир Владимирович Набоков (1899-1977) және оның әйелі Вера Набокова (1902-1991) 1923 ж./ Alamy

Владимир Владимирович Набоков (1899-1977) және оның әйелі Вера Набокова (1902-1991) 1923 ж./ Alamy

Мұндай жеккөрінішті жеке басының жағдайына байланысты оңай түсіндіруге болады – Набоков Берлинге босқынның көзімен қараған, оның үстіне ол алғаш тұрған Эгерштрассе мен Зекзишештрасседе адам құсап өмір сүруге болатын еді, бірақ содан кейін жұбайы екеуі әртүрлі нашар, ортақ жуынатын бөлмесі бар үйшіктерде өмір сүруге мәжбүр болды. Одан бөлек, дәл осы Берлинде Набоковтың әкесін өлтірген, ал оның бауыры Сергей Нойенгамм концлагерінде қайтыс болған. Кейіннен жазылған «Пнин» романында кейіпкер Мира Белочкиннің алғашқы махаббаты Бухенвальдте өлген. Набоковтың өзі Германиядан 37-ші жылы кетіп, одан кейін оралмаған.

Айтпақшы, «Ерлік» романында кейіпкер Мартынның Берлинге бара жатқаныңа қуаныштысың ба деген сұрағына, Соня «Маған бәрібір» деп жауап береді.

«Пнин» романының мұқабасы (Франция)

«Пнин» романының мұқабасы (Франция)

Қ – Қақпашы

«Өнер – бұл шеттету. Ресейде бала кезімде мен өзге балалар арасында өзімді бөгде адам сезіндім. Футбол ойнағанда қақпаға тұратын едім, ал қақпашылардың бәрі – шеттетілгендер», – деді Набоков 1970 жылы журналист Нурит Берецкиге.

Әрине, таза командалық ойында алаңдағы бар позициядан өзгелерден бөлек, жалғыз ерекше орынды таңдау – Набоковқа тән дүние. Әлемге аты танымал қақпашылар Набоковты оқыды ма, жоқ па, ол жағы бізге белгісіз, бірақ Владимир Владимирович футболшылардың «жарқын ұшқыны» туралы жазып қана қоймай, бұл мамандық туралы оң пікір де қалдырған: «Адам гусар боп туатыны сияқты, мен де қақпашы болып тудым. Ресейде, жалпы континентте, әсіресі Италия мен Испанияда, қақпашы өнеріне байланысты тәтті романтизм өрбіген. Оның жалғыздығы мен тәуелсіздігінде байрондық нәрсе бар. Көшеде кетіп бара жатқан танымал қақпашыға бала да, қыз да көз алмай қарайды».

Набоков футболдан бөлек бокспен шұғылданған/Getty images

Набоков футболдан бөлек бокспен шұғылданған/Getty images

Футбол туралы «Машенька», «Пнин» мен «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандар» шығармаларында айтылып, «Ерлікте» албырт пассаж жазылған: «Бірінші таймда Мартын жиреннің бұрышқа бағыттаған добын құлап барып қағып алды, ал ойыншылар лимон сорып үлгерген үзілістен кейін, басқа қақпаға тұрып, Соняны іздеп, шолып өтті... Бірнеше мәрте ол екіге бүктеліп допты ұстаса, бірнеше рет ұшып түсіп, жұдырықпен қайтарды және ойын соңына дейін қақпасын қорғап, гол жібермеді».

Ал қақпаны таза сақтап, гол жібермеу Набоковтың өзіне кесірін тигізгені де бар. 1925 жылы Германияда орыс командасының құрамында жергілікті жұмысшылар клубына қарсы ойнап, басына доп тиіп, талып қалып, оны ойын алаңынан шығарып тастаған. Бұның кесірінен миы шайқалып, екі қабырғасы сынған соң, қақпашы мансабын тоқтатуға мәжбүр болған.

Г – Гардения

Көбелек бар жерде гүл де бар және Набоковтың шығармаларында ауыз толтырып айтуға болатын гербарий бар екені тағы рас. Жазушы шығыс гүлі, құртқашаш, аспанкөк түсті раушан, бөртегүл, мимоза, су лалагүлі, ботагөз, орхидея, фенхель, сүмбілгүл және «Аданың» соңында айтылғандай «тағысын тағы басқасы» туралы жазады. Дегенмен Набоковтың өзі ауызша тарихқа басқа бір гүлдің атымен енген.

Бір кездері америкалық беделді әдебиеттанушы Эдмунд Уилсон Набоковтың досы әрі оқырманы болған (кейіннен олар араздасып, бір-бірін қарғап кеткен). Оның Руел деген кішкентай ұлы Владимир деген есімді айтуға тілі келмей, сол үшін де жазушыны Гардения деп атайтын. Набоков бұндай лақап атқа қарсы бола қойған жоқ. Содан Уилсон:

«Сен орыс әдебиетінің жағасына ілінген гардениясың», – деген екен.

Набоковтың суреттері/ашық дереккөзден алынған

Набоковтың суреттері/ашық дереккөзден алынған

Е – Егіз

Набоковтың «Торығуында» («Отчаяние») былай деп жазылған: «...Ана дүниеде рухтардың кездесуі мүмкін емес, себебі алдыңда тұрған сүйікті адамыңның рухы ма, жоқ әлде соның бейнесіндегі сайтан ба, қайдан білесің?»

«Торығу» – бұл тікелей мағынасында егіздер туралы роман, бірақ сол сыңарларды көрсету принципін Набоков әртүрлі форма мен мәтіндер арқылы: түгендеу, еселеу, қайталау мен «Торығуда» жазылғандай, «біртүрлі айнадан» шағылысқан бейнеден көрсетеді. Екі дүние арасын байланыстыратын жарық жазушының бүкіл шығармашылығынан көрініс табады: отан мен босқын болу, бұл өмір мен ана өмір, өнер мен шынайы өмір, адам мен соған ұқсас жаратылыс. Тағы мына ойды да еске ала отырайық. Набоков ақын ретінде толық қалыптаса алмаған соң, ұйқас, үйлесім принципін өзінің прозасына көшірген, нәтижесінде жазушылық жолда жетістікке жетті.

Владимир Набоков кітаптағы көбелек түрлерін зерттеуде, Швейцария/Horst Tappe/Hulton Archive/Getty Images

Владимир Набоков кітаптағы көбелек түрлерін зерттеуде, Швейцария/Horst Tappe/Hulton Archive/Getty Images

Жазушының өзі бірде «еселенген гүріл» деп айтып қалған ұғымы күрмеуі қиын ойынға айналып барады. Мысалы, Лужин деген адамның тегі екі рет кездеседі, оның бір осы аттас романда, екіншісі «Кездейсоқтық» («Случайность») деген тақырыппен шыққан әңгімеде бар. Ер адамның іш киіммен көпшілік алдына шығуы «Торығуда» (1934) сипатталса, одан кейін «Сыйда» да баяндалған. Бұл бір сұрқиялау «іш киім» (трусики) деген сөз «Сыйда» бес рет қайталанған және бізді кейіннен «трупсик» деген сөзге бағыттаған сияқты. Бұлай деп «Ultima Thule» әңгімесінде тумаған шарананаларды атайды.

«Көмескі жалын» тіркесі ең алғаш «Лужинді қорғауда» кездеседі, кейін басы бүтін романда кездеседі. Аргус тәрізді жұмыртқа мен аргустың көзі тәрізді зал сияқты метафоралар да әртүрлі шығармаларда қайталанатынын көруге болады.

Набоковтың өзі де бір сұхбатында «бұрын көрген түсіндегі қайталана беретін орталардағы жағымсыз кейіпкерлермен жақсы бір ұзақ қорқынышты түс» көре беретінін айтып шағымданған болатын. Бұл жерде біз «Сый» романында өзге бір адамның сөзін ұзақ уақыт мазақ қылып, кейін өзі де солай сөйлей бастаған кейіпкерді еске алуымыз керек.

«Сыйлық» романының мұқабасы (Жапония)/ашық дереккөзден алынған

«Сыйлық» романының мұқабасы (Жапония)/ашық дереккөзден алынған

Оның мәтіндеріндегі жамандық жиі еселеніп жазылады. «Өлім жазасына шақыру» шығармасында адвокат пен прокурор заң бойынша бір анадан туған бауырлар болуы тиіс. М-сье Пьер деген жазалаушы, жан алушы сол романда үнемі өзін фотоға түсіріп жүреді (және дәл осы м-сье Пьер «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандарда» Пьетро көпірінде абсурдты рұқсат қағаздарын тексеруші болып жүреді). «Пысық» әңгімесіндегі ортадағы мал «иә, біз туыспыз» деген желеумен өзіне Сумароков деген фамилия ойлап табады.

Дегенмен Набоков қартайған шағында осы бір қос әлемнен шығудың жолын нұсқағандай болады, ол – үштік әлем.Оның «Арлекиндерге қарашы» деген соңғы романында екі затты біріктірсең, оның шағылысқан бейнесінен сен үш еселенген арлекинді көресің. Бұл образдың өзі жаңа емес әрине, бұрын «Сыйда» кездеседі, ол жерде «арлекиндік жарық ромбтары» және «әр өлең арлекинмен астасып жатады» деген тіркестер бар.

Набоковтың шығармашылығына арналған венгр басылымы / ашық дереккөзден алынған

Набоковтың шығармашылығына арналған венгр басылымы / ашық дереккөзден алынған

Жалпы, Набоковқа қатысты егіздер, ұқсастықтар мен түпнұсқалар туралы ең үздік оқиға жазушының өміріне қатысты. 1999 жылы The Nabokovian журналы Набоковка еліктеу конкурсын өткізген. Оқырмандарға ұнаған, ұқсас нұсқаны таңдауды ұсынған. Жазушының ұлы бұл шығармалар аласына «Лаура мен оның түпнұсқасы» деген аяқталмаған романның екі бөлігін қосып қойған. Конкурсқа қатысушылардың біреуі де бұл текстің Набоков жазуы мүмкін деп ойламаған да.

І – Інжіл

Набоковтың шығармашылығын дінмен көп байланыстыра бермейді – тәубеге келу деген түсінік оған ұнай бермейтін, тіпті жаппай рәсімдерге де оң қарады деуге болмайды. Інжілдік символдар «Голгофта», «Пасха», «Көрдім мен көк аспанның түнергенін» деген сияқты оның ерте кездегі өлеңдерінде кездеседі. Блокқа арнаған өлеңінде Набоков анық жұмақты сипаттайды және бұл жұмақ толықтай әдеби көркем тілде баяндалған, нақтырақ айтқан поэтикалық түрде жазылған. Ол жерде Пушкин кемпірқосаққа, Лермонтов құс жолына, Фет ғибадатханадағы жарық сәулеге айналғаны т.с.с. жазылған. Набоковтың өзін де, әсіресе жасы егде тартқанда осы баяндалған пантеонның қатарынан көрген деуге әбден болады. Алпысыншы жылдары болған бір сұхбатта Набоков «нағыз жазушы өзінің қарсыластарының шығармашылығын егжей-тегжей тексеру керек, оның ішінде Жаратушы да бар» деген еді.

Владимир Набоков әйелі Верамен  саябақта серуендеп жүр, Швейцария/Horst Tappe/Getty Images

Владимир Набоков әйелі Верамен саябақта серуендеп жүр, Швейцария/Horst Tappe/Getty Images

Прозада христиандық мотивтер үзік-үзік кездесіп тұрады: «Фиальтадағы көктем» шығармасындағы Нина құдай ризашылығы үшін бәрін сүйеді, Лужин бала кезіндегі шіркеуде болған пасха түндері мен дьяконның жыламсырап ән салғанын еске алады, «Өзге жағалаудағы» баяндаушы жұлдыздардағы шіркеу күмбездері туралы айтады. «Егер шіркеу бізге Інжіл туралы айтса, ал зоологиялық бақтар бізге Ескі өсиеттің салтанатты әрі нәзік бастауы туралы еске салады» – деп жазылған «Берлиннің жолнұсқасы» әңгімесінде. Набоковтың кейіпкерлері ешқашан шіркеуге бармайды. «Пасхалық жауын» әңгімесінде швейцариялық жалғыз кемпір Жозефина Пасхаға жұмыртқа бояп, Исакиев шіркеуінің «көмескі бейнесін» еске алып отырады.

Дін көбіне әзіл аспектілерінде пайда боп жатады: дәл сол «Фиальтадағы көктемде» бес сіріңкенің көмегімен адамның жұмақтан қуылу тарихын түгел айтып беретін бір ақын бар. «Оңбағанда» мынадай сөйлем кездеседі: «Құдайға сенім арт та, күрсініп ал!». «Қанат қаққанданың» кейіпкері Құдайға сенбейтінін, бірақ сфинкс-періштелер келетінін айтады. «Лолитадағы» Гумберт: «Үйлену тойынан кейін Шарлотта менің Құдаймен ара-қатынасым туралы сұрақтың астына алды», – деп мысқылдайды.

«Лолита» (Жапондық басылым)/ашық дереккөзден алынған

«Лолита» (Жапондық басылым)/ашық дереккөзден алынған

Айтпақшы, мұндай оқиға Набоковтың өз өмірінде де болған. Бұл жағдайды зерттеуші Брайан Бойд былай сипаттайды: «Ұзаққа созылған серуендердің бірінде Уилсон Набоковтан Құдайға сенесің бе деп сұрайды. «Сен ше?» –дейді Набоков сұрақтан жалтарғандай болып. «Қызық сұрақ!» – деп жауап берген Уилсон ары қарай жақ ашпайды.

Дегенмен бұл жауабы жоқ «қызық сұрақтар» набоковтық прозаның негізі болды деуге болады.

Тағы бір сұхбат кезінде бұл өмірде неге таңғаласыз деген сұраққа Набоков былай деп жауап береді: «Сананың ғажабы – ол тамұқ түнге терезесін ашып, күн сәулесіндей нұрын төгіп, керемет пейзажды көруге мүмкіндік береді».

«Тамұқ түннің» қайшылыққа толы тақырыбы Набоков үшін өте маңызды. «Сыйда» өлімнен кейінгі өмірдің болу мүмкіндігі (мүмкін емес екені) туралы бір сөйлем бар: «Бұл деген барып тұрған ақымақтық. Әрине, ештеңе жоқ, ештеңе. Бұл жауынның жауып тұрғаны сияқты анық нәрсе ғой». «Көмескі жалындағы» есуастау комментатор Чарльз Кинбот былай дейді: «Құдайдың дегені болмайды деп алсақ, адам жаны тек өзін қаптап тұрған денесіне сенім артуына тура келеді, тәнінде қамауда болған кезде жинақтаған тәжірибесіне жүгінеді және өзінің провинциалық принциптеріне, жергілікті регламенттері мен өз денесінде түрмеде отырғанда қалыптасқан жеке тұлғасына кенедей жабысып алады».

Владимир Набоковтың ұлы Дмитрийге салған суреті. «Вераға хаттар» кітабынан алынған иллюстрация. Мәскеу, 2017/«КоЛибри» баспасы

Владимир Набоковтың ұлы Дмитрийге салған суреті. «Вераға хаттар» кітабынан алынған иллюстрация. Мәскеу, 2017/«КоЛибри» баспасы

Набоковша өнер – бұл жерлік өмірді сақтап қалуға қызмет ету, ол туралы «Рождество» әңгімесінде былай деп жазылған: «өте өкінішті, үмітсіздік, жермен жексен қылатын мақсатсыздық, керметтен жұрдай». «Рождество» ұлын рождество қарсаңында жерлеген адам туралы әңгіме – бұл орыс әдебиетіндегі формалды түрде опасыздау мәтіндері бар болса да, ең бір діни шағарма деуге әбден болады. Кішкентай балақай көбелек аулап жүреді де Рождество қарсаңында оның жаны үнді жібек көбелегіне айналып кетеді.

Набоковтың үміт символы оның «Ресейге хатындағы» финалы сияқты деп болжап көруге болады: «Ғасырлар өтеді, мектеп оқушылары біздің тарихқа сүйсініп сағынар, бәрі өтеді, бәрі өтеді, бірақ, менің бақытым, асыл досым менің, менің бақытым шамның суға шағылысқан сәтінде, тас баспалдақтардың бұрылысында, қара су ағызатын арналарда, билеп жүрген жұптардың күлкісінде, Құдайдың адам жалғыздығына жомарт қамқор болған нәрсенің бәрінде бар».

Қ – Қоңыз

Набоков ондаған, тіпті жүздеген болуы да мүмкін, кейде оның романдағы оқиғасын ұмытып қалсаң да, мәтіннен бөлек өмір сүріп келе жатқан есте қалатындай образдар жасады. «Лужинді қорғау» романындағы барлық сәт есте қалмауы мүмкін, бірақ кішкентай Лужинның «бұрынғыдай қытырлақ («сдобный хруст») бір дауысты есту үшін» қоңызды мыжи беретін кішкентай ғана эпизод ұмытылмайды. (Набоков өзі жақсы көретін эпитеттерін қайталап жазады. «Өлім жазасына шақыруда» сол бар («сдобный бас»). Біз бұны Набоковтың байқампаздығын көрсететін бір тамаша мысал ретінде таңдап алдық (бәлкім басқаға періштенің конкормен салыстыруы, картоп езіндісіндегі ай жанартауы немесе тіс арасында қалған сиыр етінің талшығы сияқты теңеулер ұнайтын шығар). Бұл – Набоковтың өзі айтқандай, «өздігімен жарқырайтын» нәрсе.

Әрине, қоңыз деген көбелек емес, бірақ олар да шығарма парақтарынан өз орнын алған. «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандар» шығармасында өткен өмірдің белгісі ретінде қандала анатомиясы туралы кітап туралы да бар және осы шығармада мүйізді қоңыз бейнесінде шойыннан құйылған аяқ киюге арналған зат туралы да жазылған. «Арлекиндерге қарашы» (1974) шығармасында «Жарық қоңыз» деген театралды труппа кездеседі. Сондай-ақ 1935 жылы шыққан өлеңде былай жазылған:

Іңірде, өзің де білесің қай іңір дағы,

Жарқыраған бұлт және қоңызбен мамырдағы,

Орындықта және де ол тозған,

Өзеннен күміс тағы озған,

Сол бір ескі күндердегідей,

теріс бұрылып, риясыз күлгей.

Набоковтың суреті/ашық дереккөзден алынған

Набоковтың суреті/ашық дереккөзден алынған

Д – Денсаулық

Кейіннен шыққан «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандар» деген америкалық романының алғы сөзінде Набоков былай деп жазады: «Менің денсаулығым мықты еді. Күніне төрт қорап темекі шегетін едім». Мықты денсаулық Набоковтың өзіне ғана емес, оның кейіпкерлеріне де қатысты еді. «Сый» романының бас кейіпкері (бұл автордың өзінің түпсаналық «мені») Федор Годунов-Чердынцев бұлшық еті бүлкілдеген спортшы, күніге орманда серуендейтін, біліп-білмей қалада іш киіммен жүгіріп полицияның жүйкесіне тиетін.

«Ерліктің» кейіпкері Мартын Эдельвейс – шаңғышы, футболщы, теннисші, құйып қойған мүсіндей «сымбаты келіскен» адам. «Машенькадағы» Ганин екі қолмен жүре алады және білегіне арқан орап үзетін күш иесі.

Денсаулық жағдайы әдебиетте толық көрініс табады – Достоевский мен Чернышевскийдің бір жаманы, олардың прозасы ауыр тиеді, ал «Сыйда» пушкиндік оқырмандардың өкпесі кеңейеді деген болжам бар.

Набоковқа қымбат ер кейіпкердің бәрі дерлік ішімдіктен тыйылған. «Қарғыс атқан ішімдік», – дейді «Сый» романында. Лужин түскі аста тек минералды суға тапсырыс береді. Ал «Машенькадағы» Ганин Альферова мас болғаны үшін ұрысады. Есесіне «Торығудағы» көргенсіз Ардалион ішімдік ішеді («сен алдымен менің арағымды қайда жібергеніңді айт»). Дәл осы «Торығуда» жанға жақпайтын «пивцо» деген де сөз кездеседі. Жағымды кейіпкерлерден тек «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандардағы» әйелін жерлеген Круг өзімен бірге коньяк алып жүреді және сидрға да жоқ емес. Жалпы Набоковты «Машенькадағыдай» тек «түс пен реңктердің астасатын феномені болатын бір тамшы арақ» қызықтырады.

Жазушы Владимир Набоков террасада суретке түсуде. Монтрё, Швейцария, 1973 жыл/ Walter Mori/Mondadori/Getty Images

Жазушы Владимир Набоков террасада суретке түсуде. Монтрё, Швейцария, 1973 жыл/ Walter Mori/Mondadori/Getty Images

Бірақ жазушы дені дұрыс адамға оның бүлінген, көргенсіз нұсқасын қоса жазбаса, Набоков Набоков болмас еді.

«Ададағы» кейіпкерлердің біріне мынадай бір мінездеме берілген: «Алып, әдемі, бос сандалған және тойымсыз, керемет регбиші, ауыл қыздарының арманы, сен бір бойыға еркін спортшының сүйкімділігі мен кеңестік нақұрыстың қасиетін бірдей сіңіргенсің».

«Аданың» кейіпкері Ван туралы да «ол әулеттің ұранын асқақтатты: Виннен тек Виннің ұлы ғана мықты болады». Дегенмен ол өте қатігез, жиіркенішті хайуан сияқты.

«Қанат қаққандада» тау шаңғы спортын Толстойша сипаттайды: «адам аяғына қос таяқты байлап алады да тартылыс заңынан ләззат алады». «Оңбағанда» бас кейіпкердің антагонисті «бұлшық еті бүлкілдеген періштенің» образына кіріп көреді және ол, әрине, нақұрыстың өзі болатын. Набоков бұлшық ет атаулыны прозаикалық деп атайтын.

Вера мен Владимир Набоковтар, Берлин/Alamy

Вера мен Владимир Набоковтар, Берлин/Alamy

Ертеде шыққан «Машенькада» былай деп жазылған: «күн сайын қырынған адам бір күнге жасарады». Ал «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандардағы» кейіпкер Адам Круг «таңертең қырынбады», бұл оған өмір сүруге құлшынысын арттыратын.

Ауыр Круг, икемсіз Пнин, семіріп кеткен Лужин – Набоковқа ұнайтын кейіпкерлер. Тіпті Кругты «жалғыз нағыз еркек» деп те сипаттаған болатын. Оған қоса орыс прозасында адамға берген ең бір жақсы мінездемеде атлетизм туралы бір ауыз сөз жоқ: «оның бар бейнесі дымқыл жерде тынығып отырған бейбітсүйгіш бақаға ұқсайды». («Сый»).

«Менің бар кітабыма «Фрейдистерге оқуға болмайды» деген штамп қою керек сияқты. Сондай-ақ бұны екіұдай ойлауға болады – бірі жан саулығының көреюі болса, енді бірі өзіңнің психикалық ауытқуыңмен жеке өзің қалғың келетін сәт», – дейді Набоковтың өзі оқырмандарға нұсқаулық айтқандай.

И – Индрик

«Ерлік» романының кейіпкері – тікелей мағынасында Набоков үшін сирек кездесетін кейіпкер. Жас босқын Берлиннен КСРО-ға шекараны заңсыз кесіп өтіп, қаһарман ретінде әрі басын өлімге тігіп оралуды ойластырады. Кейіпкердің есімі – Мартын Эдельвейс, бірақ оның суретші әжесінің қыз кезіндегі тегі – Индрикова. Ал Индрик – бұл көптеген мифологияда кездесетін ертегідегі аң, мамонт пен сыңар мүйіздің арасындағы жаратылыс. Осылайша Набоков баяндау барысында мифологиялық кейіпкердің образын қалдырып кетеді (оған қоса әжесі немересін таңғажайып орманның акварель бояуын қалдырып кетеді). Тағы бір аңыз бойынша, Индрик Ніл өзенінде өмір сүрген, онда ол қолтырауынмен таласып, өлтіріп тастаған (тағы бір нәрсеге назар аударайық, «Торығуда» «Нілдің түсіндей көйлек» деп жазылған),

Набоковтың әдебиет тарихы бойынша дәрістері (американдық басылым)/ашық дереккөзден алынған

Набоковтың әдебиет тарихы бойынша дәрістері (американдық басылым)/ашық дереккөзден алынған

К – Каламбур

Егер жазушының күлкі туралы өз формуласын ескерсек, яғни «Күлкі – бұл әлемде адасып қалған шындықтың кездейсоқ маймылы» деген сөзіне жүгінсек, онда Набоков өте күлкілі жазушы. Адасып қалған набоковтық маймыл сөз ойынынан шаршамайды, «Фиальтадағы көктемде» айтқандай, «цианды сөз ойнату» деп аталған белгілі бір жоғарғы принципке көтереді.

Мұндай теріс сөйлеу үшін Набоков сынның астына қалатын, мысалы, Джон Апдайк11Джон Апдайк (1932-2009)америкалық жазушы, екі мәрте Пулитцер сыйлығының лауреаты «Аданың» стилін жаны бар сөз ойнату деп бағалаған, ал орыс эмиграциясының әйгілі жалақоры Георгий Иванов22Георгий Иванов (1894-1958) жиырмасыншы ғасырдағы ең бір нәзік әрі кейігіш орыс ақындарының бірі Сириннің әңгімелері «шебер жазылған көргенсіздік» дегенге дейін барған.

Набоковтың тілмен жасалған әзілдерінде шек жоқ. Оның ең ірі романы «Аданың» өзі сөз ойнату тәсілімен және аудармашылардың қиялын шектемеу үшін аталған (Ada or ardour). Экс-таз «Сыйда» ескі ыдыс ретінде көрсетіледі. Сезамка «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандарда» кілт мағынасында, «Обскур камерасындағы Дорианна Каренина тағы бар, «Мен математика болсам, онда сен – матимачехасың», – дейді «Машенькада», «Тирандарға тиген қырғында» «мираж» (сағым) «тиражға» (тираж) айналады, «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандардағы» бос ресми сөздегі астроном мен оның кометасы жарынан айырылған жігітке гастроном мен оның котлетасы болып естіледі. Апдайктың рас айтқанын «Сыйдағы» мына әзілді көргенде білуге болады: «өзіңді өзің қолға алу, монахтардың сөз ойнатуы».

Владимир Набоков/Getty images

Владимир Набоков/Getty images

Мәселе сөй ойнатудың көптігінде емес, оның авторлығында. Набоковта бәрі еселеніп кетеді және өткір әзілді ақмақтар мен ең жағымды деген кейіпкерлер де, тіпті кейде жазушының өзі де айта береді. «Кант-Контпен, Гегель-Шлегельмен де ауырған кездері» (Когда бредили то Кантом, то Контом, то Гегелем, то Шлегелем) – бұл автордың жазғаны. «Педагог емес демагогтармен», «мұғалім емес опасыздар» (Не педагогами, а демагогами», «предатели, а не преподаватели») - бұл Набоковтың орыс әдебиеті туралы лекциясында айтқан өз дауысы.

«Лолита» идеясын Набоков «Сыйда» алдын-ала мазақ еткен сияқты, онда ол болашақ кітаптың сюжетін көргенсіздің аузына салған. Керісінше-Ultima Thule әңгімесінің ең басында, суретші Синеусов қайтыс болған әйелімен және тумаған баламен сөйлескенде, кенеттен қызыд сөз үшін бір әзіл пайда болады да, барлық патетиканы жоққа шығарады. Әрі қарай, сол монологта біраз түсініктеме пайда болады – «саған жер бетіндегі барлық нәрсе сізге сүрленген ет пен мәңгілік (ветчина и вечность) дегенге сияқты сөз ойнату болып көрінеді» (Сүрдің көркемдік қасиеті Набоковты қатты толғандырған сияқты – «Сыйда» «аспан сүр ет сияқты болар еді, көкшіл түс қызғылт болса егер» деген тіркес бар).

Владимир Набоков мүсіні. Женева көлі, Монтрё, Швейцария/Alamy

Владимир Набоков мүсіні. Женева көлі, Монтрё, Швейцария/Alamy

Набоковша сөз ойнату – бұл тек ұқсас сөздер емес, жоғарыдан берілген әлдебір жұбаныш сынды, тіл теңізінде барынша өз әріпіңді табуға тырысу. Өлім – «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандарда» айтқандай, бар болғаны стильдің әңгімесі.

Л – Лужин

Александр Иванович Лужин шахматтан төртінші әлем чемпионы Александр Алехиннен көшірілген роман кейіпкері ғана емес, ол – Набоков әлемінің архетипі.

Лужин – балалар жазушысының ұлы, вундеркинд және бала болып қала бергісі келеді. Ол өмір бойы біреудің оны бағып, қорғап жүргенін қажет етеді. Бұндай қорғаушы ол үшін қиялдаудың жоғарғы формасы, әр фигураның артында музыкалық алапат күш жатқан шахмат еді.

Набоковты жалпақ жұрт суық ақылға салатын шахматшы, энтомолог, мысқылдаудың хас шебері, ақсүйектерге еліктейтін және эстет деп қабылдайды. Дегенмен Набоковтың басқа да қыры бар. Кішкентай адамға қамқор, елгезек, мына әлем мен оның бақытсыз тұрғындарына деген асқан жанашырлық танытатын, жақында қайтыс болған күйеуінің қабіріне барып, өзіне қол жұмсаған жетпісті алқымдаған кемпір туралы жазатын да Набоковты көруге болады («Ресейге хат»). Снобизм мен менмеңдік – бұл енді көп мәтінде Гогольдің «Шекпеніндегі» «неге сендер маған тиісе бересіңдер?» деген сұрақты көлденеңінен қоятын Набоковтың қорғау тәсілі. Лужинді қорғау басқа кітаптарда әртүрлі нұсқада кездесіп жатады – бұл тағы Пнинді де, Цинциннатты, «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандардағы» Кругтың, Лика деген аттас әңгіме кейіпкерін, «Бұлттар, көлдер мен мұнаралар» деген шығармадағы Василий Ивановичті, «Еріні ерніне тимей» шығармасындағы Илья Борисовичті қорғауы және басқа да көптеген кейіпкерлерді санамалап өтуге болады.

Набоков әйелі Верамен шахмат ойнап отыр/Carl Mydans/The LIFE Picture Collection/Shutterstock

Набоков әйелі Верамен шахмат ойнап отыр/Carl Mydans/The LIFE Picture Collection/Shutterstock

Айтпақшы, тек кейіпкерлерді емес, басқа да тірі жан иелеріне жанашырлық көзге ұрып тұрады. «Адада» тірідей қуырылған форельге жаны ашиды, «Некесіз туғандардың таңбасы басылғандарда» кездейсоқ кербұғыны ойлап көз жасын көл қылады, «Адмиралтейлік инеде» көлік астында қалған мысықтың қозғалып жатқан құйрығын естен шығар алмайды. «Лужинді қорғауда» Сицилиядағылар соққының астына алатын, мамық жүнді, аяғы сүйріктей қодыққа деген нәзік жанашырлық бар екенін айтады.

Лужиннің әлемінде шахматтан басқа не бар? Тұман, белгісіздік, болмыстың жоқтығы. Осылардың ішіне қарсыластың тұрақты ойынын бұзатын тосын жүріс жасауға тырысқан Лужин де сіңісіп, араласып кетеді. Бірақ қорғаныста саңылау бар екен, енді кейіпкерге партиядан шығып, финалда орыс әдебиетіндегі ең жұмыр, аяқталған сөйлем айту ғана қалды.

М – Мизогиния

Бұл сөздің өзі Набоковта кездеспейді, бірақ оның орнына кез келген жаман әйел кейіпкердің есімін қоя салуға болады. «Король, дама, валет» шығармасындағы Марта, «Өлім жазасына шақырудағы» Марфинька, «Көкірек көзіндегі» пысық, семіз Матильда және «Обскур камерасындағы» «түріне қарасаң шаршаудан басқа түк көрінбейтін» Магданы алайық. Бұлардың ішінде ерекшесі – Ресейдің жоғалған тазалығының символы іспеттес Машенька деген осы аттас романның кейіпкері ғана.

Набоков ертеректе Сирин деген лақапатпен жазған – бұл бақытсыз рухтың бейнесі, басы әйел денесі жұмақ құстікі. Дегенмен оның прозасында бұл «әйелдердің басы» көбінесе қарама-қайшы салалардан хабаршы ретінде қызмет етеді.

«Некесіз туғандардың таңбасы басылғандар» романында кейіпкер қорқынышты түс көреді: әйел шешініп, киім мен алқамен ғана шектелмейді, ол басын, аяқ киімін және саусақтарын сақиналармен бірге шешіп тастайды. Мұндай еркектердің қорқынышы Набоковтың прозасында толып жатыр (еркектерді де аяп жатқан жоқ, бірақ біз бұл туралы Х-ға жеткенде толығырақ айтамыз).

Дмитрий және оның әкесі Владимир Набоков. Дмитрийдің Комунале театрында опера әншісі ретінде дебютінен кейін/Getty Images

Дмитрий және оның әкесі Владимир Набоков. Дмитрийдің Комунале театрында опера әншісі ретінде дебютінен кейін/Getty Images

Мәтіндердегі әйелдер «қасиетті ақымақтық» істейді, олар арсыз рухтардың иісін сезеді, өз сөздерін кішірейтетін жұрнақтарсыз ойламайды, газдан зардап шегеді, кинода қатты сыбырлайды, төсекте нәзік сықырлайды, цирктегі бақытсыз шимпанзелерді күлдіреді және, әрине, үнемі өзгеріп отырады, бұл процесс ең жағымсыз сөздермен сипатталады («Марфинка енді мұны қайтадан жасады» немесе «ханымға ойын-сауық керек»). «Сыйда» тіпті зоофилия актісі туралы қысқаша айтылады – әрине, әйелдердің қатысуымен.

Набоковты басқалар порнограф деп те санайды, қалай десек те ол жыныстық қатынасқа қатысты жиіркенішпен қарайтын жазушылардың бірі. Тек Набоков «солған әйелдің шіріген иісін» («Мөлдір заттарда») сезе алады және «мойыннан шиньон астында сүюдің» жағымсыз екенін көрсете алады. «Машенкада» жыныстық қатынас туралы былай дейді – «жағымсыз, бірақ бәрібір тәтті». Сол жерде – «Людмила оған берілді және бәрі бірден ішпыстырарлық болып кетті». Басқа жерде Набоков жыныстық қатынасты тікелей рәсім деп атайды. Тіпті Лужиннің аузында әйелдерді былай сипаттайды: «Қатын, - деді Лужин дәмді нәрсені айтқандай күлді». «Жаман Гейзиха» туралы айтудың өзі артық. Жалпы, мына алтын сөздер Набоковқа тиесілі: «жыныстық қатынас қоғамдық институт ретінде, жыныстық қатынас кең ұғым ретінде, жыныстық қатынас проблема ретінде, жыныстық қатынас өрескелдік ретінде — мен мұның бәрін әңгіме үшін тым ішпыстырарлық деп санаймын. Жыныстық қатынасты жайына қалдырайықшы».

«Сіздің бар сөзіңізден опасыздықтың иісі шығады», - деп «Адмиралтейство инесінде» еркек есімімен жазған әйел туралы жазады. Сол әңгімеде «сүйіктісінің ызаға толы топастықтығын көрсетіп тұрған көзқарасы» туралы дабаса айтылған. Апофеоз «Кек» әңгімесі болуы мүмкін, оның кейіпкері мүлдем жазықсыз әйелді жеккөреді (ол өлген бозбаланың елесін сүйіктісіне келіп жүрген жігіт деп ойлап қалған), ол азаптағысы келсе де, ең ауыр жазаны таңдай алмайды, құртқа айналған әйел туралы оқиғаны ойлай береді.

Владимир Набоковтың бала кезі. 1929 жыл/Getty Images

Владимир Набоковтың бала кезі. 1929 жыл/Getty Images

Алайда, Набоковтың зерттеу нысаны және зерттеу мақтанышы әрқашан патологиялық және өлімге әкелетін құмарлық екенін ұмытпаған жөн – бұл сөз «Ада» тақырыбында бекер жазылмаған. Оның жанқиярлық және позитивті кейіпкерлері әрқашан көңілсіз және бет-әлпетсіз. Біз Ганинді ойлап, ешнәрсе сезінбейміз, ол «күлкілі таза болды, тек өз өмірінде өмір сүрді және күтті» деп мойындады, нәтижесінде Машенканы жек көріп кетті. Бізге «ешкімге және жанға ештеңе бере алмайтын» «Сыйдағы» Годун-Чердинцы көп әсер ете қоймайды. Набоковтың ең жақсы махаббат хикаясының кейіпкері «Фиальтадағы көктемнің» оның шексіз махаббаты Нинамен салыстырғанда қылмыстық тұрғыдан жалқау болып көрінеді және оның оған деген сезімі қарапайым еркектің нәресте арманына ұқсайды: «ол менің өмірімнің өрісінде негізгі мәтінге мүлдем әсер етпей пайда болды». Керісінше, біз Набоковтың құмарлыққа толы барлық кейіпкерлерін есімізде сақтаймыз, олар Ван, Кречмар, Гумберт және т.б.

Ү – Үміт (Н – Надежда)

«Ададағы» кенеттен жарқ етіп, аң-таң қалдыратын оқиғаның бірінде кейіпкер орыс мейрамханасында кешкі ас ішіп отырады. Сол кезде Булат Окуджаваның «Сентиментальді маршынан» еркін аударылған үзіндісі естіледі:

Nadezhda, I shall then be back
When the true batch outboys the riot…"

Набоков бұл әнді «Ада» үшін жазылған пародиялық үзіндіден бөлек, роман шыққанға дейін де толық аударып қойған. Бұған жазушы бар күшін салғаны анық және «A Sentimental Ballad» деген атпен аударған:

Speranza, I’ll be coming back
The day the bugler sounds retreat,
When to his lips he'll bring the bugle,
And outward his sharp elbow turn.
Speranza, I’ll remain unharmed:
The clammy earth is not for me,
Because for me are your misgivings
And the kind word of your concern.

Ал Окуджава, көзін көрген адамдардың, куәгерлердің мәліметі бойынша, сонау алпысыншы жылдары-ақ «Лолитаны» оқып шыққан. Набоковтың СССР бард әндерімен байланысы туралы қиялға беріліп, ары қарай дамытып көрсек, мысалы, ол романға Окуджаваны емес, Высоцкийдің «Ол қызбен бұрын болған жігіт» («Тот, кто раньше с нею был») деген әнін қойса қалай болар еді, айтпақшы, «Аданың» қызғаншақ, дөрекі кейіпкерін бұл ән жақсы ашар еді.

Одан бөлек, айта кету керек, 1919 жылы Набоковтар отбасы Константинопольге эмиграцияға кеткенде мінген кеменің аты да «Үміт» («Надежда») еді.

Владимир Набоков әліппесінің екінші бөлімін мына жерден оқыңыз.

 Набоковтар отбасы. 20 ғасырдың басы/Getty Images

Набоковтар отбасы. 20 ғасырдың басы/Getty Images