«Орта ғасырлардағы Батыс өнері» курсында тарихшы-медиевист Олег Воскобойников орта ғасырлардағы көркем мәдениеттің маңызды әрі көпшілікке таңсық ескерткіштерін танытып, оларға орта ғасыр адамының көзімен қарауға жәрдем қылады. Орта ғасырдағы суретшілер періштенің түр-сипаты қандай болғанын, яки тозақ азабын қалай бейнелеуге болатынын қайдан білген? Сауаты аз шіркеу қызметкері «Киелі кітапты оқып, витраждар мен фрескаларға ұғына көз тастай алды ма, шынында суреттің қандай қызмет атқарғанын қайдан білген?» сынды сауалдарға жауапты курстың үшінші дәрісінен біле аласыз.
Модель, топос,iiяғни, тақырып канон мәселесімен ортағасырлық өнердегі Қасиетті ЖазбаныңiБиблияның бір басқа атауы. рөлі туралы мәселе тікелей байланысты. Библияда ортағасырлық сана толық қамтылмаған, бірақ ол ондағы барлық дерлік нәрсені түсіндіре алады. Библияны адамдардың барлығы бірдей біле бермеген, бірақ көптеген ғалым мен жазушы, уағызшы мен тақуалар оны жатқа білген деуге болады, өйткені Жазбаны оқу олардың күнделікті рухани жаттығуы болды, бұл олардың есте сақтау қабілеті мен қиялын ерекше жаттықтырды. Кемеліне жеткен Орта ғасырлардағыiiяғни, 11–14 ғасырлары кейбір мәтіндерді оқығанда, біздің замандасымыз библиялық дәйексөздерге шырмалуы ықтимал. Ортағасырлық ойшыл библиялық мәтінге шырмалмай, еркін «жүзіп жүретін» және ол көбінесе оның ойлау салтына айналған. Сәтті таңдалған дәйексөз контекстен жұлып алынған болса да, кез келген өмірлік жағдайды, философиялық тұжырымдаманы немесе сезімді тура мағынада немесе метафоралық түрде сипаттай алатын еді. Білімге ұмтылғандар псаломнан11Псалом немесе Забур жырларыЯһуди және христиан лирикалық дұға поэзиясының жанры мен формасы. Жүз елу Забур көне Өсиет кітаптарының бірі Забурды мазмұнын құрайды. бастайтын және еркін жеті өнер арқылы Жазбаға қайта оралатын. Онда адам үшін мүмкін болатын бүкіл даналық қамтылған деп қайталауды ұнататын, бірақ бұл идея интеллектуалдық жаңаруға және алға басуға ерік-жігерді жаншымайтын. Өйткені Аян22Аян немесе уаһиДін мен теологияда Құдайдың өзін адамдарға белгілі ету. сонымен қатар белгілі бір мағынада сыр да. Бұл сырлы білімді ашу, түсіну, үйрету, іс жүзіне асыру керек болды. Осылайша біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында ортағасырлық экзегеза,iiяғни, Библияны түсіндіру оған түсініктеме беру пайда болып, кейіннен кеңінен дамып, таралды.
Қасиетті Жазбадағы бір-бірімен байланысты үш-төрт сөз 12–13 ғасырларда өмір сүрген адамның жады мен қиялында мағыналық синтагма туғызғанын елестетуіміз керек, бұл қазіргі заманның әдебиет жағынан білімді адамы сүйікті ақынының шығармасынан өзіне таныс үзіндіні естігенде оны түйсікті негізде дауыстап немесе іштей жалғастырып оқығанына ұқсас. Көп жағдайда бірнеше сөзде шоғырланған түрде догмат немесе бейнелер әлемі жасырылады.
Өнер осы экзегезаның және онымен байланысты еуропалық адамның ғалам бейнесінің ажырамас бөлігіне айналды:
«Ескілікте — жаңалық және жаңалықта — ескілік»
Айталық, әулие Нолалық Павлин33Нолалық Павлин (353–431)Католик епископы және әулие. ежелгі дүние құлдыраған кезде өзінің тапсырысымен жаңа ғана Чимитиледе салынған және клеристорий44КлеристорийСәулетте ғимараттың қалған бөлігінің шатырынан жоғары көтерілген терезелері бар қабырға бар. Жарықтандыру немесе желдету қызметін атқарады. Ескі Келісімде айтылған оқиғалардың суреттерімен, ал көне храм Жаңа Келісімдегі уақиғалардың көріністерімен безендірілген базиликаның иконографиялық бағдарламасы туралы өлеңмен сөз сөйледі. Жаңа Келісім экзегезасы ең алдымен ескі келісім кітаптарын пайғамбарлық ретінде қарастырып, көп деңгейде түсіндіру арқылы христиандықты түсінудің жолдарын іздеді. Өнер — дәлме-дәл, тарихи, аллегориялық, моральдық тұрғыда «ескі» арқылы «жаңаны», «жаңа» арқылы «ескіні» бейнеледі. Монументалды кескіндеме осы қағидатты ұстанып, екі Келісімінің де типологиялық өзара байланысты көріністерін қатар қойды. Қажет болғанда сондай-ақ не ол, не бұл әулиенің өмірін інжіл оқиғасымен, Мәсіх пен апостолдардың жер бетінде жасаған ерлігімен салыстырды. Ассиз базиликасының қабырғаларына салынған Франциск (шамамен 1300 жыл) өзінің өмір жолынан көрерменнің көзінше өтіп, оған жер бетінде керемет нәрсе жасау және көкте мәңгілік өмірге ие болу үшін бұл жалғанда барлық нәрседен қалай бас тарту керектігін нақты көрсетеді. Бірақ бұл жерде көрерменнің өзінің сүйікті әулиесін әдетте Мәсіхті, Мәриямнын, апостолдарды көрген жерінде көруі де маңызды.
Сонымен қатар храм қабырғасында немесе қолжазба беттерінде бүкіл Қасиетті Жазбаны немесе тіпті інжілдегі бүкіл оқиғаны ешкім бейнелей алмады. Демек көріністерді таңдау түсіндірмеге айналды, ал оны біз, мейлі, ол фреска, мозаика немесе миниатюралар циклы болсын, нақты бағдарламаны зерттегенде нақты контекстіде талдауға тиіс боламыз. Біз неліктен бір циклде, мысалы, Мәсіхтің балалық шағына, екіншісінде Оның жасаған ғажайыптарына, ал үшіншісінде Шабытты циклге88Қасиетті аптаХристиандықта Пасха қарсаңындағы апта. Осы аптада Иса Мәсіхтің үкімі, айқышқа шегеленуі және жерленуі болған. баса назар аударылады деген мәселені анықтауға тиіспіз. Бір дәуір немесе мектеп Інжілді ашып көрсету үшін аса маңызы жоқ егжей-тегжейге алаңдамай, тек негізгі нәрсеге назар аударады. Екіншісі кейде көрерменнің қызығушылығын ояту үшін, кейде нақты экзегетикалық және дидактикалық, уағыздаушылық мақсатымен көріністерге күнделікті өмірге тән көптеген егжей-тегжейді қосады.
Сурет қандай қызмет атқарады?
Германиядағы Оттон дәуірінде Інжіл циклін бейнелеуді ұнататын, 10–11 ғасырлар тоғысында жазылып, керемет суреттермен көркемделген қолжазбалар сақталған. Бенедикт монахтарынан бастап императорларға дейін, суретшілер мен оларға тапсырыс берушілердің биік рухани мұратына адал екенін жеткізетін көптеген көрініс шынымен жан тебірентеді. Бірақ бұл көріністер өзінше ықшам, жинақы, әрбір ым-ишараны оның мәнерлілігіне орай түсіну оңай. Шындығында, бұл жерде адамдардың фигуралары бір кездері Ганс Янцен айтқандай, өзіндік «іс жүзіндегі ым-ишараға» айналды.
Кейінгі Орта ғасырларда циклдар ауқымы кеңейіп, әңгімеге деген талғам ұрпақтан ұрпаққа күшейе түсті. Париждегі Сент-Шапельде ол шарықтау шегіне жетуге жақындады: мұнда 1240 жылдары алып ғимарат жаңа ғана Константинопольден әкелінген Тікенді шірді сақтау үшін сәулеттік жәдігерлер қоймасын қасиетті жазбадағы оқиға көріністері әйнекте іс жүзіне асқан витраждармен толық әшекейлеу керек болды. Осынау көркемдеп баяндау тәсілінің байлығы мен кемелділігі тұзақ болып шықты: бүгін де, бәлкім, ол кезде де мұндай Библияны басынан аяғына дейін оқу мүмкін емес, ал әңгіменің өзегін, негізгі ойын немесе тіпті арқауын анықтау туралы тіпті айтпаса да болады. Бұл витраждарға қарап уағыз айту ешкімнің ойына да келмес еді.
Кейде ерекше туындыда, мысалы, литургиялық қолжазбаның арнайы мұқабасында және тіпті піл сүйегінен жасалған бір тақтайшада бүкіл дерлік эсхатология, адамзаттың тағдыры мен Қиямет соты1313Қиямет сотыiИудаизмде, христиандықта және исламда Құдай адамдарға әділ жандар мен күнәһарларды анықтау және біреуінің сый тағайындап және екіншісінің жаза кесу мақсатында жасаған ақырғы үкім. Теологияда бүкіл бөлім соңғы сотқа арналған «эсхатология» (грек. өзен саласы - Саласы болмайды, өзен алабы-Ертіске қосылу құйылысына дейінгі (Жоғарғы) Обь. ἔσχατος «ақырлы, соңғы» + λόγος "сөз; Білім»). туралы көрнекі ойтолғам орналастырылуы мүмкін еді. Клюни мұражайында сақтаулы жатқан осы 11 ғасырдың плакеткасында біз көріністің қақ ортасында креске шегеленген Мәсіхті, әлемді және ұзақ уақытқа тұтылғанын бейнелейтін Күн мен Айды, сонымен қатар әдеттен тыс нәрсе Қабірдің алдында тұрған мирра әкелетін әйелдерді, Мәсіхтің Көкке көтерілуін және Екінші рет келуін көреміз.1515Мәсіхтің көкке көтерілуі және екінші рет келуіКөкке көтерілу кезінде Інжіл сюжеті бойынша Иса Мәсіх Пасхадан 40 күн өткен соң аспанға көтерілді және оның барысында екінші келу туралы айтылды. Христиан теологиясы бойынша Мәсіхтің екінші келуі ақырғы сот алдында болады.
Осылайша бедер салушы (және оның артында тұрған тапсырыс беруші — аббат немесе епископ) бұл өмірде болған нақты оқиға — Мәсіхтің өлімі туралы әңгімеледі, ал қалған үш көріністе өлгеннен кейін Қайта тірілу туралы және осыған орай бәрімізді не күтіп тұрғаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап өтетіні, осынау өте маңызды үш көрініс жеке тақташаларға емес, дәл негізгі сюжеттің ішіне орналастырылған, бұл бір-бірімен байланысты болса да, әртүрлі оқиғалардың үндестігі емес, бұл бір мезгілде тым ұзақ және қысқа, біртұтас, «икондық» мета-бейне және мета-әңгіме.
Кескіндеме өнері мен пластикадағы інжілдік нарративтің мұндай өзіндік ерекшелігінің және тіпті парадоксының астарында ортағасырлық Еуропаның нақты кезеңінің немесе аймағының дүниетанымы мен мәдениетінің ерекшеліктері жасырылуы мүмкін.
Ортағасырлық өнердің осынау дәстүрлі тәжірибесін көрсететін қызықты мәтін сақталған. Шамамен 1200 жылы ағылшын цистерцианшысы, бәлкім, Дорлық Адам өз заманының суретшілері мен мүсіншілеріне тым көп еркіндік берілгеніне риторикалық түрде ашуланып, «Өлеңдегі суретші» (Pictor in carmine) дидактикалық поэмасында Жаңа және Ескі Келісімдердің нақты көріністерін типологиялық салғастыру ережелерін белгіледі. Қолжазбаларда Інжіл эпизоды қызыл түспен белгіленген немесе жиектерге орналастырылған және оған дәл сондай қысқа фразалар арқылы қысқаша жазылған Ескі Келісім эпизодтары қоса берілген. Дегенмен монахтар мен шіркеудің кейбір беделді адамдары суретшілердің жұмысына қалай қарағанын түсіну үшін поэманың мақсаты мен міндетін түсіндіретін шағын, бірақ айқын жеткізілген автордың кіріспе сөзі әлдеқайда қызық. Бұл мәтінді толық келтірейін.
«Құдайдың киелі орындарында әсемділіктен гөрі ойға қонымсыздық пен ұсқынсыздық жиі кездесетініне қынжыла отырып, мен шамам жеткенше дінге берік адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасына әлдеқайда өнегелі әрі пайдалы ақыл азығын беруді жөн көрдім. Біздің замандасымыздың назарына сан алуан сорақы нәрсе, жалпы пендешілікке тән ұсақ-түйек ұсынылып жатыр, ал қазіргі кездегі шіркеулерден түкке тұрғысыз суреттерді жай ғана алып тастау мүмкін болмайтындықтан, менің ойымша, кафедралық және көпшілікке арналған ғибадат ету рәсімдері өткізілетін приход храмдарында дінге адал жандарды қуантатын және қарапайым адамдарға арналған кітап сияқты жай адамдарға Құдай жіберген таңғажайып мағынаны ашатын, ал білімді адамдарды Жазбаны жақсы көруге баулитын бейнелердің болғаны жөн. Бірнеше мысал ғана келтірейік. Шынында да, қайсысы лайықтырақ, қайсысы пайдалырақ: Құдай алтарінің үстіндегі екі басты қырандарға, төрт денелі, бірақ бір басы бар арыстандарға, садақшы-кентаврларға, ашулы акефалдарға, айлалы логикалық химераға, түлкі мен әтештің ойын-сауық құрғаны туралы бос аңызға, флейтада ойнайтын маймылдарға және Боэцийдің лирасы мен есегінеiiЛираның алдындағы есек туралы грек сөзін философ Боэций (484–524) өзінің «Философиямен жұбату» еңбегінде келтірген. қарау ма? Әлде бұл ата-бабаларымыздың жасаған істері, Заңмен бекітілген ғұрыптар, төрешілердің шешімдері, патшалардың өнегелі ерліктері, пайғамбарлардың шайқастары, Маккавейлердің жеңістері, Құтқарушы Құдай Иеміздің істері және жарқырап ашылған Інжілдің жол-жорасы ма? Ескі және Жаңа Келісімнің мазмұны біздің лайықты және пайдалы нәрселерді елемей, таланттарымызды ұсақ-түйекке шашуға мәжбүр қылатындай соншалықты жұтаң ба? Осынау алдамшы фантасмагорияның барлығы суретшілердің бұзақы менменшілдігінен: Шіркеу бұған баяғыда шек қоюы керек еді, бірақ, шамасы, ол оны қабыл алатын және, өкінішке орай, қолдайтын сияқты.
Сонымен суретшілердің мұндай жүгенсіздігін тоқтату үшін немесе, дәлірек айтсақ, кескін жасауға рұқсат етілген шіркеулерде нені бейнелеу керектігін үйрету үшін мен Ескі және Жаңа Келісімдегі оқиғалар туралы дәлелдерді жұп-жұбымен жаздым, ал үстіне Ескі Келісімдегі оқиғаны қысқаша түсіндіретін және оны Жаңа Келісімдегі тарихпен байланыстыратын дистихтердіiЕкі шумақты өлең. орналастырдым. Кейбір адамдардың өтініші бойынша осының барлығын тарауларға біріктірдім: айталық, бір тақырыптың астына әртүрлі екі шумақты өлеңдер біріктіріліген және егер біреуінде қандай да бір сюжет тым қысқа ашылса, келесі тараудан оқырман жеткілікті материал табады. Қос тармақтар негізінен Ескі Келісімге арналған, өйткені Жаңа Келісім адамдарға анағұрлым үйреншікті және олар оны жақсы біледі, ол үшін кейіпкерлердің есімдерін атау жеткілікті. Мен бұған жауапты адамдарға шіркеулерде нақты нені бейнелеу керек екенін нұсқауға ниеттеніп тұрған жоқпын, мұны өздерінің түйсігіне негізделіп, өз ұйғаруынша шешсін. Ең бастысы, олар өздерін емес, Мәсіхтің даңқын шығаруға тиіс, сонда Ол оларды мадақтау үшін емшектегі сәбилерді сөйлетумен шектелмейді және тіпті нәрестелер үнсіз қалса да, тастар айқайлайды және Құдайдың ұлылығын көрсететін айғақтармен безендірілген қабырға сөйлейтін болады. Менің көптеген храмда салына бастаған суреттерді жөнді түрге келтіргенім және қылмыстық жолмен асығып-үсігіп жасалған дүниелерді керемет нәрсе етіп түзеткенім бар».
Бұл «симфония» Жазбаны өте жақсы білетін адамдарға арналған, ал оның поэтикалық формасы дәстүр бойынша дидактикалық мақсатта, есте сақтауды оңайлату үшін қолданылған. Автор Ұлы Григорийден171717Ұлы Григорий (540–604)Рим Папасы және шіркеу әкейлерінің бірі. Көптеген теологиялық жазбалардың авторы. бастау алған және өнер сауатсыз адамдарға жөн сілтейді дегенге келіп саятын дәстүрмен таныс, бірақ ол шіркеу кескіндемесінің мәдени элитаны шабыттандыра алатынын да мойындайды. Бұл элитаның да Ескі Келісімге қарағанда, Жаңа Келісімді жақсырақ білетінін көріп отырмыз, бірақ бұл екеуінің дәл осы үйлесімі уағыз сияқты, діни құлшынысты тудыруы мүмкін. Маккавейлердің соғыстағы жеңістері мен «Құтқарушы Құдай Иеміздің істері» бір қатарға қойылуы кездейсоқ емес: бір қарағанда, олардың арасында қандай ортақтық бар? Бұл Құтқарылу туралы әңгімелеп, жөн сілтеуді мақсат ететін Жазбаны өнер құралдары арқылы типологиялық оқудың өзі. Оның мұндай функциясын аударылуы қиын ортағасырлық compunctio сөзі арқылы белгілеуге болады: тақуалардың бейнелерін көрген дінге сенуші адам бүкіл рухани назарын Жазбаға аударып, бойында орыс дәстүріндегі 33-ші псалом бойынша «жүректің өкінуі» күйін кешуге тиіс еді.
13 ғасырда Францияда тараған «ақыл үйрететін» немесе «адамгершілікке тәрбиелейтін библиялар»iБұл француз тіліндегі Bibles moralisées терминінен алынған отандық медиатануда сәтсіз калька болды. «Өлеңдегі суретші» кітабында сипатталғанға ұқсас жолмен құрастырылған. Олар оюлы мотивтің көмегімен Ескі және Жаңа Келісімнің бірнеше көрінісін және оларға берілген қысқаша жазбаша түсініктемелерді витраж тәрізді бір бетте байланыстырды.
1220–1240 жылдарда француздың король отбасы үшін сәнді-салтанатты көркемделген қолжазбалар сериясы жасалды және оған негізді түрде Сент-Шапель витраждары тұжырымдамасын байланыстырады. Жүздеген беттен тұратын осынау үлкен пішіндегі кодекстерде библиялық оқиғалар француз тіліндегі библия мәтініне өте қысқаша сілтемелер және бір-біріне жақын орналастырылған таңбалардағы көріністер арқылы әңгімеленген. Осы көріністердің барлығы бір-бірінен ажырамас тұтас дүниеге айналып, оқырман мен көрерменге ақыл-ой мен көзбен көру жұмысының өзіндік ырғағын береді. Сегіз таңбадан тұратын миниатюралық «витраждың» екі шетіндегі бағаналардан король қасиетті тарихтың ұқыпты жазылған үзінділерін және онымен кезектескен моральдық түсініктемелерді көрді. Ал бір парақта сегіз көрініс пен ондаған кейіпкерді қамтитын миниатюра негізінен не ол, не бұл моральдық мәселемен байланысты Ескі және Жаңа келісім сюжеттерін салыстыруға құрылған. Мұндай Библияны бізге үйреншікті тәртіппен оқып көруді елестету мүмкін емес, оның герменевтикасы тым күрделі.
Көптеген ортағасырлық ойшылдар Папа Ұлы Григорийдің үлгісімен «тарихилық» пен ұстаздық — діни өнердің басты міндеті деп білді. Шынында да ол өзінің бұл міндетін ешуақытта ұмытқан емес, бірақ ешқашан жалғыз онымен шектелген жоқ. Қажет болған жағдайда, ол христиандық Аянның мазмұнын пұтқа табынушылықтан шыққан бейнелермен немесе ресми Шіркеу мойындамаған ілімдер мен мәтіндердің, яғни апокрифтердің есебінен толықтырудан қорықпады. Ерекше кең тараған апокриф «Апостол Павелдің көрген елесінен» (Visio Pauli) иконография және о дүние туралы, әсіресе, тозақ азабы туралы жалпы түсінік пайда болды, оның квинтэссенциясы Дантенің «Комедиясы»181818iДанте Алигьери (1265–1321)iИталиялық ақын. Басты кейіпкері тозаққа, Шистилиске және жұмаққа саяхат жасайтын ғажап поэма «Құдіретті комедияның» авторы. болды және атап өтетіні, оған да жиі-жиі иллюстрация жасалды.
Періштелердің бар екеніне ешкімнің күмәні болған жоқ, бірақ Библияның ешбір жерінде олардың қанаты бар деп айтылмайды. Адамның қиялы оларға ұшу үшін қажетті аспапты «бекітіп берді», ал антикалық көркемдік дәстүр қиялға «материалдық демеу» ретінде қанатты әйел-құдай Ника-Виктория бейнесін ұсынды.
Библияның бір әрпін де бұлжытпау мен оның рухына деген шынайы ықыластың және мол қиял мен ежелгі халықтардың мұрасына деген қызығушылықтың үйлесімінде өнер функцияларының өзіне тән ерекшелігі және оның жалпы дүниетаныммен байланысы айқын байқалды. Орта ғасыр адамы білімді де, сенімді де арман етті. Ол өзі сенетін нәрсені көргісі келді. Сондықтан оның табиғаттан көре алмағанын дін ілімі, уағызшының қиялы және суретшінің тапқырлығы беруге тиіс еді. Үстіне ақшыл киім киген, өзі жас, сұлу, қанатты періштенің сыртқы келбетін сипаттай отырып, ортағасырлық ойшыл Әкелерге де, суретшілерге де сілтеме жасаған, суретшілердің оларды қалай салғанына қараңыздаршы: «қанаты, қауырсыны бар, көзі үлкен, ән айтып тұрған, шапшаң етіп бейнелейді» деп жазды 1235 жылы Михаил Скот. Бірақ 1430 жылдары Ян ван Эйктің, неге екені белгісіз, періштелер хорын қанатсыз етіп бейнелеуге батылы барды.
Неге? Өзінің қолынан не келетінін көрсету үшін бе? Менің ойымша, бұл жердегі әңгіме жаңа заман батылдана бастаған, Орта ғасыр дәуірінің күзі келген, суретші шын мәнінде қолына қылқалам ұстаған дін маманы ретінде әрекет ететін Фландрия қалалық өркениеті туралы. Бірақ бұл суретші-дін маманы бұрынғысынша дәстүрлі функцияны атқарады: бейнелеуге келмейтін нәрсені бейнелеу, көзге көрінбейтін нәрсе туралы әңгімелеу. «Көзге көрінетін әдемілік — көзге көрінбейтін әдеміліктің бейнесі», – деп жазды 12 ғасырда Сен-Викториялық Гуго.